Статистиканың ұғымы мен мақсаттары

“Статистика” ұғымы XVIII ғасырдың екіншіжартысындапайда болып, алғаш рет Германия университетіндепән ретінде қолданылды. Ол кездерде статистика- мемлекетті сипаттайтын, оның ішінде мемлекеттің жетістіктерін, ерекшеліктерін көрсететін таным ретінде бағалаған еді . Жалпы, “статистика” ұғымы латын тілінің “Status” деген сөзінен шығып, белгілі бір заттардың жағдайы, күйі легенді білдіреді. Бұл сөздің түбірінен алынған “Stato” дегенсөз “мемлекет” дегене ұғымды білдіреді.

Қазіргі кезде статистика белгілі бір қоғамдық құбылыстың сандық жағын білдіретін таным ретінде қолданылады. Статистиканың мұндай мағынада қолданылуын, ерте уақыттармен байланыстыруға болады. Ерте кездердің өзінде-ақ, көптеген патшалықтарданақты құбылыстардың санын білу туралы қажеттілік болған. Мысалы патшалықтағы халықтың, әскердің саны, егін түсімінің көлемі тәріздіт.б. әдеттегі құбылыстардың санын білу.

Кез келгенмемлекет өзінің басты міндеттерінің бірі ретінде, өз аумағындағы барлық қозғалысты, өмір тіршілігін бақылап отыруды көздейді. Ол бақылау – сол мемлекет қоғамындағы барлық салаларға таралады. Нәтижесінде, мемлекет мүддесіне сәйкес келетін немесе сәйкес келемейтінкейбір жағдайлардың беті ашылады. Мысалы, бұрынғы уақыттармен салыстырғанда қылмыстылықтың көп тіркелуі, мемлекетке бұл орайда тиісті шараларды қолдануға негіз болады.

Статистика – тек қана қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейтін таным болып табылады. Қоғамдық құбылыстар ретінде, белгілі бір уақыттарда пайда болатын және белгілі бір уақыттарға дейін өмір сүре алатын болмыстарды түсінуіміз керек. Қоғамдық құбылыстарқоғамдағы қозғалысты білдіретін, ал кейбір түрлері бойыншақоғамды дамытуға немесе әлсіретуге себепші болатын болмыстардан құралады. Қоғамдық құбылыстарға халықтың өсуі немес олардың олардың арасындағы өлімнің деңгейі, өрт, көлік апаттары, жұмысшылардың еңбек өнімділігінің деңгейі т.б. жатады. Міне осы тәріздес қоғамдық құбылыстардың ішіндегі елеулі, маңызды деген түрлерінің саны мемлекетті немесе халықты қызықтыруы мүмкін. Қоғамдық құбылыстар тек белгілі бір қоғамды ортада, яғни қоғам бар жерде ғана кездесе алады. Қоғам болу үшін, ол жерде ол қозғалысқа итермелейтін қоғам мүшелері яғни жан-жақты болып көріне алатын адамдар немесе субьектілер тобы болуы керек. Қоғамдық орта жоқ жерде қоғамдық құбылыстар пайда бола алмайды. Әйтсе де, статистиканыадамның қатысуы болған жерлерде ғана қолданылады екен деп түсінуге болмайды. Статистика- табиғат көзінің бір түрі ретінде деп санауға болатын жан-жануарлардың да сандық жағын өз зерттеуінің обьектісі ретінде ала алады. Сонымен, статистика – ең алдымен қоғамдық құбылыстарды, оның сандық жағын зерттейді деп түсіну керек. Егер белгілі бір құбылыс қоғамдық құбылыс ретінде бағаланбаса немесе қоғамдық құбылыстың қатарына жатпаса, ондай құбылыстар статистиканың зерттеу обьектісіне жатпайды.

