ҚР Президенті 1995 жылғы 20 желтоқсанда “Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы” Конституциялық заң күшіне ие Жарлық қабылдады.Ол бес жыл қолданыста болып, елдегі сот жүйесінің аяғынан тұруында оң рөл атқарды. Қоғамдық реалияларсот жүйесін Конституцияда негізі қаланған идеялардың негізінде және оларға сәйкес одан әрі жнтілдіру қажеттігін алға тартты.Президенттің тапсырмасы бойынша ҚР Жоғарғы Соты соттар туралы заңның жобасын әзірледі. 2000 жылғы25 желтоқсанда “Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы ” Заң қабылданды. Аталмыш заңның негізгі мақсаты елдегі сот-құқықтық реформаны одан әрі дамыту болыптабылады. Заңның қағидалары мемлекеттік билікті тармақтарға бөлу конституциялық принципін анғұрлым толық жәнедәйекті іске асыруға, тежегіштер мен қарсы салмақ жүйесін пайдалана отырып, олардың өзара әрекетін күшейтуге бағытталған. ҚР әділ сотын тек Конституцияда аталған сот органдары – сот алқалары, жеке дара судьялар жүзеге асыратын болады.Соттардың пленарлықмәжілістеріне әділ сот атқару құқығы берілмейді.
ҚР сот жүйесі Конституцияға және аталмыш конституциялық заңға сәйкес құрылатын ҚР Жоғарғы Сотынан және жергілікті соттардан тұрады. ҚР Жоғарғы Соты және жергілікті соттар біртұтас сот жүйесін құрайды. Сот жүйесінің біртұтастығын төмендегі факторлар қамтамасыз етеді:
Конституцияда, “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы” Конституциялық заңда, процессуалдық және өзге заңдарда барлық соттар мен судьялар үшін ортақ әділ сот принциптері белгіленген.
Барлық соттар тек республикалық бюджеттен қаржыландырылады. Бұл бір жағынан сот жүйесініңбіртұтастығын нығайтады, ал екінші жағынан- сот билігіне атқарушы билік органдарының тарапынан ықпал ету мүмкіндігін жоққа шығарады.
Аудандық және оларға теңестірілген соттар жергілікті соттарға жатады. Аудандық соттарға қалалық, ауданаралық, мамандандырылған сот — әскери гарнизон соты, экономикалық, әкімгерлік, кәмелетке толмағандардың істері бойынша және басқа соттар теңестіріледі.
Аудандық сот төрағадан және судьялардан тұрады. Егер штат бойынша аудандық сотта бір судья көзделген болса, онда ол осы төрағасының өкілеттіктерін жүзеге асырады.
Аудандық сот бірінші инстанция соты болып табылады және оған соттық бағыныштылыққа жатқызылған сот істері мен материалдарын қарастырады, сот статистикасын жүргізеді, заң көздеген басқа өкілеттіктерді жүзеге асырады.Аудандық соттың төрағасына белгілі бір міндеттер: сот судьяларының сот істерін қарастыруын ұйымдастыру, сот кеңселігіне жалпы басшылық етуді жүзеге асыру, азаматтарды қабылдау жүргізу, судья лауазымына кандидаттардың сынақ мерзімінен өтуінқамтамасыз ету секілді және басқа міндеттері бар.
Облыстық соттар да сондай-ақ жергілікті соттарға жатады. Облыстық соттарға республика астанасының қалалық соты, қалалық, республикалық мәндегі қаланың соттары, мамандандырылған соттар (Республика әскерлерінің әскери соты және басқалары) теңестіріледі. Облыстық және оған теңестірілген соттарды (әрі қарай- облыстық соттар) уәкілетті органның ұсынуы бойынша Республика президенті түзеді, қайта ұйымдастырады және таратады. Осындай ұсыну жоғарғы Соттың Төрағасымен келісіледі.
Судьяның мәртебесі.
ҚР Конституциясында судьялардың құқықтық мәртебесін айқындайтын бірқатар құқықтық нормалар бар. Оларға төмендегілер жатады: 1) судьялардың Конституциясы мен заңдар қорғайтын тәуелсіздігі; 2) судьялардың қол сұғылмаушылығы; 3) судьялар үшін саяси,жас және білім шектелімдері; 4) судья лауазымының негізгі қызметтің және жұмыстың кейбір түрлерімен сйыспаушылығы; 5) судьяларды материалдық тұрғын үймен қамтамасыздығы; 6) судьялардың тағайындалмалығы: 7) судьялар заң қолданған кезде басшылыққа алуға тиіс принциптер (77, 79, 80, 82- баптар).
Судьялардың құқықтық жағдайының маңызды элементі олардың орын ауыстырылмаушығы болып табылады. Судьялардың орын ауыстырылмаушығысудья лауазымы ғұмырлық деген сөз емес. Судьялар заң белгілеген мерзімге – 5 жылға тағайындалады. Оры ауыстырмаушылық осы мерзімнің ішінде судья лауазымынан босатылмайды дегенді білдіреді. Олар лауазымынан тек қана заңда көзделген негіздер бойынша босатылады.
Судьялар тәуелсіз және тек Конституциямен заңға бағынады. Судьяның тәуелсіздігі ешкім де әділ сотты жүзеге асыруға килігуге және судья мен сенімді заседательдерге қандай да бір әсер етуге құқысыз екенін білдіреді. Ондай әрекеттер заң бойынша қуғындалады.
Судьяның тәуелсіздігі оның қарастырылған немесе өндірістегі сот істерінің мәні бойынша қандай да бір түсініктер беруге міндектті емес екеніненде көрінеді. Мәжіліс бөлмесінің құпиясы барлық жағдайларда қамтасаыз етілуге тиіс.
“Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі”туралы Заңда аудандық соттың судьясына кандидаттар үшін төмендегідей талаптар көзделген. Біріншіден, саяси шектелім. Аудандық соттың судьясы болып тек ҚР азаматы тағайындала алады. Екіншіден, жасы бойынша шектелім: азамат жиырма бес жасқа жеткен болуға тиіс. Төртіншіден, бұл біліктілік шектелімі: кандидат біліктілік емтиханын тапсыруға сотта сынақ мерзімін табысты өткеруге және соттың пленарлық отырысында оң мінездеме алуға тиіс. Соңғысынан басқа, барлық тізілген талаптар Конституцияда көзделген.
Судьяға қойылатын талаптар “Сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі” туралы Заңда көзделген. Олар әділ сотты жүзеге асыру ерекшеліктерінен туындайтын міндеттер ретінде тұжырымдалады. Судья:
ҚР Конституциясымен заңдарын бұлжытпай ұстануға; әділ сотты атқару бойынша өзінің конституциялық міндеттерін атқару кезінде, сондай- аққызмет бабынан тыс қатынастарда судья этикасының талаптарын сақтауға және судьяның беделіне, абыройына кір келтіруі мүмкін немесе оның объективтілігі мен риясыздығына шүбә келтіруі мүмкін нәрселерден аулақ болуға міндетті.