Сақтандыру-қоғамның экономикалық қатынастарының айырықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі сақтандыру сферасы адам өмірінің өндірістік және әлеуметтік-экономикалық қызметінің барлық жағын қамтиды. Сақтандыруға түрткі ьолатын басты себеп-өндіріс пен адам өмірінің қауіп-қатерлі сипаты.
Сақтандырудың мақсаты-қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтарды,мүліктерді өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.
Сақтандыру категориясы үшін мына белгілер оған тән ьолып келеді:
1.қатынастардың ықтималдық сипаты;
2.қатынастардың төтенше (жай емес) сипаты (кез-келген ауқымда-мемлекеттің аймақтың деңгейде, кәсіпорын немесе оның бөлімшесі жеке адам деңгейінде)
Сақтандырудың экономикалық мәні барлық қатысушылардың төлемдері есебінен оқыс оқиғаға ұшырағанға төмен көрсетілетіндігінде.
Демек Саақтандыру- қолайсыз құбылыстар мен күтпеген оқиғалар болған кезде жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау және оларға материалдық зиянды төлеу үшін мақсатты ақша қорларын құру және пайдалану жөніндегі қайта белгіленетін қатынастардың айырықша сферасы.
Сақтандыру қызметі-сақтың ұйымыныңсақтың шарттарын жасау мен орындауға байланысты Қ.Р заңнамаларының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызмет.
Сақтандыру қызметін ұйымдастыру және мемлекеттік реттеу мен лицензиялауды жүзеге асыру үшін сақтандыру салаларға, сыныптпрға және түрлерге бөлінеді.
Сақтық ұйымының сақтандыру қызметі “өмірді сақтандыру”саласы және “жалпы сақтандыру”саласы бойынша жүзеге асырылады.
Өмірді сақтандыру саласы ерікті сақтанды нысанына мынадай сыныптарды қамтиды:өмірді сақтандыру;анниуитететін сақтандыру.
Жалпы сақтандыру-ерікті сақтандыру нысанында мынадай сыныптарды қамтиды;жазатайым жағдайдан және аурудан сақтандыру; медициналық сақтандыру,көлік құралдарын (автомобиль,темір жол әуе және су көліктерін) сақтандыру;жүктерді сақтандыру;мүлікті сақтандыру; (көлік құралдарын қоспағанда); кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру;көлік құралдары иелерінің және тасымалдаушы азаматтың-құқықтық жауаптылықты сақтандыру;зиян келтіргеніүшін азаматтың құқықтық жауаптылығысақтандыру (көлік құралдарының иелері және тасымалдаушының азаматтық жауаптылығын қоспағанда )
Қорыта айтатын болсақ:
Сақтындыру дегеніміз сақтандыру ұйымы өз активтері есебінен жүзеге асыратын сақтандыру көлемі арқылы сақтандырушартында белгіленген сақтандыру жағдайы немесе өзге де оқиғалар туындаған кезде жеке немесе заңды тұлғаның заңды мүделеріне мүліктік жағынан қорғауға байланысты қатынастар кешені.
Сақатндыру қызметі дегеніміз- сақтандыру ұйымыныңсақтандыру шарттарын жасау мен орындауға байланысты, ҚР заңдарының талаптарына сәйкес уәкілетті органның лицензиясы негізінде жүзеге асырылатын қызметі.
Сақтандыру жүйесі республика экономикасы тұрақты дамуына, халықты әлеуметтік қорғауды көтеру үшін қосымша негізді құруға азаматтар мен шаруашылық субьектілер мүлкін сақтандыруға әсер етуі қажет.
Сақтандыру шарты бойынша – бір тарап (сақтанушы) сақтық сыйақыларын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтық жағдайы пайда болған кезде сақтанушыға немесе оның пайдасына шарт жасалған өзге де тұлғағашартта белгіленген соманың шегінде сақтық өтемін төлеуге міндеттенеді.
Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. өз кезегінде сақтандырушы заңның барлық талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушыныңқызметін бақылайтын өкілетті мемелкеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия бермеудің негізі болып есептелінеді.