Салықтық міндеттемені орындау мақсатында салық төлеуші мынадай іс-әрекеттерді міндетті түрде жүзеге асырады:
- салық органында тіркеу есебіне тұрады;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілердің есебін жүргізеді;
- салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді, салық базалары мен салық ставкаларын негізге ала отырып, бюджетке төленуге тиістісалықтар мен басқа да міндетті төлемдердің есептеп шығарылған және есептелінген сомаларын, сондай-ақ салықтық міндеттемені орындамаған жағдайда айыппұл мен өсімпұлдарды төлейді.
- салық есебін жасайды және оны белгіленген тәртіп пен мерзімдерде салық органдарына табыс етеді.
Салықтық міндеттемені орындау уақыты қатаң айқындалған уақыт ауқымы болып табылады.
Салықтық міндеттемені орындау тәртібі салық төлеушінің мемлекет алдындағы өзінің салықтық міндеттемесін орындауға бағытталған, белгілі бір тәртіптеу механизмдері мен кезектіліктерді ұстана отырып жүзеге асыратын іс-қимылдары болып саналады.
Салықтық міндеттемелерді тиісінше, өз бетімен және ерікті орындау мынадай тәсілдер арқылы жүзеге асырылады:
- салықтарды декларация негізінде төлеу;
- салықты патент алу жолымен төлеу;
- салықты біржолғы талон негізінде төлеу;
- салықтық төлемнің сомасын бюджетке енгізу жолымен төлеу.
Салық хабарламасында салық төлеушінің тіркеу нөмірі; салықтық міндеттеменің сомасы; салықтық міндеттемені орындау жөніндегі талап; хабарламаны жіберуге орай негіздеме; шағымдану тәртібі көрсетіледі.
Салықтық міндеттемені орындау мерзімінде мұқият белгіленеді және осы белгілер мерзімнің өтуі оның бастауы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңи іс-әрекеттерін кейінгі келесі күні басталып, салық кезеңі аяқталған күннің соңында біледі.
Салықтық бақылау нәтижелері бойынша есептелінген салықтық, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, өсімпұлдар мен айыппұлдардың сомалары туралы салық органы жіберген салық хабарламасына орай салықтық міндеттеме салық төлеушінің қолына тапсырылған күннен кейінгі күннен бастап 10 жұмыс күннің ішінде орындалуға тиіс.
Салық органы салық кезеңі аяқталғаннан кейінгі 5 жыл ішінде салықтар мен басқа да міндетті төлемдердің бюджетке төленген сомасының дұрыстығын есептеп тексеруге немесе есептелген соманы қайтадан қарауға құқылы.
Салық салу аясындағы салық төлеуші тиісті салықтарды төлеу жөніндегі өз салықтық міндеттемесін заңда белгіленген мерзімдерде орындамаған жағдайда, уақтылы орындалмаған салықтық міндеттеме:
- салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің төленбеген сомасына өсімпұл есептеу;
- банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру;
- салық төлеушінің салық беретін өз мүлкіне билік етуін шектеу сияқты тәсілдерді қолдану арқылы қамтамасыз етеді.
Орындалу мерзімі әлдеқашан өтіп кеткен салықтық міндеттеме сомасына ҚР Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландыру ресми ставкасының 1,5 еселенген мөлшерінде мерзімі өткен әр бір күн үшін өсімпұл есептелінеді.
Салықтық міндеттеменің мерзімінде орындалуын қамтамасыз ететін “банктік шоттар бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру” тәсілі Салық кодексінде белгіленген мерзімдерде салық төлушіге хабарлана отырып жүргізіледі және салық берешегін өтеу жөніндегі операциялардан басқа салық төлеушінің барлық шығыс операцияларына қолданылады. Салық төлеушілер ретіндегі заңды тұлғаның және жеке кәсіпкердің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру ҚР заң актілерінде көзделген және белгіленген тәртіп негізінде мынадай:
- салық төлеушінің белгіленген тапсыру мерзімінің аяқталғанына қарамастан 10 жұмыс күні ішінде салық есептілігін табыс етпеуі;
- салық төлеушінің төлеу мерзімі ретінде белгіленген күннен бастап 30 жұмыс күні өткенше салық беретігін өтелеуі;
- салық органдарының лауазымды адамдарын салық кодексінде белгіленген салықтық тексеру тәртібін бұзған жағдайлардан басқа реттерде, салық салу объектілері мен салық салуға байланысты объектілерді қарап шығуға және салықтық тексеру жол бермеуі сияқты жағдайларда жүзеге асырылады.
- Салық төлеушінің банктік шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы салық органдарының өкімі Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Ұлттық Банк бірлесе отырып белгілеген нысан бойынша шығарылады және ол банк мемлекеттің немесе банктік.