ҚР республикалық және жергілікті бюджеттер мемлекеттік бюджет жүйесінің материалдық тірегі, қаржы жүйесінің орталық буыны, ҚР мемлекетінің атрибуты және оның егемендігінің қаржылық негізі болып саналады, сон дай-ақ мемлекеттік бюджет арқылы жалпы ұлттық өнімнің тиісті қаржылық заң актілерінде көзделген бөлігі қайтабөлініп, қоғамның әлеуметік – экономикалық игілігіне пайдаланылады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістеріне тер ҚР тиісті заң актілерінде белгіленген салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жатады.
Салық жүйесінің фискальдық әлеуеті негізінде мемлекеттік бюджет тік жүйесінің тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі ҚР қазіргі замнғы даму ерекшеліктері мен халықаралық стандарт тар – талаптарға сай қоғамдықмемлекеттік және корпоративтік (және жекеменшік) мүделердің балансын (теңдеулерін) көздейтін ұйымды құқұқтық механізм, яғни салықтық, сон дай-ақ бюджет тік-құқықтық реттеу әдістерінің өркениетті тиімділігіне тікелей байлынысты болады.
Республикалық бюджеттің түсім көздері – салықтар мен басқада міндетті көлемдерді құқықтық реттеу – республикалық деңгейдегі
Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылу құрылымын құру барысында: ұйымдастыру күш-қуатының жалпы көлемін басқару вертикалі мен горизонталі бойынша ұтымды бөлу; өзара субординациялық байланыстарды нақтылы белгілеу; міндетті түрде горизонтальдық үйлестіру байланыстарын қалыптастыру; төменгі тұрған элементтердің дербестілігін және өзіндік басқаруын қамтамасыз ететін өзара байланыстарды айқындау іске асырылады.
Ал басқарушы қызметті ұйымдастыру: мемлекеттік басқару элементтерінің әлеуметтік рөлінің оны іске асыратын адамдардың мүмкіндігімен сәйкес келуін қамтамасыз ету; мемлекеттік басқарудың бір элементін жүзеге асырудың жаңадан түрлендірілген әралуан нысандары мен әдістерін пайдалану; мемлекеттік басқару элементтерімен жұмыс істеу кезінде олардың ақпараттық, психологиялық және педагогикалық мәнжайларын басқарушы процеске қатысушылардың түсіністікпен қабылдауына біртіндеп бағдарлау барысында көрініс табады.
- Мемлекеттік басқарудың манызы мен мағынасын жеткілікті деңгейде түсіну үшін міндетті түрде мемлекеттік басқару функцияларын таныпбілу қажет.
Мемлекеттік басқару функциясы басқарушы ықпалдың мағынасы мен сипатын, сондай-ақ олар мемлекеттің қоғамдық функцияларымен тығыз байланыста болғандықтан соларды жүзеге асыру жолдары мен тәсілдерін көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттің біртұтас басқару субъектісі ретіндегі өзара байланыстарын сипаттай отырып ашып көрсетеді. Мемлекеттік басқару функциялары белгілі бір басқарушы ықпал түрін білдіретіндіктен оларды жіктеу қажеттілігі туындайды. Осындай жіктеу барысында аталмыш функцияларды мемлекеттік басқару функциялары және мемлекеттік органдардың басқарушы функциялары деп бөлу көптеген басқарушылық проблемаларды тиісінше қарастырудың әдіснамалық негізін құрайды.
Аталған функцияларды осылайша бөлу әдетте, ықпал ету субъектілері, ықпал ету шегі, іске асыру құралдары, сипаттары бойынша жүргізіледі. Мысалы, мемлекеттік басқару функциялары мемлекеттік басқарудың барлық ұйымдастыру құрылымы арқылы жүзеге асырылады. Ал тиісті мемлекеттік органнын басқарушы функциясы сол орган арқылы тікелей іске асырылады. Демек, мемлекеттік басқару функциясы мемлекеттің билігімен қамтамасыз етіледі. Мемлекеттік органдардың басқарушы функциясы өз ұйымдастыру мүмкіндіктері мен екілеттіліктері шегінде атқарылады.
