1991 жылы мемлекеттік тәуелсіздікке жеткеніміз Қазақстан алдындаөтеқүрделі проблеммалардың бір қатарын қойды. Олардың негізгілері болып мемлекеттік құрылымдарды қалыптастыру және саяси, экономикалық реформалар үшін құқықтық базаны құру болды . Дегенмен, осыған суйене қазақтардың мемлекетттілік тарихы тек ХХ ғасырдың басыннан ғана басталдыдеуге болмайды. Өйткені, шін мәнде, әлеуметтік қатынастардыреттеуші арнайы институттар ретінде еліміздің аумағындағы мемлекет пен құқық біздің заманымызға дейін-ақ пайда болған. Мыңжылдықтар ағысында саяси және құқықтық жуйелер өзгеріп, бірі бірін ауыстырып жатты. Әлбетте бұл ауысулар кез-келгендей емес, бәлкім, танылған нақты заңдылықтарға сәйкес өткен. Дегенмен, Қазақстанда 3 мыңжылдыққа жуық қожайындық еткен ерекше өндіру тәсілі (яғни, жерге қауым меншігі мен маусымдық–жайылым малшаруашылығына негізделген болып), саяси және құқықтық қатынастардың өзгеше қалыптасуына өз әсерін тигізеді.
Мемлекет пен құқық пәндер мен ғылымдардың бір қатарымен зерттеледі. Біз оқып жатқан пән олардың арасында қайсы орынға ие ?
Қ Р-сы мемлекет пен құқық тарихының пәні болып :
-мемлекеттік –құқықтық жүйелердің пайда болу және даму процесі, тарихтың әрқандай кезеңдерінде қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтыңмәні мен ролі ;
- көшпелі өндіру тәсілінің ерекшелігімен серттелген мемлекеттік–құқықтық элементтерінің нысандары мен мазмұндарындағы өзгешелік тұрады .
Қ Р-сының мемлекет және құқық тарихы өзіндік зерттеу әдістерге ие: яғни, әдіс дегеніміз бұл қайсы бір затты, құбылысты, оқиғаны зерттеу үшін қолданылатын әрекеттердің, тәсілдердің, операциялардың дәйектілігі,анықталған тәртібі. Мемлекет пен құқық тарихында қолданылатын әдістерді төмендегі топтарға бөлсе болады:
- Жалпы философиялық, яғни, диалектикалық және метафизикалық әдістер .
2 . Жалпы ғылыми әдістер:
Тарихи әдіс бұл зерттеу объектісінің уақытта қозғаласын, өзгеруін анықтау- шы әдіс.
Логикалық әдіс құбылыстардың ішкі мәнін анықтайды. Одан басқа бұл тапқа абстракция, индукция, дедукция, талдау, синтез, жазып баяндау, өлшеу т. б .
- Арнайы әдістер: оларға тарихи–салыстырушы, (құбылыстардыұқсастығы және айырмашылықтары бойынша зерттейді); тарихи–типологи ялық, тарихи-жуйелілікәдістер кіреді .
4 . Жеке әдістер – құбылыстың ол немесе басқа жағын сипаттаушы, белгілерін анықтайтын әдістер.
Объектіні зерттеуде қолданылатын әдістердің бірлестігі тарихи-құқықтық әдістемелікті құрайды .
Мемлекет пен құқық тарихы гуманитарлықғылымдардың жүйесінде қалай болса, заң ғылымдары арасында да солай, ерекше орынға ие. Өйткені, ол бір жақтан азаматтық тарихпен тығыз байланысты болса, екінші жақтан мемлекет және құқық теориясымен тығыз байланысты. Азаматтық тарихтан оны ажырататыны–мемлекет пен құқық тарихытарихи процестіңтек бір аспектісін ғана зерттейді. Ал, мемлекет және құқық теориясынан оны зерттеу объектісінің өзгеруі уақыт бойынша (мемлекеттер бойыншаемес) қаралуы ажыратады. Қазақстан мемлекеті мен құқығы тарихының мәні оның мемлекеттік-құқықтық жүйелердің даму заңдылықтарын ашуында және негіздеуінде болады. Өз кезегінде бұл кәзіргі таңда бар саяси–құқықтыққатынастарды талдау мен түсіндірудің ғана мүмкіндігін емес, бәлкім олардың болашақтағы даму жолдарын болжаудың мүмкіндігін де береді .
Солай етіп, мемлекет пен құқық тарихы мемлекет және құқық теориясымен, сондай-ақ философиялық ғылымдармен бірдей барлық заң пәндердің методологиялық негізін құрайды .
Кез-келген тарихи пән сияқты, Қазақстан мемлекет және құқық тарихы да құбылыстар мен оқиғалардың ішкі байланыстары негізінде оларды уақытта бөле алуы тиіс (яғни, оларды қайсы бір дәуірлерге біріктіре білуі қажет). Тек осы жолмен ғана мемлекеттік –құқықтық жуйелердің дамупроцестерін зерттеу мумкін.
Мұндай дәуір-кезеңдерге бөлудің әр түрлі негіздері болуы мүмкін. Осындай негіз ретінде біздер, біріншіден, мемлекеттердің түрлерінің, бас- қару нысандарының және мемлекеттік құрылыс нысандарының өзгеруін, екіншіден, құқық нормалары жуйесінің дамуын, үшіншіден, Қазақстан аумағында орнықтаған мемлекеттердің халықаралық құқықтық қабілетін түсіне аламыз .
Осы критерийлерге суйене, мемлекетіміз бен құқымыздың тарихында төмендегі кезеңдер ажыратылады:
- Қазақстан аумағында мемлекет пен құқымыздың туындау қезеңі (дәуірі);
- Қазақстандағы көшпелі жұртта мемлекеттік–құқықтық жуйелердің даму кезеңі;
- Қазақстандағы көшпелі жұрттың мемлекеттік–құқықтық жүйелерінің дағдарысы және жоюы.
- Қазақстанның Ресей және Кеңестік Одақ құрамындағы конституциялық эволюция дәуірі.
- Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік–құқықтық жүйесінің қалыптасу дәуірі.