Статистикалық бақылауды ұйымдастыру мәселелері – бақылауды іске асыру амалдарын және статистикалық жиынтықты шығарудың негізгі жолдарын анықтауды білдіреді. Мұндай мақсатты іске асыру жолында бақылау нысаны, бақылау түрлері мен тәсілдері, он іске асыратын құралдар анықталуы керек.
Статистикалық бақылаудың алғашқы, әлі толық өңделмеген мәліметтері бақылау нысандары бойынша анықталады. Бақылау нысаны дегеніміз, алғашқы мәліметтерді дайындау үшін, арнайы мамандармен жүргізілген, жекеше сипатталатын қызмет түрі болып табылады. Статистикалық бастапқы сандық мәліметтерді шығару бір ғана амалмен немесе бір ғана қызмет түрімен жүргізілмейді. Қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметін анықтау үшін, сол салака қолдануға ыңғайлы белгілі бір қызметтің орындалуын талап етеді. Яғни бақылау нысаны, әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жиынтығын анықтау үшін, белгілі бір қызметкерлермен іске асырылатын қызмет түрн білдіреді.
Құбылыстың сандық мәліметі екі нысанмен анықталады: есеп беру және арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау.
Есеп беру – төменгі топтардағы мекемелердің тіркелген құбылыстар және өздерінің қызметі туралы жоғары тұрған органға немесе статистикалық органға арнайы белгіленген құжаттар түрінде сандық мәліметтер тапсыруын білдіреді. Есеп беру туралы ар най құжаттардың сандық мәліметтері, бастапқы есепке алу құжаттарынан (статистикалық формулярлардан) алынады. Ал бастапқы есепке алу құжаттары, тиісті мекемелерде қаралуға жататын құбылыстардың, уақиғалардың пайда болу уақытына қарай тіркеуге алынғанын растайтын, әрі ол құбылыстың елеулі белгілерін көрсететін құжат болып табылады. Яғни есепке алу құжатының мәліметтері бастапқы есеп жүргізу құжаттарынан алынады.
Есеп беру – салаларыбойынша мемлекеттік және ведомствалық есеп беру түрінде жүргізіледі. Мемлекеттік есеп беру- барлық салалық статистикаларға міндетті болып табылады және оның негізгі көрінісі мемлекеттік статистикалық органға берген түрінде көрінеді.
Ведомстволық есеп беру – салалық статистиканы іске асыратын мекеме, органдардың өз ішінде жүргізіледі. Қоғамдық өмірдің салалары бойынша қызмет атқаратын барлық мекемелер, мемлекеттік бақылаудың іске асырылуы үшін өзінен жоғары тұрған органға есеп береді және қызметі бойынша тәуелді болады.Төменгі бағынышты мекемелер жоғары басқарушы мекеменің алдында есеп бергенде, ол жоғары тұрған мекемеге сол құбылыстың сандық мәліметі белгілі болады. Мемлекеттік қызметтің салаларына жетекшілік жасайтын министрліктердеде статистикалық бөлім жұмыс істеп, олар статистикалық мәліметттерді қабылдап өңдеумен айналысады.
Арнайы ұйымдастырылған статистикалық бақылау – қажеттілігіне қарай, көбінесе белгілі бір уақыттарда ғана жүргізілумен ерекшеленеді. Мұндай бақылау нысанының өмір сүруінің себебі, ол барлық қоғамдық құбылыстардың сандық мәліметін анықтау – есеп беруге сәйкес келе бермеуінде болып табылады. Егер есепке алуға жататын құбылыс түріне мемелкеттік қызмет үнемі жүргізілсе, онда бақылау нысаны, есеп беру түрінде анықталады. Ал егер статистикалық есепке алынуға жататын құбылыс түріне үнемі бақылау жүргізілмесе, онда он есепке алу – белгілі бір уақыттар өткеннен кейін, қажет деп танылған уақыттарда жүргізіледі және арнайы ұйымдастырылған бақылау жұмысы түрінде жүргізіледі.
Үздіксіз бақылау – статистикалық зерттеуге жататын құбылысты пайда болу уақытына қарай сепке алуды білдіреді және бақылаудың бұл түрі, пайда болу кезінен-ақміндетті түрде тіркелуге жататын құбылыстарға қолданылады. Демек, Үздіксіз бақылау – үнемі тіркеуге алынуға жататын құбылыстар бойынша жүргізіледі.
Үземелі бақылау – зерттелуге жататын құбылыстарды пайда болу уақытына қарай емес, сандық жағы анықталуы керек деген уақытына қарай бақылаудың жүргізілуін білдіреді. Мұндай бақылау құқықтық статистикалық зерттелуге жататын құбылыстарға қолданылмайды. Үзілмелі бақылауда бақылау жүргізудің келесі мерзімі анықталуы да, анықталмауы да мүмкін. Ол, зерттеуге жататын құбылыстың сандық жағында елеулі өзгерістер орын алатын себептер, уақыттар болды дегенде жүргізіледі.
Кезеңдік немесе дискреттік бақылау-бақылауға жататын құбылысты белгілі бір кезең өткеннен кейін бақылауға алуды білдіреді. Кезеңдік деп аталу себебі, ол нақты қоғамдық құбылыстың түріне баылау өткізілгеннен кейін, оған келесі бақылау жүргізу уақыты да анықталады. Уақытына қарай бақылаудың бұл түрін мысалына халық санағы жатады. Халық санағы әрбір он жылда өткізілп отыруы керек, яғни халық санағы өткізілгеннен кейін, келесі халық санағы 9 жыл өткеннен кейін өткізіледі. Демек, мұндай бақылаудың өткізілу кезеңдері белгілі болады.
