ҚР салық жүйесіндегі салықтар мен өзге де міндетті төлемдердің жұмыс істеуінің қоғамдық механизм салық төлеушілердің келісімін қажет қылмайтын, сонымен қатар әлеуметтік бағдарлы, демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде салық төлеушілердің экономикалық – қаржылық мүдделерінің сақталуын мүмкіндігінше қамтамасыз ету жолдары қатаң ескерілетін, тек қоғамдық – мемлекттік мүдделер басымдылығын мақсаттайтын субъектінің бір жақты әмірлі ерік білдіруінің негізінде туындайтын қатынастардың қалыптасып дамуының кепілдендіретін әлеуметтік-экономикалық реттеуші қосымша құралдың болғанын қалайды.
ҚР қазіргі заманғы салықтық құқығы мынадай өзіне тән ерекшеліктермен сипатталады:
- Салық салу процесін негіздейтін салықтық құқықтық нормаларда мүмкіндігінше мемлекетпен салық танушылық экономикалық қаржылық мүдделерінің қарама – қайшылығын ескеріледі.
- Мемлектің салық саясатының экономикасы тұрғысынан ҚР таратылатын халықаралық инвестицияларға салық салуды төмендету немесе толығымен жою көзделінеді.
- Салықтық құқықтық нормалар ҚР салық жүйесінің макроэкономикалық салу көрсеткіштеріне байланысты жай күйін және трансферттік қабілетін фискальдық бағдарламаларына сай айқындайды.
- Салықтық құқықтық нормалар мемлекеттік шаруашылық аясындағы, сондай-ақ корпоративтік және жеке меншік шаруалар аяларындағы фискальдық қатарының құқықтық, негізін құрайды.
- Салықтық құқықтық мемлекеттік бюджетің салықтық кірісін реттеу аясындағы мемлекеттік императивті ерік білдірудің негізін құрайды.
- Салықтық құқықтық нормада саылқ базасын айқындай және салық стапкларын белгілеу процесіне байланысты корпоративтерде ережелер қатаң нақтыландырылады.
- Салықтық құқықтық ҚР салық салудың заңы негізін құрайды, сондай-ақ мемлекеттің салық қызметінің құқықтық ысалы болып табылады.
- Салықтық құқық мемлекеттің салық жүйесінің фикальдық негізінде қалыптастырылатын бюджеттік кірістің салықтық бөлігін бюджеттік шығыстың көлемімен байланыстырады.
- Салықтық құқық нормалары саылқтық механизмнің барлық элементтерін айқындай отырып мемлекеттің саылқтық менеджментінің негізін құрайтын саылқтық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді.
- Салықтық құқықтық нормалары салық салу аясында туындайтын трансферттік сипаттағы салықтық қатынастың нақтылы материалдық тиімділігін республикалық және жергілікті бюджеттер арасындағы трансферттік реттеу көлемімен ұштастырылуын көздейді.
- Салықтық құқықтың жалпы көлемі мына:
- Салықтар, салық салу және мемлекеттің салық жүйесі;
- Мемлекеттің салықтық қызметі;
- Салықтық құқық құқықтық құрылым ретінде;
- Салықтық құқықтық нормалар және салықтық құқықтық қатынастар,
- Салықтық міндеттемелер;
- Шағын кәсіпкерлікке арналған арнауы салық режимі;
- Салық салу аясындағы салықтық ынталандыру және мемлекттік мәжбірлеу;
- Мемлекттің салықтық құрылысы;
- Салық салу саласындағы мемлекеттік басқару;
- Мемлекеттік салықтық жоспарлау;
- Мемлекеттік салықтық бақылау тәрізді институттардан құралады;
Ерекше бөлім мынадай тәртіппен орналасқан:
- Мемлекттік деңгейден бюджетке алынатын салықтар мен басқада міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.
- Жергілікті деңгейдегі бюджетке алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді құқықтық реттеу.