Азаматтық соғыс пен шетелдік интервенция кезінде мемлекеттік басқару органдардың жуйесі ревкомдардан құрылған болып, негізіндежауды тойтаруға, азық-түлік бағдарламасын жүзеге асыруға, тәртіптіліктіорнатуға өзінің үлкен үлесін қосты.
Соғыс аяқталғаннан соң Қазақ өлкесімен басқару үшін қазақ халқының ұлттық мүддесіне сәйкес, ұлттық мемлекеттілікті жарату мақсатында В.И.Ленин мен Калинин Совнарком мен ВЦИК атынан “Автономиялық Қырғыз кеңестік социалистік республикасын құру туралы” декретке 26.08.1920 жылы қол қояды.
Декретпен республиканың шекаралары мен аумағы анықталды, республикамен басқаратын мемлекеттік билік жоғары органдарының жүйесі құрылды.
Мемлекеттік өмірдің жекелеген салаларымен басқару үшін12 халық комиссариаттары құрылды. Біртұтас саясат өткізу үшін оларды басқаратын басшылар РСФСР-дің тиісті халықкомиссариатарымен келісілген жағдайда тағайындалуы тиіс еді.
ҚАКСР-сына қажет қаржылар РСФСР қаржыларынан бөлінуі көзделген еді. (декреттің 8-бабы). Дегенмен, ұлттық мемлекеттілікті қалыптастыру мәселесі қазақ халқының еркіне сәйкес жүзеге асырылғанын ұмытпауымыз керек.
Автономиялық Республиканың еңбекшілерінің осы еркін білдіру және заңшығару нысанында бекіту үшін 1 октябрь 1920 жылы өткізілген қазақ өлкесінің бірінші партиялық мәжілісі “ҚАКСРеңбекшілері құқықтарының Декларациясы” жобасыністеп шығарды және ол 6 октябрь 1920 жылы өткен Бүкіл Қазақ Кеңестерінің құрылтай съезімен бекітілді. Бұл құжатта қазақ жеріндеотаршылдық жойылуы, ескі феодалдық және капиталистттік меншік құқықтар, адаммен адамды қанау жойылуы көрсетілді, кеңестік социалистік автономияұлттық мемлекеттілік нысандарының бірі есебінде мойындалды. Бұл “алашордалық” ұлтшыл автономияны құру және нығайту ұраңдарына қарсы салмақ болды.
Саяси құрылыстың, автономиялық республиканың РСФСР-мен арақатынастарды шешуден басқа, бұл Декларацияда жер, еңбек, экономиканы көтеру, ағартуды жүргізу, әйелдердің , әр түрлі ұлттардың өзара теңқұқықтығы туралы мәселелер де өз шешімін тапты.
Солай етіп, қазақ автономиялық республикасының мемлекеттік билік органдырының жуйесі де белгіленді: Бүкілқазақ Кеңестерінің съезі, Бүкілқазақ орталық аткару комитет, Кеңестік социалистік республикасы халық комиссарларының Кеңесі.