Статистика – қоғамдық құбылыстың мағынасын, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық құбылыстың түсінігін, мәнін, яғни түсінігін зерттейтін таным саласы емес. Кез келген қоғамдық құбылыстың түсінігін, мәнін, мазмұнын ашуға, оны зерттеуге болады. Бірақ бұл статистикада емес, сол құбылыстың түрін арнайы зерттейтін ғылымда жүргізілетін жұмыс. Мысалы, экономикалық құбылыстардың түрлері, олардың түсінігі, экономика немесе оған ұқсас таным түрлерінде ашылады. Немесе қылмыс деген ұғымның не екенін, оның түсінігін, қылмыстың түрлерін қылмыстық құқық ашады. Яғни статистика қоғамдық құбылыстар түрлерінің мағынасын ашумен айналыспай, бірден дайын түсінікті қолданады.

Статистика қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттейді дедік. Әрбір қоғамдық құбылыс белгілі бір уақыттабелгілі бір аумақта өз себептеріне қарай пайда болатындықтан, олардың саныболады. Мысалы, перзентханада бірадам дүниеге келді десек, бұл құбылыстың саны біреу, ал бір күнде он сәби дүниеге келді десек, бұл құбылыстың10 болады. Статистика осындай құбылыстардың санын ала отырып, оларды осы ғылымда белгіленген әртүрлі есептеу тәсілдеріне алады. Әр түрлі есептеу тәсілдеріне алу дегеніміз, статистиканың қызмет көрінісі болып саналатын, қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу болып табылады. Қоғамдық құбылыстардың сандық жағын зерттеу- статистиканың өзіне ғана тән, тек осы ғылым саласында ғана кездесе алатын негізгі қызметі деп түсіну керек.

Статистика – қоғамдық құбылыстардың сандық жағын белгілі бір уақытқа және кеңістікке (аумаққа) қарай зерттейді дедік. Бұл сөздің мағынасын мынандай қарапайым мағында түсінуіміз керек. Зерттеуге алынатын құбылыстың түрі қоғамдық құбылысқажататындықтан, ол құбылыстар белгілі бір уақытта және кеңістікте ғана пайда бола алады. Кез-келген пайда болған құбылыс белгілі бір уақыттың, яғни белгілі бір жылдың, айдың, күннің еншісіне жатады. Мысалы өрт оқиғасы болғанда, ол нақты бір күндеріғана пайда бола алады. Сол болған өрт уақиғасы кейінгі статистикалық мәліметтерде белгілі бір айдың , жылдың көрсеткішіне кіреді. Сондай-ақ кез келген қоғамдық құбылыс белгілі бір аумақта жасалады. Жоғарыда келтіріліп отырған өрт уақиғасы аумағы бойынша белгілі бір облыстың, ауданның жерінде ғана бола алады және сол жердегі осындай уақиғаның санын білдіреді.

Статистикалық есепке, зерттеуге алынатын құбылыстардың санын қашан да көптеп кездеседі. Себебі, ол құбылыстар сол қоғам үшін үйреншікті, кең таралған, кездесуге мүмкіншілігі бар құбылыстар болып саналады. Егер ол құбылыстың сол ортада пайда болуға мүмкіншілігі елеулі болса, онда ол құбылыстың саны ай, жыл соңында жүздеп, мыңдап саналады. Демек, статистикалық зерттеуге алынатын қоғамдық құбылыстар қоғамға кең таралған, жаппай кездесетін құбылыстар болуы керек. Мысалы, адамдардың дәрігерлік көмек шақыртуы, құқық бұзушылықтың жасалуы, халықтың еңбекке тартылуы т.б. Құбылыстың “жаппай таралған” деп танылуы, ол құбылыстың қоғамдағы тұрақтылығын білдіреді. Сол тұрақтылығының арқасына ол құбылыстар жиі-жиі пайда болып, саны елеулі түрде кездеседі.

