Социалистік қатынастар дамуына байланысты Қазақстанда 30-іншы жылдар ортасында халық шаруашылығының барлық салаларында социалистік меншік нысаны жетекші болып қалды. Социализм жеңісі 1936 жылғы Конституциясымен бекітілген еді. 50-60-інші жылдары Кеңестк Одақта социализмның толық жеңісі камтамасыз етілді.
Бұл кезде Қазақстанлағы дамыған социалистік қоғам төмендегілермен сипатталған: күшті материалды-техникалық база; социалистік (жалпы халықтық) меншікке, достық пен әрекеттестікке негізделген жоғары дамыған қоғамдық қатынастар; әртүрлі ұлттардың өкілдерінен, еңбекшілерден тұратын, біртұтас идеологиямен, жалпы мақсатпен біріктірілген кеңестік халық; ғылым, ағарту, денсаулық сақтау салаларындағы жоғары денгейі.
Даму екпіні бойынша Кеңестік Қазақстан көп дамыған капиталисттік мемлекеттерден асып кетті. Оның аумағында мұнай, газ, машинақұру, металлургиялық, химиялық, жеңіл азық өнеркәсібі жоғары дамыды.
Бұл Қазақстанның экономикалық мүмкіндіктерін көбейтіп, көлік, ауылшаруашылық дамуына тиісті негіз салды. Х бесжылдық ішінде Қазақстан аумағында 200-ден астам жаңа кәсіпорындар, олардың қатарында Павлодар мұнай-өңдеуші, Жамбыл фосфорлық, Степногорсктағы подшипникзауыттары ашылды.
Дамыған социализм дәуірінде Қазақстан заңшығарудың көп жағымды өзгеістер пайда болады, олардың ғылыми дәрежесі мен әлеуметтік негізі асты. 1959 жылы ҚКСР-сының Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстері бекітіліп, мұндай денгейдегі бірінші ұлттық қайнар көздерге айналды. Өткені, бұған дейін республикамыз аумағында РСФСР кодекстері әрекетте еді.
Бұл кодекстерде заңдылық принциптерін нығайту, мүліктік қатынастар негізін анықтау, ұжымдар, азаматтар мен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу мәселелері анықталған еді.
Меншік құқығын реттейтін нормалармен заңсыз пайда табуға қарсы, алып сатушылыққа(спекуляция) қарсы ережелер белгіленген еді.Азаматтық іс жүргізу кодексінде азаматтық, еңбектік, әкімшілік, отбасылық т.б. қатынастардан туындайтын дауларды сотта қарау меселелері анықталды.
6 август 1969 жылы Қазақстан Р-сы Жоғары Кеңесінің сессиясында “Неке және отбасы туралы” кодекс бекітілді. Бұл актіде отбасы мүшелерінің өзара құқықтары мен міндеттері, материалды міндеттіліктердің мәселелері, ата-аналық құқықтардан айру, әкелікті анықтау, аты-жөнін өзгерту және басқа да қатар мәселелер анықталды.
1971-72 жылдары ҚКСР-сының Жер және Су кодекстері қабылданды. Олар тиісті салалардағы қоғамдық қатынастарды реттеу, жер пайдалану, ұжымдық жер пайдалану, еңбекшілердің бау-бақшамен шұғылдану мүмкіндіктерін анықтаған еді.
Бұлардан басқа 21.07.1972 жылы”ҚКСР-сы туралы заңдар кодексі”, 4 август 1976 жылы”Жер қойнауы туралы”, 11.08.1978 жылы “Орман кодексі, 1978 жылғы “Тарих пен мәдениет ескерткіштерін қорғау және пайдалану туралы” заң, 1206.1981 жылы”Жануарлар дүниесін қорғау туралы” , “Атмосфералық әуені қорғау туралы” заңдар, “Тұрар үй кодексі (июнь 1983 жылы), “Әкімшілік құқықбұзушылық туралы” кодексі қабылданды.
1937 жылғы Қазақстан Конституцияның қабылданғаныннан 41 жыл өткеннен соң, ол жаңа Конституциямен ауыстырылды. Мұның себебі ішкі және сыртқы экономикалық,әлеуметтік, саяси өзгерістерде еді. Олардан ең маңыздыларын айтатын болсақ, өзгерістер төмендегідей болған:
- КСРО құрамына басқа республикалар қосылуы;
- мемлекеттік басқару органдары құрамындағы өзгерістер;
- әкімшілік –аумақтық құрылыстың өзгеруі;
- республикалардың заңшығару, сот жуйесін құрудағы құқықтарының кеңеюі.
Бұл өзгерістерді есепке ала, КСРО-ның жаңа Конституциясы, демек одақтас республикалардың да Конституциялары жаңадан жазылуы тиіс еді.
20 апрель 1978 жылы Қазақстан КСР-сы Жоғары Кеңесінің ҮП сессиясында бір дауыстан Республиканың жаңа Конституциясы қабылданды. Әріне, ол КСРО Конституциясының жүйеқұрушы принциптері мен ережелеріне сәйкес жазылған болып, сонымен бірдей республиканың ерекшеліктерін, оның жаңа заңшығаруын да қамытып алды.
Онда Қазақстан Кеңестік Социалистік Р-сының қоғамы жұмысшылардың, шаруалар мен интеллигенцияның, барлық еңбекшілердің еркі мен мүдделерін қорғаушы және жүзеге асырушы жалпы халықтық мемлекет есебінде сипатталған.
Жаңа Конституцияда халық депутаттары Кеңестері іс-әрекетінің принциптері мен жуйесін анықтады. Мемлекеттік аппараттың негізін орталық, регионалды және жергілікті халық депутаттарына Кеңестері құрайтын болды. Оларға барша өкілеттіктер берілді.
КСРО Конституциясымен Қазақстан Р-сыныңқарауына берілген мәселелердің барлығын қарау Қ Р-сы Жоғары Кеңесінің құзыретіне берілді.
Жаңа Конституцияда жергілікті халық депутаттары Кеңестерінің қызметі нақты анықталды. Оларға тек жергілікті маңызы бар мәселелерді шешу ғана емес, бәлкім барлық аумақта мемлекеттік, шаруашылық, мәдениеттік құрылыспен басқару, кәсіпорындар мен мекемелер барлығының іс-әрекетін сәйкестендіру және қадағалау деп белгіленген.