Валюта – тауарлардың құнының шамасын өлшеу үшін пайдаланатын ақша өлшемі. Халықаралық валюталық қаржы операциялары тәжірибесінде ол мынадай мәндерде қолданылды: 1) мемлекеттің ақша өлшемі және оның типі (алтын, күміс, қағаз ақша) Мысалы: Қазақстанның ұлттық ақшасы –теңге, Ресейдікі рубль т.б.
2) шет мемлекеттердің ақшасы;
3) халықаралық (аймақтық) есеп айырысу өлшемі (вексель, чек, банкнот) және төлем құралы.
Көптеген елдердевалюта курсы валюталық шектеу арқылы реттеледі. Валюталар пайдлану тәртібіне қарай айырбасталымды, ішінара толық айырбасталымды, айырбасталмайтын (томаға тұйық) валюта болып үшке бөлінеді.
- бірінші топқа валюталық шектеу жойылған елдердің валютасы (АҚШ доллары,т.б.) жатады. Ол кез келген шет ел валбтасына айырбасталады.
- Ішінара айырбасталымды валютаға валюта операцияларын жасауға толықтай валюталық шектеу жойылмаған елдердің валютасы (Мыс:Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, сондай-ақ ТМД елдерінің) жатса
- Соңғы топқа барлық операциялар бойынша валюталық шектеу сақталған елдердің валютасы жатады. Томаға тұйық валюта өз мемлекеті шегінде ғана айналыста болады.
Валюта курсы – валюта бағамы –бір елдің ақша бірлігінің екніші бір елдің ақша бірлігімен белгіленген құны.
Халықаралық валюталық қатынастар – бұл ұлттық шаруашылық қызметтерініңнәтижелері мен өзара алмасуына қызмет ететін және дүниежүзілік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Халықаралық валюталық қатынастар материалдық өндіріс саласына, сондай-ақ бөлу, айырбас және тұтыну салалрына қатысты халықаралық экономикалық қатынастарға делдал болады.
Валюталық заңдар- ел ішінде, одан тысқары жерде валюталық құндылықтарға қатысты әртүрлі мәмілелер жасаудың, сондай-ақ ұлттық, шетелдік валюталарды, т.б. құндылықтарды ашып келудің, сыртқа шығарудың аударым жасау мен жолдаудың тәртіптерін белгілейтін құқықтық нормативтік актілердің жиынтығы. ҚР Президентінің 1993ж. 12 қарашадағы “ҚР-ның ұлттық валютасын енгізу туралы” Жарлығы елімізде валюталық заңның дамуына негіз қалады. Бұл заңдар ақша айналымының құқықтық негіздері мен ұйымдастыру пішімдерін айқындай отырып, ақша жүйесінің бүкіл басты нышандарын қамтиды.
Валюталық нарықтар уақытылы есеп айырысуларды жүзеге асыруды, валюталық операцияларға қатысушылардың валюталық бағамдарайырмасы түрінде пайда алуын, валюталық тәуекелдердісақтандыруды, валюталық бағамдарды реттеуді, валюталық саясатты жүргізуді қамтамасыз ете отырып, ішкі жән халықаралық төлем айналымына қызмет етеді.
Халықаралық есеп айырысудың өзіндік ерекшелігі барлық елдер үшін жалпыға бірдей қабылданған төлем құралының болмауында. Сондықтан да сыртқы сауда, көрсетілген қызметтер, бойынша есеп айырысудың қажетті шарты сатып алу-сату формасында бір валютаны екінші біріне айырбастау болып табылады.
Валюталық нарықтарда шетел валютасына деген сұраныс пен ұсыныс ең алдымен сатылған тауарлар және көрсетілген қызметтер үшін валюталық түсім алған экспортерларден; сатып алған тауарлары мен көлік және кеме компанияларынан алынған қызметтері үшін төһлемдерді төлеуде импортерден, сондай-ақ көрсеткен қызметтері үшін фрахты. Сақтандыру сыйақысы, брокерлік және банктік комиссиятүрінд валюталар алатын сақтандыру қоғамдары мен банктерден; дивидент төлеуге , заемды, несиені және оған есептелген пайызды және т.б. қайтаруға міндеттемесі бар заңды және жеке тұлғалардан туындайды.
Сонымен, валюталық нарықтарда валюталық операцияларды жүргізуге халықаралық сауда мен оған байланысты көрсетілген қызметтер және халықаралық капиталдар мен несиелер қозғалысы негі болып табылады.
Валюталық нарықтар – сұраныс пен ұсыныс негізінде ондағы айналатын валюталарға сауда-саттық жүргізілетін ресми орталықты сипаттайды.
Валюталық операциялардың көлеміне, сипатына және пайдаланатын валюталар тобына қарай қазіргі валюталық нарықтар халықаралық, аймақтық және ұлттық болып бөлінеді.