Статистикалық есепке, тек саны өзгермелі, яғни үнемі өз ішкі себептеріне қарай пайда болатын құбылыстар алынады. Егер белгілі бір құбылытың саны ешқашан өзгермейтін болса, онда ондай құбылыстардың саны көп болғанның өзінде статистикалық есепке де, оның зерттеуіне де алынбайды. Мысалы, белгілі бір құбылыстың саны бұрынғы жылы 100, биылғы жылы да 100, кейінгі жылы да 100 болып тіркеле беретініне толық сенім болса, яғни саны ешқашан өзгермейтін құбылыс ретінде бағаланса,мұндай жерде статистика керек емес. Себебі ондай құбылыстардыңқоғамдық құбылыстарға да, жаппай кездесетін құбылыстарға жатпайды. Мысалы планетаның, жер материктерінің, аралдардың саны өзгермейді. Мұндай болмыстардың сандық жағын зерттейтін ештеңе де жоқ. Осы жүргізілген тұжырымдардан статистиканың түсінігі былай анықталады.

Статистика дегеніміз қоғамдық өзгермелі құбылыстардың сандық жағын (сапасымен байланыстыра отырып) арнайы тәсілдерді қолдану арқылы зерттеп, олардың сандық жағын бейнелейтін және сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын ғылым саласы болып табылады.

Келтіріліп отырған анықтамадан статистиканы қарапайым және күрделі мағыналарда түсінуге болады. Қарапайым немесе тар мағынада, статистика – қоғамға кең таралған қоғамдық құбылыстардыңсандық жағын зерттейтін таным түрі болып табылады. Ал күрделі немесе кең мағынада статистика – кез келген салака жататын қоғамдық құбылыстарды бір жиынтыққа жатқызып, арнайы белгіленген әдістерді қолдана отырып, олардың сандық жағындағы заңдылықтарды ашатын таным немесе ғылым саласы болып саналады. “Сандық жағындағы заңдылықтарды ашу” деген ұғым – белгілі бір құбылыстардың сандық мәліметін келтіру арқылы, ол құбылыстың өзіне тікелей қатысты қоғамдық құбылыстармен өзара байланыста болуын және сол әсер етуші құбылыстарға қарай оның сандықжағында тиісті өзгерістер болуын білдіреді. Мысалы, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мемелкет тарапынан әлсіз жүргізілгенде, оның үстіне экономикалық дағдарыс орын алған жағдайда, ол қоғамда қылмыстылықтың орын алу қисынды жайт. Мысалы, Қазақстанда қылмыстылықтың ең қарқын алуы 1993 жылы байқалды, 1992 жылы 200873 қылмыс тіркелсе, 1993 жылы 206006, ал 10994 жылы 201796 қылмыс тіркелген. Бұл цифрлар қоғамның сол кездердегі бейнесін көрсетеді. 1993 жылдарға дейін Қазақстанда экономикалық дағдарыстың орын алуына байланысты, 1991 жылдардан бастап қылмыстылық үнемі өсті. Ал 1993 жылдардан бастап, бұл салада мемелкеттің арнайы норматив тік актілер қабылдауына, арнайы шаралар жүргізуіне байланысты, кейінгі жылдары қылмыстылық азая бастады. Статистикада қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы бірнеше заңдылықтар түрлері ашылады.

Статистика қазіргі кезде екі түрлі мағында қолданылады. Бұл екі мағына статистиканың атқаратын негізгі қызметін білдіреді. Статистика біріншіден есеп жүргізуретінде қолданылса, екіншіден ғылым ретінде қолданылады. Статистика өзінің бастапқы кезеңінде есеп ретіәнде қолданылған, яғни мемлекеттердің ішіндегі әр түрлі қоғамдық болмыстардың сандық мәліметін анықтау мақсатында пайда болған және қазіргі кезде де статистиканегізінен осы мақсатты іске асыру бағытында басым қолданылады. Егер статистика қоғамдық құбылыстардың белгілі бір уақытқа және аумағына қарай есебін жүргізу ретінде қолданылмаса, онда ол ғылым ретінде ғана емес, тіпті өмір сүрмеген де болар еді. Мемлекет өз аумағындағы барлық салака есеп жүргізеді және сол есептің көрсеткіштерінеқарай ол салаларға байланысты алдағы міндеттерін анықтап, сол құбылыстың нәтижесі туралы салалары тәрізді, қажеттіліктен пайда болған. Сондықтан статистиканың тарихы көптеген ғасырларды қамтиды және ерте заңдарда-ақ өзінің өмір сүру нышанын байқатқан. 

