“Қазақстан Республикасындағыжергіліктімемлекеттік басқару туралы” Заң жергілікті өкілді орган ұғымын береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республиасының заңдарына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылады. Осы ұғымда жергілікті өкілді органдарды мемлекеттік тетіктің ерекше бір бөлігіне бөліп шығаратын белгілер қатары келтірілген. Бірінші белгі- бұл сайланбалылық. Бірақ сайланбалылық жергілікті өкілді органдардың айрықша белгісі болып табылмайды. Парламент мәжілісінің епутаттары да сайланады. Конституция аудандық және одан төмен тұрған атқарушы органдардың сайланбалылық мүмкіндігін көздейді. Мәслихаттардың екінші белгісі оларды әкімшілік-аумақтық бірліктер халқы сайлайтыны және сондықтан осы бірліктердің өкілді органдары болып табылатынында.Мәслихаттар әімшілік-аумақтық бірліктің тиісті аумағында тұрып жатқан халықтың еркінбілдіреді. Егер аталған үш белгі жергілікті өкілді органдардың қалыптасу процесін сипаттайтын болса, онда төртінші белгі олардың қызмет саласына жатады. Жергілікті өкілді органдар өз қызметін Қазақстан Республикасыныңзаңдарына сәйкес жүзеге асыруға және халықтың еркін іске асыру үшін қажетті шараларды белгілеуге тиіс. “Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңда аталған осы белгіде “халықтың еркі”дегенде онша дұрыс түсінбеуден туындайтын Конституция қағидасын онша дұрыстамай қайталау бар.
Мәслихаттардың құрылу, қызмет тәртібі және құзыреті.
- Мәслихаттардың құрылуы “Қазақстан республикасының Конституциясымен, Қазақстан республикасының Сайлау туралы Заңымен” және “Қазақстан Республикасындағы Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заңның бірқатар нормаларымен реттемеленеді. Конституцияда мәслихаттардың құрылуына арналған бірнеше нормалар бар. Оларда мәслихаттар әкімшілік-аумақтық бірліктер – облыс, қала, аудан аумағында сайланады деп көрсетіледі. Мәслихаттарды халық жалпыға ортақ, тең, тура сайлау құқығы негізінде құпия дауыс беру жағдайында төрт жыл мерзімге сайлайды.
“Сайлау туралы”Заң мәслихаттарға сайлауды одан көрі толығырақ реттемелейді.
“Жергілікті мемлекеттік басқару туралы” Заң Конституция мен “Сайлау туралы” заңның қағидаларын қайталайды және мәслихаттар депутаттарын сайлау Республикасның сайлау туралы заңдарымен реттемеленеді деп көрсетеді. Заңда тиісті мәслихат депутаттарының санын Республиканың Орталық сайлау комиссиясы мынадай шектерде белгілейді: облыстық мәслихатта,Астана және Алматы қалалық мәслихаттарында – елуге дейін; қалалық мәслихатта – отызға дейін; аудандық мәслихатта- жиырмаға беске дейін.
- Мәслихат Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы белгілегеноның депутаттары жалпы санының кем дегенде төрттен үші сайланған жағдайда құқылы деп саналады. Мәслихат тұрақты әрекет ететлін мемлекеттік басқару орган болып табылмайды. Мәслихат сессиялар бойынша жұмыс істейді, сессия мәслихаттар қызметінің негізгі нысаны болып табылады. Мәслихаттың өкілеттіктері бірінші сессияның ашылу сәтінен басталады және жаңа шақырылған мәслихаттың бірінші сессиясының жұмысы басталғанда аяқталады. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің қайта ұйымдастырылуы (қосу, біріктіру, қайта құру, бөліп шығару немесе бөлу орын алуы) мүмкін.
Мәслихат депутатының құқықтарын үш топқа бөлуге болады: мәслихаттың жұмысына байланысты құқықтар. Оларға мәслихаттың жұмысына қатысу, саяси партиялар депутаттарының депутаттық топтары түрінде бірлестіктер құру және басқа құқықтар жатады; 2) жергілікті атқарушы органдардың қызметімен танысуға байланысты құқықтар. Депутат өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға мәслихаттың құзыретіне жатқызылатын мәселелер бойынша сауалдар беруге және жолданымдар жіберуге; өз құзыретінің мәселелері бойынша тиісті мәслихаттың аумағында орналасқан жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарға лауазымды адамдарының есептемелерін сессияда тыңдау туралы ұсыныстар енгізуге; тиісті әкімдік отырыстарының жұмысына қатысуға құқылы; 3) сайлаушылармен араласу; өз округі сайлаушыларымен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен кездесулер және жиналыстар өткізу құқығы.