Жеке кәсіпкерлік қызметті қорғау және оның кепілдіктері.
- Мемлекеттік органдардың заң актілерінде белгіленген реттерді қоспағанда жеке кәсіпкерлер қызметіне араласуға құқысы жоқ. Ал тексеру материалдары бойынша қылмыстық іс қозғалған жағдайда мұндай шектеу қолданылмайды.
- Бақылау және қадағалау міндеттерін жүзеге асыратын мемлекеттік органдар жалақының, зейнеақының, жәрдемақылардың уақытымен төленуін қадағалап бару тиіс.
- Мемлекеттік органдар жеке кәсіпкерге байланысты іс әрекеттер туралы ақпараттар беріп, оларға сұраулары бойынша қолданылып жүрген заңдарға түсіндірме тағы бақа кеңестер беруге міндетті. Ал осындай ақпараттар үшін жеке кәсіпкер заң актілерінде көзделмеген болса мемлекет тарапынан ақша тағы басқа төлем төленбейді.
- Құқық қорғау оргндарының қылмыыстық іс қозғауға және оны төлеуге байланысты іс әрекеттеріне жеке кәсіпқойлық шағым жасауға қылмыстық іс жүргізу заңдарында белгіленген тәртіппен жасалады.
- Жеке кәсіпкер әртүрлі әлеуметтік қамсыздандыру әлеуметтік және медициналық сақтандыру жүйелерін пайдалануға құқылы.
- Қазақстан Республикасында зейнетақы заңдарына сәйкес төлемдер төлеп тұрған жағдайда жеке кәсіпкерлік қызмет зейнетақы тағайындау үшін жұмсалған стажына есептеледі.
Қазақстан Республикасының “Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау “ (21 бап) туралы заңында коммерциялық құпия – дегеніміз шаруашылық субъектілерінің қаржылық, басқарушылық, технологиялық апарат, өндірістік қызметтерімен және тағы басқа жұмыстарымен байланысты мемлекеттік емес құпия болатын мүдделерге залал келтіруі мүмкін жариялаушылық.
Коммерциялық құпия фирма ашылуымен байланысты емес. Ол фирманың жұмыс істеу мерзіміне қарай жиналатын құпия. Ол экономикалық жағдайын нашарлатуы мүмкін ақпараттың нәтижесі болып табылады. Сондықтан, коммерциялық апарат негізгі мәліметтің қатарына жатады.
Коммерциялық ақпарат – бұл әр түрлі тауарлар мен қызметтер нарығында болған жағдайлар туралы мәлімет.
Коммерциялық ақпараттың өзіне тән шығу көздері болады. Негізгілері:
- нақты тауарлар бойынша маркетинг тік зерттеулер;
- сауда фирмасының жарияға түсе алынатын барлық ішкі материалдары мен құжаттары (тауар айналымы, сату шығындары, тауар қорлары, кәсіпорын пайдасы, жарнама шығындар жөніндегі мәліметтер);
- нарық жағдайы бойынша статистикалық мәліметтер жинағы.
Коммерциялық апарат консалтингтік қызметтер көрсететін арнайы фирмалардың заңды объектісі болуы мүмкін. Коммерциялық апарат коммерция үшін ешқандай мүдделі болмаса да пайда болуы мүмкін.
Коммерциялық ақпаратқа қарағанда коммерциялық құпия коммерция үшін мүддесі болған жағдайда туындайды. Ол сату объектісі де бола алады.
Жоғарыда атап кеткендей, коммерциялық құпияның пайда болуы негізі – ақпараттың жинақталу үрдісі болып есептеледі. Ол жарияланып кет пес үшін барлығын да коммерциялық құпия бөлімінде сақтау қажет.
Қандай да болмасын мәліметтерді коммерциялық құпия әдістемесімен салыстырып, экономикалық әдебиеттердегі талдауға сүйене отырып, батыс тәжірибесінде берілген ұсыныстарды атап айтуға болады.
Біріншісі. Ақпаратты құпияландыра отырып, фирма үшін қауіпсіз және түсетін экономикалық тиімділік негізінен шығу қажет. Сонымен қатар, қандай да болмасын бір ақпаратты коммерциялық құпия деп жариялай отырып сақтау шартты мәселе. Фирма қызметі өте құпияландыра отырып, бірқатар шығындар мен жоғалтуларға кездесуі де мүмкін. Себебі нарық талаптарына сай кең түрде ашық жарнама жүргізілуі керек емес пе. Сол нәтижелер де коммерциялық құпияға елемеушілік тудыруы мүмкін, оған себеп – бәсекелестік. Американдық кәсіпкерлер ақпараттың 20% жария болуы бір ай ішінде фирманың күйреуіне алып келеді деп есептейді. Болып отыратын 100 жағдайдың 60 жағдайы осыны растайды.
Екіншісі. “Ноу-хау” типті апарат міндетті түрде коммерциялық құпия тобына жатқызылуы тиіс, тіпті өз персоналынан да құпиялау қажет. Себебі, қандай болмасын қызметкер жұмыстан босап, басқа бәсекелес фирмаға жұмысқа тұрып кету қаупі бар. Ол бәсекелес фирмада бар білген құпияларын ашып тастауы ықтимал Бадан келер зиян қомақты.
Батыс елдерінде жұмысқа алынған қызметкер мен фирма арасында алдын ала келісім-шарт жасалады. Келісім-шартта қызметкер берілген жұмыстан босағаннан соң бәсекелес фирмаға жұмысқа тұрмауы жайлы айтылған. Бірақ, мұндай тектес келісімдер белгілі бір мерзімде ғана әрекет етеді. Сондай-ақ, мұндай шектеулер әрекеті кезінде сол тұлғаға сый-ақылар төленуі керек. Біздің елімізді мұндай келісімдер әлі орын алған жоқ.
Үшіншісі. Коммерциялық құпияға жатқызылатын өңделу кезеңінде жатқан немесе жаңалық ашу ұсынысы туралы ақпарат.
Жаңалық ашу ұсынысы авторлық құқық беріліп, бекіткеннен кейін де коммерциялық құпия болып қалуы мүмкін. Себебі, фирма үшін техникалық міндеттің шешілгені, яғни, жаңалық болып табылады.
Төртіншісі. Келісілген келісім – шарттар да коммерциялық құпия тобына жатқызылады.