Статистиканың жалпы теориясысалалық статистикалардың ғылыи негізінде жетекшілік роль атқарады. Яғни статистиканың салалары бойынша қызмет істейтін адамдар статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін, біріншіден өз мамандықтарын меңгерген қызметкерлер болуы керек.

Статистиканың жалпы теориясыстатистика ғылымының ұғымдарын (статистикалық белгілердің түсінігі, түрлері, көрсеткіш, вариация, заңдылықтар терминдерін анықтап, түсіндіреді) және статистикалық зерттеу жұмыстарының әдістерін, сондай-ақ статистикалық зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде міндетті түрде қолданылатын бақылау, мәліметтерді жинақтау және топтастыру, оларға талдау жасаудың негізгі түрлерін қарастырып, үлгі ретінде ұсынады.

Әрбір таным саласының зерттейтін обьектісі және оларды зерттеу әдістері мен құралдары болады. Танымдар өзара осы зерттеу обьектісіне, әдістеріне, міндеттеріне, қағидаларына қарай ажыратылады. Әрбір ғылымның пәні осы аталған жағдайларға қарай өзіндік ерекшеліктерге ие болып, нәтижесінде жеке дара өмір сүру мүмкіншілігіне ие болады. Бұл ғылымды да қарастыру алдында, оның зерттеу обьектісін және тиісті зерттеуін іске асыру үшін қандай әдістер қолданантынын анықтау керек. Аталған жағдайлардың толық түсінігін осы пәнді толық қарастырғанда, меңгергенде ашуға болады. Сондай-ақ статистиканың пәні статистикалық зерттеуге алынатын заттармен, яғни қоғамдық құбылыстардың ерекшелігін анықтаумен ғана емес, осы ғылым саласының мазмұнында қарастырылатын әртүрлі әдістермен, ол әдістерді іске асыру құралдарымен қарастырумен анықталады. Статистикалық зерттеудің заты — әлеуметтік қоғамдық жаппай құбылыстардың сандық жағы болып табылады. Осы критерийге қарай статистиканың салалары пайда болыпжәне барлық статистика салаларына ортақ болып келетін міндеттер мен мақсаттарды орындайды. Ал статистика пәні деген ұғымды ашу үшін, қойылатын міндеттерді іске асыру жолында қолданылуға, іске асырылуға тиісті барлық жұмыстардың мағынасын, көлемін анықтау керек. Яғни статистиканың пәнін осы ғылымда толық қарастыру, оқу кезінде ашуға болады.

Статистика пәні құбылыстарды белгілі бір уақытта және кеңістікте пайда болуына қарай есепке алуды оларды толық көлемде, яғни сол құбылыс түріне жататын барлық уақиғаларды қамтуды мақсат етеді. Мұндай жаппай қамту – статистикалық зерттеулердің нәтижелі, дұрыс жүргізілуіне байланысты ғана емес, ол бұл пәннің өз ғылымын, қоғам қажеттілігі алдындағы міндетін дұрыс атқаруына байланысты. Демек, статистика пәні қоғамдық құбылыстарды жекеше зерттемейді, ол оларды толық көлемде қамтып, бір топқа, жиынтыққа жатқызып барып қана олардың сандық жағының ерекшеліктеріне мән береді. Қоғамдық құбылыстарды жекеше зерттеу, ол статистикалық емес сол құбылыстың түсінігін, түрін, мағынасын ашуға ұмтылуды, яғни өзге ғылымдар салаларының қызметін білдіреді. Ал, қоғамдық құбылыстарды жекеше алып, олардың сандық жағын зерттеуде ешқандай мағына жоқ және ол статистиканы да, басқа ғылымды да білдіре алмайды.