Жаппай бақылау – жиынтыққа жататын бірліктерді түгал есепке алуды, яғни жиынтық бірліктерін 100 пайыз көлемінде қамтуды білдіреді.
Құқықтық статистикалық бақылауға жататын құбылыстар немесе құқық бұзушылықтар және ол бойынша жүргізілетін құқық қорғау органдарының қызметі, толық бақылау түріне жатады. Бірақ қылмыстық құқықтық статистикалық мәліметтер барлық жасалған қылмыстардың жиынтығын емес, тек оның ішінде қорғау органдарына мәлім болған қылмыстардың санын білідіреді.
Толық емес бақылау – зерттелуге жататын құбылыстың жиынтық бірліктерін түгел қамтымай, оның бөлігін қамтуды білдіредіжәне соның нәтижесінде статистикалық зерттеудің қорытындысы шығарылады. Жиынтықтың бөлігінің көлемі, жиынтық бірліктерінің жартысын, бүтінге жуығын немесе бірліктердің саны аса көп болғанда тіптен аз бөлігін қамту арқылы анықталады. Толық емес бақылауға қойылатын талап, ол бақылауға алынған бірліктер шамасы бойынша жеткілікті, яғни көп сандар заң талабына сай келетін көлемде болуы керек.
Негізгі массаны бақылау – жиынтықтың нгізгі бөлігін, яғни көпшілік бөлігін қамтуды білдіреді. Статистикалық зерттеудің қорытындысы, осы көпшілік бөлігінің нәтижесінде жасалады. Мұндай бақылауда сол жиынтықтыққа жататын бірліктердің қалған бөлігі зерттеуден тыс қалады.
Монографиялық бақылау – жиынтықтың бір немесе бірнеше бірліктерінің тіркеліп, жан-жақты зерттеугеалынуын білдіреді. Монографиялық бақылауда зерттелуге алынған бірліктер арнайы дайындалған бағдарламамен жан-жақты сипатталады. Бақылаудың мұндай түрі әдетте жеке адамдарға емес, мекемелерге, ұйымдарға немесе тұтас ауылға, жеке шаруашылық субьектілеріне қолданылады. Оның қорытындысы, өзге деөзі тәріздес бірліктерді сипаттайтын қорытынды болып табылады. Мысалы, әдетте есеп беру де келтірілмейтін белгілер бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерініңжағдайын анықтау үшін, бір мекеме жан-жақты зерттеледі. Сондай-ақ қазіргі ауылдардың жағдайын анықтау үшін, шамамен даму орташа екі-үш ауыл алынып, ол барлық көңіл аударарлық белгілері бойынша (мектептің, кітапхананың, моншаның, дүкеннің жұмыс істеуі, еңбекпен қамтамасыз етілуі т.б.) бақылауға алынады. Мұндай бақылау түрінің мәліметі, жалпы ауылдардың жағдайын сипаттайды.
Анкеталық бақылауға зерттелуге алынған адамдарға, мекемелерге сұрағы бар анкеталар жіберіледі және толтырылғаннан кейін бақылау жүргізушіге қайтарылады.Анкеталық бақылау – зерттелуге алынған бірліктердің еркіне байланысты жүргізіледі, сондықтан мұндай бақылауда зерттеу жүргізушіге таратылған анкеталардың барлығы емес, толғандырылғандары қайтарылады. Анкеталық бақылау-құқықтыққұбылыстарды бақылаудың ресми түрі ретінде қолданылмайды. Бақылаудың бұл түрінде, статистикалық органға жатапйтын жекелеген мекемелердің, адамдардың белгілі бір құбылыс туралы сандық мәлімет ресми түрде дайындалуға жатпағанда, жеке өздерінің зерттеуі ретінде қолданылады.Көбінесе мұндай бақылау халықтың белгілі бір уақиға немесе көпшілікке танымал адамдар туралы көзқарасын анықтау үшін жүргізіледі. Сондай-ақ бұл бақылау-бақылауға алынған адамдардың өздері туралы да мәлімет беруі мақсатында қолданылады.
Іріктелген бақылауда зерттелуге жататын бірліктер бас жиынтықтан арнайы береже тәртібі сантала отырып таңдап алынады. Іріктелген бақылауда зерттеуге алынған бөлік, бастапқы жиынтықтың бөлігі болады және өзге толық емес бақылау түрлеріндегідей, көбінесе жеке зерттеушілермен жүргізіледі. Оның басты себебі, жиынтықты түгел қамтитын мүмкіншілік болмауы болып табылады. Келесі себебі зерттеушіге қажетті статистикалық мәліметтің ресми түрде дайындалмауы және ол құбылыстың белгілі бір белгілері бойынша бақылау, топтастыру және талданған көрсеткіштердің дайындалмауына байланысты болып табылады.
Тікелей бақылау – бұл статистикалық жиынтықтың әр бірлігіне және оның белгілеріне бақылау кезінде тіркеушінің тікелей көңіл аударуын, өлшеуін, салмақтарын білдіреді. Мұндай бақылау тәсілін, әдетте сол сала бойынша қызмет жасайтын адамдар қолданады және құбылыстың маңыздылығы басым болғанда тікелей бақылау түрінде жүргізіледі. Мысалы тергеуші күдіктіде, айыпкерде қылмыстың құрамы бар-жоқтығын анықтау үшін, айыпкер адамнан және өзге де қажетті адамдардан (куәлер, жәбірленушілерден) жауап алады, соынмен қатар коректі тергеу амалдарын жүргізеді. Мұндай әртүрлі тергеу әрекеттерін орындау кезінде жиынтық бірлігін және оның басты белгілерін сипаттайтын мән-жайлар ашылады. Осы мән-жайлардың қажеттілері статистикалық карточкаларда көрсетіледі.