Статистикалық бақылау-статистикалық әдістің бір түрі ретінде

Қоғамды жан-жақты сандық мәліметтермен қамтамасыз ету және әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашу үшін, ең алдымен қажетті құбылысқа жаппай бақылау жүргізу керек. Статистиканың осындай қоғам, мемлекет алдындағы міндетін іске асыру үшін, бақылау жүргізу жұмысына белгілі бір міндеттер, талаптар қойылады. Басқаша айтқанда, статистикалық зерттеу жұмысының дұрыс, әрі сапалы, өмір шыныдығына сәйкес келетіндей сандық мәлімет беруі, ол құбылысты бақылау жұмысының дұрысжүргізілуіне байланысты болып табылады.Статистикалық бақылау әдіснің мағынасы, саны көп құбылыстарды, уақиғаларды сандық жағынан зерттеуге алу үшін, ол құбылыстар туралы қажеттімәліметтер жинауды білдіреді. Қоғамдық құбылысты бақылау кезінде, сол құбылысқа жататын уақиғалар қаншалықтытолық тіркелсе, статистика ол құбылыстыңсандық жағындағы өмір шындығын соншалықты дәл анықтайды. Статистиканың өзі бастапқы нақты қоғамдыққұбылыстарды барынша толық қамтып ол туралы мемлекетке мәлімет беру мақсатында пайда болған таным. Бұл талап қазіргі статистикада да қолданылады және кейінгі сатыларда жүргізілетінстатистикалық зерттеулер жұмысының дұрыстығына кепілдік береді.

Статистикалық зерттеу жұмысы ұзақ, белгілі бір әдістердің кезектілікпен қолдануын қажет ететін жұмыс. Бақылау – сол жұмыстардың, әдістердің алғашқысы болып табылады. Сондықтан, статистикалық бақылаудың мазмұны мен ол жұмыстың сапалы атқарылуы, жиналған мәліметтерді әр түрлі елелулі белгілері бойынша топтастыру, өңдеу және талдау кезеңдерінің ғылымилығына үлкен әсер етеді. Сондықтан,  статистикалық бақылау – бұл зерттелуге жататын әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың жиынтық бірліктерін елеулі белгілеріне қарай тіркеуге алуды білдіретін және жоспарланған, ғылыми тұрғыдан ұйымдастырылған зерттеу жұмысының алғашқы сатысы болып табылады. Статистикалық бақылау әдісі, құбылыстарды тіркеуге алу арқылы іске асырылады. Әрбір тіркеуге алу жұмысы жиынтық бірлігінің бақылауға алынған, мәлім болғанын білдіреді. Тіркеуге алу – құқықтық статистикада құқықтық реттелуге жататын құбылыстардың құқық қорғау органдарына мәлім болып қана қоймай, оған іс ашылып, қажетті статистикалық карточкалардың толтырылуын білдіреді.Демек, “тіркеуге алу” ұғымы бақылау жұмысының жүргізілгенін білдіреді және оны іске асыратын мекеме, ұйымның қызметі болып табылады.

Статистикалық бақылау жоыпарлы жұмыстың қолданылуын талап етеді. Бақылау жоспары жасалынбай, статистикалық бақылау жұмысы басталмайды және бұл жоспарды бақылау жұмысын ұйымдастыратын мекемелер дайындайды. Бақылау жоспарында қарастырылып отырған әдістің толық мазмұны яғни бақылаудың уақыты, орны, заты, құжаттары, онымен айналысатын мекемелер т.б. анықталады. Сол себептен бақылау жоспарының жасалуын, статистикалық бақылау әдісінің бастапқы кезеңін құрайды дейміз және бақылау қызметі жоспардың толық сақталуын қажет етеді.

Бақылау жоспарының элементтеріне немесе құрамына мыналар жатиады.

  1. Бақылау обьектісі;
  2. Жиынтық бірлігі;
  3. Бақылау бірлігі;
  4. Бақылау уақыты мен орны;
  5. Өлшем бірлігі;
  6. Бақылау бағдарламасы;
  7. Нұсқаулар және дайындық шаралары;
  8. Бақылау құжаттары.

Бұл бақылау жоспарының құрамдары келесі бөлімдерде жеке-жеке қарастырылады.

Статистикалық бақылау, мағынасы бойынша ғылыми жарақталған, әрі өзге ғылымдардың қажеттілігін өтей алатын қызмет қана емес, ол жаппай құбылыстардың, уақиғалардың тиісті саласы бойынша мемелекеттік қызметті атқаратын мекемелердің негізгі жұмысын немесе үнемі қадағалауын білдіреді. Сондықтан, статистикалық бақылау – тиісті мекемелердің, органдардың өз саласына жататын құбылыстарға қадағаушылық қызметін де білдіреді. Адамдардың денсаулығын қорғау, оған қажетті көмек көрсетуді іске асыру үшін, арнаы медициналық мекемелер жұмыс істеп, осы салаға жататын құбылыстарға байланысты мемлекеттік шараларды іске асырады, сонымен бірге мұндай құбылыстарды сандық жағынан тіркеуге алып бақылау жүргізеді. Сондай-ақ қоғам мүддесіне қарсы бағытталған құбылыстың түрі құқық бұзушылыққада мемлекеттік арнайы бақылау шаралары белгіленіп, осы саладағы құбылыстарды қадағалаушылық ролін арнайы органдар іске асырып қана қоймай, олардың таралуын, қарқынын т.б. анықтау мақсатында арнайы статистикалық бақылау жүргізеді. Бақылаудың нәтижесі немесе жалпы айтқанда статистикалық зерттеудің сапасы нақты материалдарға негізделгенде арта түседі. Қоғамдық құбылыстарды зерттейтін барлық ғылымдар нақты материалдарға негізделу арқылы өз зерттеулерін жарамды, құнды ете алады және осы арқылы ғылыми қорытындыларын негіздеуді дұрыс көреді. Құқықтық статистикада, нақты материалдарға сүйену арқылы өз жұмысын жүргізеді және мұндағы нақты материалдар жеке уақиғалар емес, ол сол топқа жататын уақиғалардың жиынтығы түрінде алынады.

Статистикалық бақылау жұмысын сандық жағынан дұрыс, әрі сапалы мәліметпен қамтамасыз ету үщін, мынандай негізгі екі талап сақталуы керек. Біріншіден, статистикалық бақылауға қоғамдық құбылыстардың ішінен маңызды яғни сандық жағы сұранысқа ие құбылыстар алынуы керек және құбылыстардың бірліктерін алдын-ала дайындалған бағдарламаға сәйкес, елеулі белгілерімен қоса тіркеуге алу керек. Екіншіден, статистикалық бақылау – зерттелугежататын құбылысты сандық жағынан толық тіркеуге алуы керек, немесе қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтарды анықтау мақсатында қолданылғанда, көп сандар заңы талаптарына сәйкес көлемде болуы тиіс.

Статистикалық бақылауға қойылатын талаптардың мағынасына байланысты, статистикалық бақылаудың міндеттерін анықтауға болады. Статистикалық бақылаудың міндеті, статистикалық зерттеудің мақсатына сәйкес, құбылыстың жекелеген уақиғаларын, оларды сипаттайтын белгілерімен қоса қамти отырып толық тіркеуге алу болып табылады.