Бүгінгі ҚР салық жүйесінде жүзеге асырылатын салықтық-құқықтық реттеу әдістері қатарына салықтық ынталандыруды және салықтық санкцияларды жатқызуға болады.
Салықтықынталандыру әдетте салықтық-құқықтық нормаларда, сондай-ақ тиісті салықтық келісімдерде белгіленген экономикалық тұрғыдан мұқият негізделген жеңілдіктер жүйесі ретінде стратегиялық сипаттағы және өзара байланысқан салық жеңілдіктері мен преоренцияларының кешенін қалыптастырады.
Салықтық ынталандырма құрамында инвестициялық жеңілдіктермен инвестициялық кредиттер болады. Салықтық ынталандыру негізінде салық жеңілдіктерін беру әдістерінің экономикалық сипаты салық жеңілдіктерінің өндіріс тиімділігін арттыруға, бюджеттердің салықтық кірістерінің өсуін бағытталуы; салық жеңілдіктерінің өкілдіжәне заң шығарушы билік органдары тарапынан бекітілуі;салық теңдіктерін қолдану барысында қоғамдық-мемлекеттік, корпоративтік және жекелей экономикалық қаржылық мүдделердің ескертуі; салық жеңілдіктерінің эконоикалық негізделуі; инвестицияларды салықтық ынталандыру жүйесінің ұдайы өндіріспен байланыстырылуы; инвистициялық салықтық преоренциялардың мемлекеттің әлеуметтік мақсатталған инвестициялық бағдарламалары негізінде берілуі; салық жеңілдіктерінің бірінше кезекте экспорттық өндіріс аяларына бағдарлануы; салық жеңілдіктеріне байланысты мемлекет тарапынан берілетін арнаулы құқықтық кепілдіктің ұзақ мерзімде және орнықты сипаты сияқты және т.б. қағидалар жатады.
Бүгінде ҚР сондай-ақ шет елдірдің салық салу тәжірибесінде қолданылатын салықтық ынталандыру әдістеріжәне әлеуметтік сипатты салық жеңілдіктер жүйесі:
- инвестициялық салық кредиті;
- амартизациялық аударым құқығы;
- жасыл салық режимі;
- жанама салық кредиті;
- салық коникулы;
- салық “жұмағы”;
- салық кредиті түрінде қолданылатын салық шегерімдері;
- салықтық шегерімдер;
- нөлдік ставка;
- салық ставкасын төмендету;
- салықты төлеу мерзімін ұзарту;
- нормативтік салық жеңілдігі;
- салық төлеуден босату көзделген жеңілдіктер;
- салық төлеуді кейінгі қалдыру көзделген жеңілдіктер;
- салық мөлшерін төмендетуді көздейтін жеңілдіктер арқылы көрініс табады;
Салық жеңілдіктерін нақтылы экономикалық мақсаттармен әлеуметтік мән-жайларға қарай беру әрқашанда салық салмағын жеңілдетуге байланысты болғандықтан салық төлеушілерге қатысты іске асырылатын мемлекеттің салық және әлеуметтік саясатының құрамы болып табылады.
Салық салу аясындағы мемлекеттік мәжбірлеу күші көбінесе материалдық, сонымен қоса өзге де салықтық-құқықтыққатынастарды қорғауға бағытталған, сондай-ақ ол әрқашанда заңи жауапкершлікпен тығыз байланыста болады және көптеген жағдайларда осы жауапкершіліктің мәнін құрайды.