Жер туралы заңнама – бұл жерді меншік құқығының, жер пайдалану құқығының объектісі ретінде де, мемлекеттік басқару мен қорғаудың объектісі ретінде де, нысаналы пайдаланумен байланысты құқықтық кешенін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы.
Жердің заң нормаларының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдармен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы заң актілерінде белгіленген тәртіппен жауапты болады. Құқық бұзушыларға қолданылатын шаралардың сипатына қарай жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың келесі түрлерін ажыратуға болады – жер-құқықтық, әкімшілік, мүліктік – жер – құқықтық, қылмыстық, тәртіптік, жарғылық тәртіптік- еңбек жауаптылығы.
Қазақстан Республикасының жер заңдарын бұзғаны үшін жер учаскесін алып қоюдың 2 түрін қарастырады:
- ауыл шаруашылығы өндірісіне не тұрғын үй құрылысы мен өзге де құрылысқа арналған учаске, егер Қазақстан Республикасының заңдарында неғұрлым ұзақ мерзім көзделмесе, 3 жыл ішінде тиісті мақсатында пайдаланбаған жағдайда жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін. Бұл кезеңге учаскені игеруге қажетті уақыт, сондай-ақ далей апаттар салдарынан немесе осылайша пайдалануға мүмкіндік бермеген өзге де мән-жайларға байланысты учаскені мақсаты бойынша пайдалану мүмкін болмаған уақыт кірмейді;
- егер учаскені пайдалану жерді ұтымды пайдалану ережелерін өрескел бұза отырып жүзеге асырылса, атап айтқанда, егер учаске нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылмаса немесе оны пайдалану ауыл шаруашылығы жері құнарлығының едәуір төмендеуіне не экологиялық жағдайдың едәуір нашарлауына әкеп соғатын болса, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделген жазалау шаралары қолданылғаннан кейін жер учаскесі меншік иесінен және жер пайдаланушыдан алып қойылуы мүмкін.
Егер меншік иесінің немесе жер пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының заңдарын бұзуы учаскені нысаналы мақсатқа сай пайдаланбауында болса, алып қою туралы талап – арыз бергенге дейін жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган учаскенің меншік иесінің немесе жер пайдаланудың өтініші бойынша жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгерту туралы мәселені оң шешілмеген кезде ғана талап арыз берілуі мүмкін.
- Сот шешімімен учаскені меншік иесінен немесе жер пайдаланушыдан алып қойған жағдайда жер учаскесіне меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының азаматтық, іс жүргізу және атқарушылық заңдарында белгіленген тәртіппен ашық сауда-саттықта сатылады.
Сотталған адам мен оның асырауындағы адамдар үшін қажетті, сотталған адамға жеке меншік құқығымен тиесілі немесе оның ортақ меншіктегі үлесі болып табылатын, онда үйі мен шаруашылық қоражайлары орналасқан жер учаскелері, сондай-ақ өзіндік қосалқы шаруашылықжүргізу үшін қажетті жер учаскелері Қазақстан Республикасының қылмыстық атқару заңдарында көзделген тізбеге сәйкес тәркіленбеуге тиіс.
Тәркіленген жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылады. Тәркілеу объектісі болып табылатын мұндай жер учаскелері не жер пайдалану құқығы Қазақстан Республикасы заңдарында белгіленген тәртіппен сатылуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының жер кодексі, жер туралы заңнаманың нормаларының талаптарын орындамаумен немесе бұзумен байланысты тәртіптік әрекеттердің тізілімін қарастырмайды.
Жер заңдарының бұзылуына кінәлі жеке және заңды тұлғалар, мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгіленген тәртіпте жауапты болады деп атап өтілген.
Заң жер құқығы қатынастары саласындағы құқық бұзушылықтардың белгілі бір түрлерін атаумен шектелмейді. Сол себепті, жұмысшының жұмыс уақытында жерді ұтымды пайдалану мен қорғауға қатысты жасаған кез келген құқық бұзушылығы еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырудың объектісі болып табылады.
Жер заңдарын бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылық – бұл жер құқық бұзушылықтары саласындағы заңды жауаптылықтың түрлерінің бірі. Мұндай жауаптылық тек заңдарда көзделген жағдайларда және әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамы орын алған жағдайда ғана туындайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық дегеніміз осы Кодекс бойынша әкімшілік жауаптылық тағайындалатын жеке тұлғаның құқыққа қайшы, кінәлі әрекеті немесе әрекетсіздігі.
Жер заңдарында қарастырылған құқық бұзушылықтың түрлері:
- экономикалық сипаттағы құқық бұзушылықтар: жерді өз бетімен басып алу, уақытша пайдалануға берілген жер учаскелерін уақтылы қайтармау; ішкі шаруашылықтық жерге орналастыру жобаның шегінен шыға отырып әрекет ету;
- экологиялық сипаттағы құқық бұзушылықтар: топырақтың құнарлы қабатын құрту және жою; жерлердің жағдайына кері әсер ететін мелиоративтік және өзге де жұмыстар; эрозияға қарсы міндетті шараларды орындамау және тағы басқа;
- жерге байланысты құқық бұзушылықтар, яғни, жермен байланысты тұрақты немесе уақытша жылжымайтындыққа не объектілерге қатысты құқық бұзушылықтар: шаруашылық және тұрмыстық құрылыстарды өз бетімен салу; егілген өсімдіктер мен дақылдарды улау, зақымдау, жол құрылыстарына қасақана зиян келтіру.
Қылмыстық жауаптылық жауаптылықтың мейлінше ауыр нысаны болып табылады және ол әкімшілік және тәртіптік жауаптылыққа қарағанда соттың кінәлі тұлғаға қоғамдық қауіптің жоғары деңгейін білдіретін әрекеті үшін қолданылатынымен ерекшеленеді.
Қылмыстық жауаптылықтың жалғызнегізі болып қылмысты, яғни, Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексімен көзделген қылмыс құрамының барлық белгілеріне не әрекетті немесе әрекетсіздікті жасау табылады.
Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексі экологиялық қылмыстарды, шаруашылық және өзге де қызметке қатысты экологиялық талаптарын сияқты қылмыстарды қарастырады.