ҚАРЖЫ-ҚҰҚЫҚТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ РЕТІНДЕГІ САЛЫҚ

Салықтар — өте көп қырлы, мемлекттің даму кезеңдері өзгерген сайын нақтыландырылатын ұдайы жүзеге асырылатын міндетті ақшалай төлем болып табылады.

Салықтар экономикалық және әлеуметтік – саяси қатынастардың өзінің бойында жинақтаулы күрделі әрі қоғам өмірінің көп аспектілі қаржылық құқықтық құбылысы болып табылады.

Салық:

  • түсім көзі жалпы ұлттық табыстың белгіленген бөлігі болып табылатын төлем;
  • міндетті төлем;
  • жекелей — эквивалентсіз төлем;
  • қайтарылмайтын төлем;
  • мемлекет кірісін қалыптастыратын төлем;
  • ұдайы төлем;
  • мәжбірлі төлем;
  • заң жүзінде белгіленген төлем;
  • құқыққа сай төлем;
  • жүзеге асырылуы кезінде төленетін салық сомасының меншік нысанына ауысуымен көрініс табатын төлем;
  • мөлшері алдын ала айқындалған төлем;
  • қатаң белігіленген мерзімде жүзеге асырылатын төлем;
  • өте тұрақты салықтық міндеттемелер туындататын төлем;
  • белгіленіп, бекітілуі кезінде нақты салық төлеушілердің төлем қабілеттілігі есепке алынатын төлем;
  • ақшаның төлем құралы ретіндегі функциясын көрсететін төлем;
  • жүзеге асырылуы заңи жауапкершілік шараларымен қамтамасыз етілетін төлем;
  • тек құқықтық нысанда болатын төлем;
  • біржақты өктем тәртіппен мемлекет белгілеген төлем;

Салық мемлекет тарапынан біржақты шығарылған заңдардың негізінде, сол заңдарда айқындалған нақтылы мөлшерде және және қатаң белгіленген мерзімдерде, Республикалық немесе жергілікті бюджет кірісін қалыптастыру мақсатында салықтық міндеттемелерін орындауға тиісті заңды және жеке тұлғалардан жүйеленген әрі тұрақты, түрде уәкілетті мемлекеттік органдар алатын баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай міндетті төлем болып табылады.

Салық салу процесінде нақтылы салық төлеуші орындауға тиіс салықтық міндеттемелер салықтық заң актілерінде белгіленген әрбір салықтық құрамдас бөліктерінің жиынтығы салық элементтері арқылы айқындалады.

Салық элементтеріне:

  • салық субъектісі;
  • салық объектісі;
  • салық базасы;
  • салық базасын есепке алу тәртібі;
  • салық ставкасы;
  • салық салу бірлігі;

7) салық заңы;

8) салықтық кезең,

9) салықты есепеу тәртібі;

  • салықты төлеу мерзімі;
  • салықты төлеу тәсілімен тәртібі,
  • есеп беру кезеңі;
  • салық жеңілдіктерімен преференциялары
  • салықтық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік жатады.
  1. Өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды жүзеге асыруына орай Салық комитеті:

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне мемлекеттік бюджетке төленетін міндетті төлемдерді есептеуді және (немесе) жинауды қамтамасыз етуге уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарын айқындау жөнінде ұсыныстар енгізуге;

салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді әкімшілендіру әдістемесін әзірлеуге, сондай-ақ ақпараттық технологиялардың көмегімен функционалды рәсімдерді жүзеге асыруды басқару және бақылау әдістерін жетілдіруге қатысуға;

салықтармен бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер бойынша мемлекеттік есептілікті жинаудың нысандары мен әдістерін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;

