Орталықтандырылған ақша қорының құралуы және жұмсалуы бюджеттің кіріі мен шығысының ыңғайласа жұмыс істеуі арқылы жүзеге асады. Мемлкетке қажетті ақша қаражаттарын “кіріс” жинақтаса, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерге орталықтандырылғанқордан бөлінетін қаржы “шығыс” болады. Мемлекеттік бюджеттің “кіріснің” ең қомақты бөлігі салықтық түсімдерден, ал қалғаны басқа түсімдерден, капиталды айналымғақосудан түсетін табыстарданжәне гранттар мен өтемдерден құралады. Бюджеттің шығысы кіріс бөлігініңжәне бюджет тапшылығының деңгейіне, оның орындалуына қарай реттеледі. Бюджет бойынша шығыстың кірістен асып түсуі бюджет тапшылығын туындатады, ал оның көлемі жалпы ішкі өнімге ие ұлттық валютаға шағып көрсетіледі. Бюджет тапшылығын қаржыландыру көздеріне мемлекеттік құнды қағаздарды сатудан түскен табыстар, ішкі және сыртқы капитал рыногынан алынған қарыздар, Ұлттық Банктің кредиттері жатады. Мемлкеттік бюджетте жалпы ішкі өнім көлемінің 2-3% шамасындағы тапшылыққа ғана жол беріледі. Көрсетілген шамадан асып кеткенде, бюджет тапшылығын ішкі және сыртқызаемдар жаба алмайды. Сондықтан мемлкет айналымға еріксіз қосымша ақша шығаруға мәжбүр болады. Бұл ақшаның құнсыздануына , инфляцияның өршуінежәне халықтыңтұрмыстық деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқтырады. Мұндай жағдайдың алдын алу үшін ҚР Президентініңтікелей басшылығымен құрылған бюджеттік коммисия Үкіметтің Парламентке ұсынған заң жобаларын алдын ала қарап, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, срндай-ақ, бюджеттің кірісі мен шығысы арасындағы сәйкестіктің бұзылмауын назарда ұстап, оның орындалу барысын үнемі қадағалап отырады.
Бюджет статистикасы – мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің орындалу есебінің статистикасы. Бюджет статистикасы бюджеттің орындалу жайындағы есептермен зерттеу материалдары негізінде жасалады. Бұл мәліметтерге сүйеніп республиканыңәрбір аймағындағы тұрғындардың өмір сүруінің материалдық деңгейі мен әлеуметтік жағдайын талдауға, олардың жан басына шаққандағы табыстары мен шығыстарын есептеп шығаруға болады. Бюджеттік статистика қаржылық кредиттік органдар үшін де айрықша маңызды. Ол жанама көлемін анықтауға, ақша қаражаттарының қорлануы мен жинақтау жолдарын зерттеп білуге, ақша айналымының жылдамдығын, сондай-ақ тұрғындардың табысы мен шығысының баланстық деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік бюджеттің кірісін республикалық және жергіліктібюджетке қайтарымсыз негізде түсетін, негізінен салықтар, жинаулар және басқа міндетті төлемдер, салықтық емес және басқа кірістер, капиталдармен өткізген операциялардан түскенкірістер құрайды.
Бюджеттің кірістері ереже бойынша өзіндік және реттеуші болып 2-ге бөлінеді.
Өзіндік кірістеріне әрекеттегі қаржылық заңдылықпен әртүрлідеңгейдегі бюджеттерге сәйкес келетін толық немесе жартылай бекітілген кірістер жатады. Бюджеттің реттеуші кірістері бұл жергіліктібюджеткебелгілі бір мерзімге белгіленген қаржы бөлу нормалары бойынша республикалық бюджеттің өзіндік кірістерінен бөлінетін табыс түрі.
ҚР-ның “Бюджет жүйесі туралы” заңының 7-ші бабына сәйкес Республикалық бюджетке түсетін кірістер төмендегілер жатады:
А) салықтар, басқа түсімдерден және басқа да міндетті төлемдер:
- заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы;
- ҚР- да өндіріілген тауарларға, орындалған жұмыстарға, көрсетілген қызметтерге қосымша құнына салық. Бұл кіріске Астана қаласында салық төлеушілер ретінде есепте тұратын тұлғалардың өндірген тауарларына орындалған жұмыстарына, көрсетілген қызметтерге, қосымша құн салығы және ҚР-ның территориясына шетелден әкелінген товарларға қосымша құн салығы жатпайды.
- Астана қаласында салық төлеуші ретінде тіркелген тұлғалардың өндірген товарларына, орындаған жұмыстарына және көрсетілген қызметтеріне қосымша құн салығының 50 пайызы.
- Шетелден әкелінген товарларға, өңделмеген мұнайға, газ конденсаттарына төленетін акциздер.
- Артық пайдаға салық, шетел әкелінетін және сыртқа шығарылатын тауарларға баж салықтары, рояльти, отандық товар өндірушілерді қорғау мақсатында алынатын салықтар;
- Түзілген контрактардағы өнімдерді бөлуден ҚР-ның алатын үлесін республикалық бюджетке түсетін бөлігі;
- ҚР-ның территориясында автотранспорттық құралдарының жүргені үшін төлем бонустар
Кедендік бақылау жүргізуден және кедендік процедура жүргізуден түсетін түсім.
- жануарлар әлемін пайдаланғаны үшін төлем;
- су жолдарын пайдаланғаны үшін төлем;
- азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркеу үшін түсім
- радиоэлектронды құралдарды, жоғарғы жиіліктері қондырғыларды мемлекеттік тіркеуден түсімдер;
- теңіздік, өзендік және кіші кемелерді мемелкеттік тіркеуден түсетін түсімдер;
- телевизиялық және радиохабарларын тарату мекемелеріне радиожиілік спектрлерін пайдалануға рұқсат беру үшін түсетін түсім;
- дәрі дәрмектерді мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін түсетін түсім;
- мемлекеттік дәрежедегі ерекше қорғалатын табиғи территорияларды пайдалану үшін төлем;
- мемлекеттік дәрежедегі жалпы пайдаланудағы автомобиль жолдарының бойында жарнама орналдастыру үшін төлем;
б) салықтық емес түсімдер:
- республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының пайдаларынан түсетін түсім ҚР Үкіметінің депозиті бойынша алынған сыйақы.
- Мемлекеттік меншікке жататын акция пакеттерінен түсетін девиденттер
- Жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша өткізілетін лоторей ойындарынан басқа, мемлекеттік лоторея ойындарынан түсетін кіріс;
- Мемлекеттің меншігіндегі мүліктерді жалға беруден түсетін табыс.