Статистика пәні қоғамдық құбылыстарды, процестерді сандық жағы бойынша бір жиынтыққа алғанда, кейінгі өзінің зерттеуін мәнді, мағыналы, дұрыс орындау үшін, олардың әр түрлі белгілерін қамти отырып алады. Ол белгілер құбылыс үшін ерекше мағыналы, яғни сол құбылыс түріне ғана тән белгілер бола алады, сонымен қатар сол құбылысқа тікелей тән болмаса да оны қосымша тұрғыда сипаттай алатын белгілер болады. Мысалы демографиялық статистикада адамның ұлты, жынысы, денсаулығы; құқықтық статистикада жасалған құқық бұзушылықтың түрі, кінә нысаны, адамның жасы, мамандығы т.б. белгілер. Статистикада осы тәріздес бір жиынтықтың өзінен, әрі қарай ол құбылысты сипаттайтын белгілеріне қарай, жиынтықтың жүйесі пайда болады. Статистикалық зерттеулерде бастапқы жиынтықты әр түрлі белгілеріне қарай топтастыру арқылы, барынша көп кездескен белгінің сол құбылысқа әсер ету себептілі, ол белгінің ролі анықталады.

Статистика пәні әлеуметтік – қоғамдық құбылыстардың жалпы санын, олардың құрылысы туралы мәліметтерді ашып беруді ғана көздемейді, сондай – ақ статистика пәні – алғашқы қарағанда тек кездейсоқтық ретінде бағалауға болатын құбылыстардың сандық жағының кездейсоқтық емес, заңдылық екенін немесе ол сандық мәліметтердің көлемі дұрысқа келетінінанықтайтын және кейбір қоғамдық құбылыстардың даму қарқыны мен заңдылығын ашып көрсете алатын пән. Статистиканың пәнінде аталған жайттарды ашып көрсетуге қажетті, тек осы салада ғана кездесе алатын әдістерді анықтау, оларды жетілдіру де қарастырылады. Әлеуметтік құбылыстар туралыбір тектес статистикалық жиынтықтарды дайындау – статистика пәнінің негізгі міндеті емес, бұл жиынтықтар қоғамның жан-жақты сұраныс талабын қанағаттандыра алатындай қызмет көрсету жолындағы алғашқы қадамдарының бірі болып табылады. Статистика мұндай бастапқы мәліметтердің ішкі құрылысына көңіл бөліп, жиынтық жүйесінің, яғни оның құрамының сандық мәліметін анықтап беруді ескереді.

Сонымен статистика пәні мынандай анықтамамен сипатталады.

 Статистика пәні дегеніміз, біртектес әлеуметтік-қоғамдық құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір уақытқа және орнына қарай арнайы құралдармен, әдістермен сандық жағынан зерттейтін және зерттеуге алынған құбылыстардың құрылымын ашатын, көрсеткіштерін талдайтын, олардың сандық жағындағы заңдылықтарды, шындықты ашатын қоғамдық ғылымдардың бір саласы болып табылады.

Статистиканың мақсаты әлеуметтік-қоғамдық құбылыстардың сандық жағын нақты уақытын және аумағына қарай тіркеуге алып, ол мәліметтермен халықты қамтамасыз ету және зерттеуге алынған құбылыстардың сандық жағындағы тиісті заңдылықтарды ашып беру болып табылады. Бұл екі мақсатты іске асырубарысында статистика осы ғылым саласының міндеттері болып табылатын тиісті құралдарды, әдістерді қолданады, әрі оны жетілдірудің жолдарын қарастырады.

Жалпы, статистиканың мақсаттары, қоғамдық құбылыстардың сандық жағындағы заңдылықтардың пайда болуының себептерін және қоғамдағы атқаратын негізгі қызметтерін білдіреді немесе қоғамның осы саладағы қажеттіліктерін қанағаттандыруды көздейді.