Қазақстанның саяси, экономикалық, мемлекеттілікті дамыту бағыттардағы жетістіктері, жұмысшы және шаруа таптарының қалыптасуы, өнеркәсіп пен ауылшаруашылығындағы жеңістер, оның КСРО құрамындағы рөлі мен маңызы жоғарылуына әкеп соқты.
Бүкілодақтық Коммунистік Партияның Орталық комитеті жоғарыда айтылған одақтас халықтардың өміріндегі үлкен өзгерістерді есепке ала КСРО–ның жаңа Конституциясын қабылдау қажеттігін мойындап, Конституциялық Комиссияны құрады (1935 жылы). Бұл Конституция жобасында Қазақ автономиялық кеңестік социалістік р-сыодақтас республикаға айналдырылуы көзделген еді.
Бүкілхалық талқылауыннан өткен бұл жоба 5 декабрь 1936 жылы өткізілген төтенше КСРО Кеңестері ҮШ съезімен қабылданды. Бұл акті қазақ кеңестік ұлттық мемлекеттілігінің дамуында ерекше тарихи маңызға ие. Қазақстанның одақтас республикаға айналуы оның бүкіл дамуының барысымен, қазақ халқының еркімен серттелген еді.
Құрылған Конституциялық комиссия Қазақ Р-сы Конституциясының жобасын істеп шығып, оны халық талқылауына ұсынады. 26 март 1937 жылыАлматыда өткен Төтенше Х Кеңестердің Бүкілқазақстан съезінде бұл жоба бекітіліп, Қазақстан Кеңестік Социалистік Р-сы Конституциясы есебінде күшке енеді.
Конституция 124 баптан, 11 тараудан тұрган еді. Ол Одақ конституциясына толық сәйкес еді. Бұнымен одақтық заңдардың одақтас республикалары заңдары алдында приоритетттігі қамтамасыз етілді
Конституцияда қазақ халқының патшалық пен ұлттық буржуазияның қанаушылығыннан бостылғандаға туралы жарияланды, әйелдердіңқұқықтары қорғалатыны көрсетілді. Онда Қазақстан Р-сы тәуелсіз социалистік мемлекет екені анықталуы, оның ерікті түрде КСРО –ға басқа тең республикалармен бірге қосылуы көрсетілді.
Экономикалық және шаруашылық мәселелердібіртұтас жалпы мемлекеттік жоспар мен бюджет негізінде шешу үшін, қорғану мәселелерді қамтамасыз ету үшін ҚКСР басқа республикалармен теңдей өз құқықтарының бір бөлігін КСРО Үкіметіне беру ескерілген еді. Одақтас республикалараумақтарының дербестігі, оның шекаралары жоғары органдарының келісімінсіз өзгеру мүмкін еместігі, өз елдерінде дербес толақұқықты билікті жүргізуге құқықтары Одақ Конституциясыменмойындалған және кепілденген еді.
Республика Жоғары Кеңесіне (4 жылға жалпыға бірдей,тең және тікелей, кұпия дауыс беру жолымен сайланатын ) республиканың барлық аумағында толық заңшығару билігі берілген еді.
Аралықта қызметті атқаратын оныңПрезидиумы болып қалады. Атқару билікті Үкімет-Халық Комиссарлары Кеңес- жүзеге асырып отырды. Ол Жоғары Кеңес және оның Президиумы алдында жауапты еді.
Онда жергілікті мемлекеттік билік органдары- жергілікті депутаттар Кеңестері туралы Ү тарауында олардың мәдениеттік–саяси, шаруашылық құрылыспен басқарудағы құқықтары мен міндеттері, басқару тәртібі белгіленген еді.
Конституцияда Республиканың бюджеті, сот және прокуратура органдарының құру және іс-әрекетін жүзеге асыру негіздерін белгілеу қарастырылған еді. Онда нақты аумақта көпшілікті құрайтын ұлттың тілінде сот ісін жүргізудің мүмкіндігі көзделген еді.
Бұл Конституцияда еңбекшілердің еңбекке, демалысқа, білім алуға, кәрілік бойынша материалдық қамсыздандырылуға, әр түрлі ұлттардың, сондай-ақ әйелдермен еркектердің өзара теңқұқықтылығы, сөз бен шерулерге, мәжіліс пен жиын өткізуге, әр түрлі қоғамдық ұйымдарға бірлесуге құқықтар кепілденген еді.
Барша азаматтарға бірдей міндеттер: Конституцияны сақтау, заңдарды орындау, еңбек тәртібін сақтау, қоғамдық борышын құрметтеу, социалистік меншікті сақтау, т.б. жүктелді.
Азаматтық құқық: Социалистік меншіктің жетекші нысаны ретінде өндірістік құралдар мен қаражаттарға мемлекеттік меншік танылды, ал оларға жалғыз ғана иеленуші ретінде Кеңестік социалистік мемлекет болды.
Мемлекеттік меншік бүкіл кеңестік халықтың қажеттіктерін қандыруға арналған болды.
Мемлекеттік кәсіпорындар, ғимараттар мен құрылыстар мемлекеттік органның біреуіннен екіншісіне ақылы негізде өткізуге тыйым салынды. Осындай өткізу тек одақтық органның қауылысымен ғана жүзеге асырылу мүмкін еді.
Социалистік меншіктің басқа нысаны ретінде ұжымдық шаруашылық-кооперативтік нысанның дамуына да жол берілді. Ол кеңестік қоғамның экономикалық негізінің маңызды бөлігі ретінде бағаланып отырды.
Бюджеттік және басқа да шаруашылык жоспарлар бойынша бөлінетін қаржылар тек белгіленген мақсаттарда ғана қолданылу мүмкін еді. Ұжымдық –шаруашылық меншік те мемлекеттің аса қатаң қорғауына алынған еді.
Жер құқығы:
Жердің басым бөлігі ұжымдық жерпайдаланушылардың қолына берілді. Берілген жерлерді тұрақты мерзімсізжәне тегін шаруашылық пайдалану принципы енгізілді. Жер берілуі туралы мемлекеттік актіде оның мөлшері, орналасуы анықталатын болған .