25 октябрь 1917 жылы Ресейде Ленин мен большевиктер партиясы басқарған Октябрь революциясы жеңді. Билік буржуазияның, капиталисттердің қолыннан пролетариат диктатурасы органдарының қолына, кеңестерге өтуі жарияланды.
Большевиктер құрмақшы болған кеңестік мемлекеттің болашағы империяның құрамына кірген көп ұлттарды, халықтардыбіріктіре алуына, барлығына бірдей жағымды ұлттық идеяны табуына және оны жүзеге асыруына байланысты болғаны айқын еді.
Бұл мәселені Ресей патшалығы, оның Үкіметі шеше алмады: буржуазиялық қоғамдағы еңбеккерлер мен канаушылар қатынастары бірдей болуы, өндірістік құралдарға жеке меншік болуы шарасыз адамдарды ажыратып, ұлттық қайшылықтарды және теңсіздікті күшейтіп отырды.
Ленин өзінің “Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу құқығы туралы” шығармасында бұл мәселелерді шешу идеясына мынадай анықтама берді: “Ұлттардың өз тағдырын өзі шешу дегенде олардыңбөтенұлттық ұжымдардан мемлекеттік бөлініп шығуытүсініледі, дербес ұлттық мемлекет құрылуы түсініледі”. Осымен әр бір ұлттың өз мемлекеттік құрылысында, “өз” мемлекетін құру тәжрибесін арттыруда теңдігі мойындалды.
Осы идеяны жүзеге асыру мақсатында, 7 ноябрь 1917 жылы болып өткен жұмысшыларменшаруалар депутаттары Кеңестерінің Бүкілресейлік съезі қабылдаған “Бейбітшілік туралы” декретінде барлық соғысып жатқан халықтар менолардың үкіметтеріне аннексиясыз және контрибуциясыз әділетті демократиялық бейбітшілік туралы келіссөздерді дереу бастау ұсынылды және барлық халықтардың бостандығы және теңқұқықтығы жарияланды.
Бұл бағыттағы бірінші заңшығару актісі “Ресейхалықтары құқықтарының Декларациясы” болып тұрды.Ол 2 ноябрь 1917 жылы шығарылып, онда шаруаларды помещиктердің билігіннен босату, помещиктердің жерге меншігін жою, солдат пен матростарды генералдар билігіннен босату, жұмысшыларды капиталисттердің зорлық-зомбылығыннан босату туралы айтылды. Кеңестік мемлекеттің мақсаты- Ресей халықтарының ерікті одағын құруды жүзеге асыру деп жарияланды.
Бұл акті көп ұлтты Кеңестік социалистік мемлекет құру үшін заңды негіз болып қалды, және қазақстан еңбекшілерінің революцияны өз жеңісі деп мойындауына, және оны қолдауына әкелді.