Құқықтық статистиканың өзге ғылымдармен байланысы, ең алдымен осы ғылымның негізгі бастамалары болып табылатын, статистиканың жалпы теориясымен және тиісті құқық салаларымен, яғни мәселе қылмыстық-құқықтық статистика туралы болса, қылмыстыққұқықпен, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық-атқару құқықтарымен анықталады. Құқықтық статистиканың өмір сүруі үшін, бұл байланыстардың қажетті екендігін бұдан бұрынғы бөлімдерденегіздедік. Яғни статистиканың жалпы теориясы болмаса, онда құқықтық қана емес, өзге де статистика салалары өмір сүруі мүмкін емес. Сондай-ақ құқықтық реттелуге жататын құбылыстар немесе құқықтың салалары болмаса да құқықтық статистика болмайды.
Құқықтық статистика- пайда болу негізімен және өмір сүру мүмкіндігімен ғана емес, даму үшін де статистиканың жалпы теориясының әдістемелеріне және зерттелуге жататын құқықтық құбылыстардың түсінігін, мағынасын, мазмұнын сондай-ақ жүйесін ашатын заң ғылымдарының ережелеріне сүйенеді.
Құқықтық статистиканың мұндай құқықтық ғылымдармен байланысы оңай ашылады және бұл байланыстардың негізгі мақсаты, құқықтық тану салдарын жинақталған, қорғалатын және статистикалық есептеу тәсілдерінен өткізілген сандық көрсеткіштермен қамтамыз ету болып табылады.
Әртүрлі талдау тәсілдері қолданылған сандық көсеткіштерді дайындау – бұл қоғамның осы саладағы қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ғана емес, сондай-ақ қоғам мүдесіне сай келетін немесекелмейтін әртүрлі құбылыстарға құқықтық шаралар қолдану үшін қажет. Сондай-ақ статистикалық мәліметтерді қолдау арқылы құқықтық ғылымдар өз зерттеу обьектілерін жан-жақты толық қарастыра алады, немес сандық мәліметтерді келтіру арқылы , ғылымды жетілдіруге үлес қосады. Құқықтық ғылымдарда статистикалық мәліметтер құқық тәжірибесінің сапасын анықтау мақсатында, яғни ІІМ, Прокуратура, Сот т.б. органдарының қаншалықты үлгілі жұмыстар атқара алатындығы және құқықтық болып табылатын әлеуметтік қоғамдық құбылыстың даму немесе өзгеру болжамына қатысты жиі қолданылады.
Құқықтық статистика – құқықтық ғылымдармен ғана емес, сонымен қатар құқықтық саласына үлес қоса алатын немесе құқық салаларымен сабақтас келетін ғылымдармен да байланысты. Сабақтас ғылымның бір түрі – криминология болып табылады.
Криминология – қылмыстылықты санына қарай жинақтық ретінде ала отырып, оны демографиялық, құқықтық, әлеуметтік, психологиялық т.б. белгілеріне қарай әлеуметтік тұрғыдан қарастырылады. Қылмыстық құқық- қылмыс құбылысын құқықтық тұрғыдан зерттеу отырып, қылмыстың Турін, олардың белгілерін, ауырлататын құрамдарын және жекелеген қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып жаза түрін анықтаумен айналысса, ал криминология қылмысты жиынтық ретінде ала отырып, оған әлеуметтік тұрғыдан талдау жасайды.
Криминологияда қылмыстылыққа әлеуметтік тұрғыдан талдау жүргізудің құралдары анықталған. Ол үшін криминология -қылмыстарды топтастырып, ол қылмыстылықтың түсінігін, оны сипаттайтын белгілерді, қарқынын, өзгерту жағдайларын анықтайды. Мұнымен қатар қылмыскер тұлғаны сипаттайтын құралдарды анықтап келесі тәсіл ретінде жекелеген қылмыстылықтардың себептерімен жағдайларын және оның алдын алу, сақтандыру шараларын қарастырады. Криминология – тиісті талдауын жүргізу үшін статистикалық мәліметтерді қолданады. Мысалы, қылмыстылықтың дамуын немесе динамикасын, сондай-ақ қылмыскер тұлғаларды анықтау, қылмыстылықтың басты себептерін анықтау үшін, жиі статистикалық мәліметтерді келтіреді. Мысалы, Криминологияда жекелеген қылмыстылықтың бір түрі болып табылатын, кәмелетке толмағандардың қылмыстылығын айту үшін, алдымен қылмыстылық түрінің бар екендігін келтіру керек. Ал, бұл қылмыстылықтың бар екендігін растау үшін, тек жасөспірімдердің қылмыстылығы туралы статистикалық мәліметтер келтіру керек. Криминология әрқашанда өз тұжырымының растығын сандық мәліметтер келтіру арқылы дәлелдейді. Сондықтан криминологиямен құқықтық статистиканың арасындағы байланыстар екі жақты емес, біржақты деуге болады.