Жерге орналастыру жер катынастарын реттеуге, жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды ұйымдарға бағытталған Қазақстан Республикасының жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жүйесі болып табылады.
Жерге орналастыру меншік нысанына тиесілігіне және оларда шаруашылық жүргізу нысанына қарамастан, барлық санаттағы жерде жүргізіледі.
Жерге орналастыру мыналарды қамтиды:
- ландшафтық – экологиялық көзқарас негізінде жерге орналастырудың, жерді аймақтарға бөлудің республикалық, облыстық және аймақтық жобаларын және жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді;
- қолданыстағы жер пайдалануды қалыптастыру және ретке келтіру жөніндегі шаруашылықаралық жерге орналастыру жобаларын жасауды, белгілі бір жерде жер учаскелерін бөліп беру мен шекарасын белгілеуді, жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар жасауды;
- белгілі бір жерде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді, олардың жер шаруашылық орналастыру жобаларын жасауды;
- белгілі бір жерде әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше шарттары бар басқа да жер учаскелерінің шекарасын белгілеуді;
- жерге орналастыру, бүлінген жерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобаларын, сондай-ақ жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобалар әзірлеуді;
- жерді түгендеу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысанасы мақсатында пайдаланылмай отырған жерді анықтауды;
- топографиялық – геодезиялық, картографиялық, топырақты зерттеу, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді;
- жер ресурстарын жай-күйі мен пайдаланылуының тақырыптық карталары мен атластарын жасауды.
Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі бойынша не жер учаскелерінің мүдделі меншік иелерінің немесе жер пайдаланудың өтінімі бойынша, сондай-ақ жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық органдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Жерге орналастыру жұмыстарын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуге белгіленген тәртіппен лицензия алған заңды тұлғалар мен азаматтар орындайды.
Жерге орналастыру жұмыстарын орындау тәртібі мен технологиясы жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін норматив тік құқықтық актілермен белгіленеді, олар жерге орналастыру жұмыстарын орындаушылардың барлығы үшін міндетті.
Жерге орналастырудың негізгі міндеттері болып мыналар табылады:
- жерлерді ұтымды пайдалану мен қорғауды жоспарлау және ұйымдастыру;
- жер ресурстарын ҚР табиғи жағдайларды кешенді бақылау жүйесінде зерттеу;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік – конструкторлық жұмыстарды орындау, жерге орналастыру, жер кадастры, жер мониторингі және жер – бағалаушылық жұмыстары бойынша ғылыми-зерттеу бағдарламаларды, әдістемелерді, ұсыныстар мен нұсқаулар жасау;
- шекараларда әкімшілік – аумақтық құрылымдарды, меншік иелерінің, жер пайдаланудың жер учаскелерін орнықтыра және бекіте отырып жерге орналастыру және тиісті материалдар мен құжаттарды рәсімдеу, меншікке немесе жер пайдаланушыға берілген жерлерді шарттары мен режимін белгілеуге байланысты ұсыныстар жасау;
- табиғи ландшафттарды жақсартуға және жетілдіруге, жерлерді қорғауға, топырақтың құнарлығын сақтау мен арттыруға, жаңа ауыл шаруашылығы алқаптарын игеруге және қолда бар алқаптардың жағдайын жақсартуға, жерлерді эрозиядан және арттыруға, селден, су басудан, құрғаудан, қоқыстанудан, кейінгі тұзданудан, шөлденуден, химиялық, радиоактивтік және өндірістік қалдықтардан ластанудан және басқа да кері құбылыстардан қорғауға бағытталған шараларды даярлау;
- жерлердің саны, сапасы туралы ақпаратты дайындау;
- жер-бағалаушылық жұмыстарын жүргізу және ауыл шаруашылығы алқаптарын ауыл шаруашылығын жүргізумен байланысты емес мақсаттарда пайдалану үшін алып қою кезінде ауыл шаруашылығы өндірісінің анықтау;
- жерді аймақтарға бөлу.
Жерге орналастыру кезеңдері:
- жерге орналастыру ісін жүргізуді бастау;
- дайындық жұмыстары;
- жерге орналастыру болжамдарын, схемаларын, бағдарламалары мен жобаларын әзірлеу;
- жерге орналастыру құжаттамасын қарау, келісу және бекіту;
- жерге орналастыру жобасын орындау.
- Жер мониторингі болып жатқан өзгерістерді уақтылы анықтау, оларды бағалау, одан әрі дамуын болжау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен оның зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында жүргізілетін жер қорының сапалық және мөлшерлік жай-күйін бастапқы, жедел, мерзімді байқау жүйесін білдіреді.
Жер мониторингі қоршаған табиғи ортаның жай-күйі мониторингінің құрамдас бөлігі және сонымен бір мезгілде басқа да табиғи ортаға моніторинг жүргізу үшін база болып табылады.
Жерге меншік нысандарына жердің нысаналы мақсаты мен пайдаланылу сипатына қарамастан Қазақстан Республикасының барлық жері жер мониторингінің объектісі болып табылады.
Жер мониторингінің міндеттері:
- жердің жай-күйінің өзгерістерін уақтылы анықтау, оларды бағалау, болжам жасау және кері әсері бар процестерді болдырмау мен зардаптарын жою жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
- мемлекеттік жер кадастрын жүргізуді, жерге орналастыруды, жерді пайдалану мен қорғауды бақылауды және жер ресурстарын мемлекеттік басқарудың өзге де функцияларын қамтамасыз ету.
Жерді жүйелі түрде бақылаудың, суретке түсірудің, зерттеудің, түгендеудің нәтижелері жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың материалдары, мұрағаттық деректер, жердің сапалық жай-күйі туралы басқа да мәліметтер жер мониторингі үшін апарат көздері болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы жерінің табиғи және шаруашылық жағдайы, жер учаскелерінің орналасқан жері, нысаналы пайдаланылуы, мөлшері мен шекарасы, олардың сапалық сипаттамасы туралы, жер пайдаланудың есепке алынуы мен жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы мәліметтердің, өзге де қажетті мәліметтердің жүйесі болып табылады.
Мемлекеттік жер кадастры Қазақстан Республикасы мемлекеттік кадастрлар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады және жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті орган өздеріне қатысты алғанда мемлекеттік басқару органы болып табылады, мамандандырылған республикалық мемлекеттік кәсіпорындар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында бірыңғай жүйе бойынша жүргізеді.
Мемлекеттік жер кадастры жұмысы:
- жер учаскесінің кадастрлық ісін қалыптастыруды;
- жердің мөлшері мен сапасын есепке алуды;
- жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдалануды, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерін есепке алуды;
- мемлекеттік тіркеу мақсаты үшін жер учаскелерін есепке алуды;
- жерді мемлекеттік кадастрлық бағалау мен топырақты бағалауды;
- жер учаскелері мен олардың субъектілері туралы деректер банкін, сондай-ақ басқа да жер – кадастрлық ақпаратты қағаз бетінде және электрондық түрде жинақтауды, өңдеу мен жүргізуді;
- мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құру мен жүргізуді;
- жер – кадастр карталарын, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау мен жүргізуді.