  • салық салу саласындағы заңнаманы коддану тәжірибесін талдау және қорытындылау, сондай-ақ осы саладағы заңнаманы жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
  • ынтымақтастықтын экономикалық аспектілері бар халықаралық шарттар мен келісімдердің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Комитеттің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті ақпарат пен құжаттарды заңнамада белгіленген тәртіппен сұратуға және алуға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген талаптарды сактай отырып, салықтық міндеттемелерді орындауға байланысты салық, төлеушінін ақша құжаттарын, бухгалтерлік кітаптарын, есептерін, сметаларын, ақшасының баржоғын, бағалы қағаздарын, есептемелерін, декларацияларын және өзге де құжаттарын тексеруге;
  • салық төлеушіден белгілеген нысандар бойынша салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу және телеу (ұстап калу, аудару) жөніндегі құжаттарды, оларды толтыру бойынша түсіндірмелерді, сондай-ақ салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, жинақтаушы зейнетақы корларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеудің (ұстап қалу және аудару) дұрыстығы мен төлеудің уақтылығын растайтын құжаттарды беруін талап етуге;
  • салықтық тексеру жүргізу барысында Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде айқындалған тәртіппен салық төлеушіден салықтық құқық бұзушылықтардың жасалғанын куәландыратын құжаттарды алуға;
  • орналасқан жеріне қарамастан, кірістер алу үшін пайдаланылатын кез келген салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді тексеруге әрі салық төлеушінің мүлкін (тұрғын үйжайлардан басқа) түгендеуге;
  • өз құзыреті шегінде бақыланатын объектілерде дайын этил спиртін және алкоголь өнімдерін шығару көлемінің осы салада қолданылатын нормативтерге сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ осы мақсаттарда тиісті объектілердің есепке алуды бақылау аспаптарымен жарақталуын, технологиялық. процесс нормалары мен ережелерінің сақталуын және этил спирті мен алкоголь өнімдерінің айналымын бақылауға; ,
  • этил спирті мен алкоголь өнімдерін және темекі өнімдерін өндіретін, сақтауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалардың лицензиаттарға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкестігін тексеруге;
  • өз құзыреті шегінде мемлекеттік медициналық кәсіпорындардың, сондай-ақ дәрілік құралдар мен фармацевтикалық препараттарды өндірушілердің этил спиртін пайдалануын бақылауға;
  • темекі өнімдерінің калдықтары мен айналымы туралы декларацияларды қабылдауға, олардың есебін жүргізуге және талдау жасауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес темекі өнімдерін өндірудің паспорттарын қабылдауға және олардың есебін жүргізуге;
  • акцизделетін өнімнің өндірісі мен айналымынан акциздер түсімінің толықтығы мен уақтылығы бөлігінде акцизделетін өнімді сақтауды және сатуды, импорттауды жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғаларды тексеруге;
  • Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін тізбе бойынша салық төлеушіден заңнамада белгіленген тәртіппен электрондық құжаттар түрінде ақпарат алуға;
  • тексерілетін салық төлеуші — заңды тұлға немесе жеке кәсіпкерге салық салуға байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен белгіленген коммерциялық, банктік және заңмен қорғалатын өзге де құпияны күрайтын мәліметтерді жария ету талаптарын сактай отырып, банктер мен банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан оның банктік есеп шотының бар екендігі және нөмірі, осы шоттардағы акшалардың калдықтары мен қозғалысы туралы мәліметтер алуға;
  • «Салық және бюджетке теленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) көзделген жағдайларда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерін жанама тәсілмен анықтауға;
  • өз құзыреті шегінде уәкілетті органдарды бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдерді есептеудіңдұрыстығы, алудың толықтығы және аударудың уақтылығы мәселелері бойынша тексеруге;
  • Комитеттің аумақтық органдарына орындауға міндетті нұсқаулар беруге және ез құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілер шығаруға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салықтарды төлеу бойынша салықлық міндеттемелерді орындау мерзімдерін өзгерту жөніндегі мәселелерді қарауға;
  • «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының кодексінде (Салық кодексінде) белгіленген тәртіппен салық декларациясын табысету мерзімін үзарту туралы шешім қабылдауға;
  • Қазақстан Республикасының заңнамалықактілеріне сәйкес әкімшілік жаза қолдануға, оның ішінде салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегі бар тұлғаны банкрот деп тану туралы, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттің жарғылық капиталына қатысуымен салық төлеуші — акционерлік қоғамның жарияланған акцияларын мәжбүрлеп шығару туралы, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 49бабы 2тармағының 4) тармақшасында көзделген негіздер бойынша заңды тұлғаны тарату туралы талаппен сотқа жүгінуге;

-кадрлардың біліктілігін көтеру бойынша ісшаралар өткізуге құқылы.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы заңнамасымен Комитетке берілген басқа да құқықтардың болуы мумкін.

Бұл орайда мемлекетті қоғамның саяси жүйесінің субъектісі екенін ескерсек, оның қызметі тек өз қаржылық мәселелерін шешіп қана коймай, сонымен қатар қоғамның да ақшалай инфрақұрылымын құруға бағытталғанын байқаймыз.

Мемлекетіміздін қазіргі нарықтық даму жағдайындағы салық салу саласындағы басқаруы оның салықтық құқығынын, маңызды элементі болып табылады.

Мемлекеттің бюджет жүйесінің аса маңызды құраушы негізі мемлекеттің салықтық құқығының көмегімен мәжбірлеу арқылы алынатын міндетті төлемдер – салықтар, алымдар, баждар, төлемақылар және т.б. яғни жинақтап айтқанда салықтың түідер болып есептелінеді.

Мемлекеттің салықтық қызметі ҚР салық жүйесі ауқымындағы салық салу процесін ұйымдастыруға және салық салуға байланысты барлық мән-жайларды қамтаасыз етуге бағытталған, салықтық заң актілеріне негізделген мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.