Мемлекеттік басқару функциялары өз ерекшеліктеріне байланысты ішкі және сыртқы функциялар болып бөлінеді. Ішкі басқару функциялары мемлекеттік басқарушы жүйенің ішіндегі басқаруды білдіреді. Сыртқы басқару функциясы мемлекеттік органдардың қоғамдық процестерге тікелей тигізетін ықпалын сипаттайды.
Орталық атқарушы билік органдарының ішкі функциялары көбінесе мемлекеттік басқарудың ұйымдастырылу құрылымы мен функциональдық бағытын жетілдіруді, төменгі буындарды басқаруды қамтиды. Төменгі буындағы органдар, солардың ішінде жергілікті әкімдіктер қоғам жүйесінің әлеуметтік элементтеріне және тиісті объектілерге басқарушы ықпалдарын тигізеді.
Мемлекеттік органдардың сыртқы басқару функцияларының жүйесі мемлекеттің ұйымдастырылу құрылымының вертикальды және горизонтальды құрылуымен, сондай-ақ басқарылушы объектілердің мақсаттары мен мән жайларының ерекшелігіне байланысты айқындалады.
Мемлекеттік басқару жүйесі әкімшілік жүйені білдіреді. Мемлекеттік басқару жүйесі болмаған жағдайда атқарушы билікті жүзеге асыру мүмкіндігі жоққа саяды. Ал әкімшілік жүйе атқарушы биліктің ұйымдастыру құқықтық механизмі болып табылады. Демек, мемлекет тарапынан басқарылатын қоғамдық организмнің барлық элементтерінің өзара тиімді жүйесін құру мемлекеттік басқаруды әкімшілік-құқықтық ұйымдастыруды көздейді.
Мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік құқықтық ұйымдастырудың тағы бір элементі тиісті басқару объектілерін жеке басқару салалары мен сала аралық аялар бойынша бөлу барысында айқындалады. Мемлекеттік басқару жүйесін әкімшілік-құқықтық, ұйымдастыру механизміне қажетті тағы бір элемент басқару сипатындағы жүйе ішіндегі байланыстар болып табылады. Осы басқару сипатындағы жүйе ішіндегі байланыстар барлық басқару блоктарының үйлесімді жұмыс істеуін, қоғамдағы экономикалық, әлеуметтік, мәдени, саяси және т.б. емірдің тәртіптелінген күйінде өркениетті дамуын қамтамасыз етеді.
Міне, жоғарыда баяндалған мән жайларды қорыта келіп мемлекеттік басқарусыз мемлекеттік билік механизмінің жұмыс істемейтінін білдік. Демек, мемлекеттік билік мемлекеттік басқарудың туынды бөлігі болып табылады. Атқарушы билік мемлекеттік билікті іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған қызметтің, яғни мемлекеттік басқарудың негізгі бағыттарында атқарылатын қызметтің мәнін құрайды.
Қазіргі нарықтық аядағы мемлекеттік реттеуге қарағанда мемлекеттік басқару өзінің маңызы бойынша кең мағыналы ұғым болып табылады.
Сонымен, нарықтық жағдайдағы бүгінгі мемлекеттік басқару:
-экономикалық шаруашылық, әлеуметтік мәдени және әкімшілік-саяси құрылыс аяларындағы қызмет бағыттарын реттеу;
- басқару және реттеу салалары мен аяларындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүргізу;
- мемлекеттік экономика (шаруашылық) аясындағы кәсіпорындар мен мекемелерді басқару;
- жеке меншік экономика секторындағы әртүрлі объектілердің қызметтерін реттеу;
- әр түрлі меншік нысандарына негізделген шаруашылық қызмет аяларында мемлекеттік келісімшарт жасау, тіркеу, лицензиялау, мемлекеттік тапсырыс құралдарын пайдалану;
- республикалық мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеу және іске асыру;
- мемлекеттік басқару реттеу ауқымындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды мүдделері мен міндеттерін қамтамасыз ету сияқты және т.б. да мемлекеттік басқарушы қызмет түрлерінде жүзеге асырылады.
Демек, мемлекеттік басқару мемлекетке тән функцияларды атқару, сондай-ақ алдыңа койылған міндеттерін тиісінше орындау мақсатында заңдардың негізінде және заңға тәуедді сипатта мемлекеттік басқару органдары (атқарушы билік органдары) тарапынан жүргізілетін ұйымдастырушыреттеуші және атқарушыөкім етуші қызмет болып табылады.