Конституциялыққұқықтықнормаларғақұқықтықнормалардыңбарлықбелгілерітән.Олардымемлекеттікоргандарқабылдайды.Олар қоғамдыққатынастардыреткекелтіретінқұрал болып табылады.Олар басқадазаңнормаларысияқты,екі:реттеушілікжәнеқорғаушылықнормалардыатқарады.Реттеушінормаларғақұқықтыққатынас мүшелерінесубьективтікқұқықберужәнеоларға заңдықміндеттемежүктеужолыментәртіптіңбелгілібірнұсқасын белгілейтін конституциялық–құқықтық нормалар жатады. Бұл, әсіресе,Конституцияныңазаматтыңқұқыменбостандығытуралыбөліміндеанықкөрінеді.Құқыққорғаушынормаларға субьектілертәртібін,олартәртіптібұзғанжағдайда,мемлекеттікмәжбүрлеушараларынбелгілеужолыменанықтайтынконституциялық – құқықтықнормаларжатады.
Конституциялық құқықтың нормаларын түсіну үшін конституциялық реттеуші нормаларды өкілеттік беруші, тыйым салушы, міндеттеуші нормаларға бөлудің айтарлықтай мәні бар.
Өкілеттік беруші конституциялық құқықтық нормалар субъективтік құқықты жағымды мазмұнда белгілейді. Жалпы айтқанда, субъектіге (мемлекеттік органға, қоғамдық бірлестікке, азаматтарға) қандай а бір жағымды әрекет жасауға құқық береді.
Конституциялық заңдарда тыйым салатын нормалар да бар. Олар адамдардың белгілі бір қасиеттегі әрекеттеріне ұстамдылық жауапкершілігін белгілейді. Тыйым салушы конституциялық нормалар мемлекеттің конституциялық негіздерін, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауды көздейді.
Міндеттеуші конституциялық нормалар адамдардың, қоғамдық брлестіктердің, мемлекеттік органдардың белгілі бір жағымды әрекеттер жасау жауапкершілгін белгілейді. Конституция Парламент Палаталары Төрағаларына бірқатар жауапкершілік жүктейді. Сондай-ақ азаматтардың да конституциялық жауапкершілігін есте сақтаған жөн.