Жерге мемлекеттік меншік құқығы барлық Қазақстан Республикасында алғаш ретКонституцияда КСРО құрамында болған кезде орнықтырылып, Қазақстан Республикасында 1995 жылғы Конституциясында бекітілді.
Мемлекеттік меншік құқығы барлық жерлерді қазіргі кезгі және болашақ ұрпақтардың мүддесі үшін жоспарлы және ұтымды түрде пайдалануға мүмкіндік береді.
Меншікті пайдалану қоғамның игілігіне қызмет етуі тиіс.
Қазақстан Республикасының Конституциясы меншік құқығы мәселесінде меншікті пайдалану құқығын алғашқы орынға қояды, себебі, жерге мемлекеттік меншік пен жеке меншік құқықтарының негізгі мазмұны болып қоғамның игілігіне қызмет ететін жерді пайдалану құқығы табылады.
Жерге жеке меншік құқығы осы құқық субъектілерінің топырақ құнарлығын жер айналымын арттыруға, экологиялық салауаттылықты қамтамасыз етуге қатысты материалдық мүдделерін арттырады.
Жер, оның қойнауы, су көздері, өсімдіктер және жануарлар дүниесі басқа да табиғи ресурстар мемлекеттік меншікте болады.
- Жердің меншік объектісі ретіндегі ерекшелігі оның кеңістікте белгілі бір шекарада шектелуінен, жылжымайтындығынан және табиғи жағдайлар мен қоршаған ортаға тәуелділігінен байқалады.
“Заттық” құқық терминін қолдану Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына қайшы келеді. Қазақстан Республикасы Конституциясы жерді екі мағынада қарастырады: біріншіден табиғи ресурс, екіншіден меншік құқығы ретінде.
Жерге меншік құқығы және жер пайдалану құқығы – бұл жерді табиғи орта мен оның жағдайларынан ажыратылмайтын нағыз табиғи объект ретінде пайдалану мен оған меншіктің ерекше түрлері.
Жер пайдалану құқығы – бұл тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін мерзімсіз немесе белгілі бір мерзімде, ақылы немесе ақысыз негізде иелену және пайдалану құқығы.
- Жер учаскесіне меншік құқығы мына жолдар арқылы туындайды.
- меншік құқығын табыстау;
- меншік құқығын беру;
- меншік құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртібі бойынша ауысуы.
Жер учаскесіне меншік құқығы келесі негіздерде туындайды:
- мемлекеттік органдар актілері негізінде;
- азаматтық-құқықтық мәмілелер негізінде;
- ҚР заңдарында көзделген өзге де негіздерде.
Құқық белгілейтін құжаттарға атқарушы органдардың жер учаскесіне құқықты табыстау туралы құқықтық актілері, сату-сатып алу шарттары (айырбас, сыйға тарту және жер учаскесін беру туралы басқа да мәмілелер) және сот органдарының жер учаскесіне меншік құқығын, жер пайдалану құқығын және жерге қатысты басқа да құқықтарды тануы туралы шешімдері жатады.
Мемлекеттік меншіктегі жерден жер учаскелері:
- жеке меншікке сатылуы немесе ақысыз берілуі;
- тұрақты немесе уақытша жер пайдалануға берілуі;
- жер туралы кодексте ҚР өзге де заң актілерінде немесе халықаралық шарттарда көзделген жағдайларда құқықтық нысандарда жүзеге асырылуы мүмкін.
- Жер учаскесі – меншік құқығының, жер пайдалану құқығының және өзге де заттық құқықтардың объектісі ретінде:
- жер учаскелерін объектілер құрылысы үшін беру;
- құрылысқа байланысты емес жер учаскелерін беру;
- оралмандарға жер учаскелерін беру;
- мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сауда – саттықта алу;
- мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін төлеу мерзімін ұзартып сату кезінде оларға құқықтар алу;
- мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтар алу.
Билік ету функциясының нысандары болып мыналар табылады:
- меншік құқығынан бас тарту;
- жеке жер учаскесін сату;
- меншік иесінің жер учаскесін сыйға тартуы;
- жер учаскесін жеке меншік құқығы негізінде иеленген азамат қайтыс болғанда мұраға;
- меншік иесінің немесе жер пайдаланушының міндеттемелері бойынша жер учаскесінен немесе жер пайдалану құқығынан өндіріп алу.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілері болып жеке меншікке берілмеген жерлердің барлығы табылады.
Жеке меншіктің объектілері болып елді мекендер, ауыл шаруашылық мақсатындағы, орман және су қорларының жерлері табылады.
Жеке меншіктегі болуға тыйым салынатын жер учаскелері:
- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне, ҚР мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік – техникалық құрылыстар, коммуникациялар орналасқан, кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- орман қорының жері;
- су қорының жері;
- магистральдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері.
Азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың бөлек меншігінетөмендегі жер учаскелері берілмейді:
- тұрғын халықтың қажетіне арнап пайдаланған және соған арналған жайылымдық және шабындық алқаптар;
- ортақ пайдаланудағы жолдар, оның ішінде шаруашылықаралық және мекенаралық маңызы бар, сондай-ақ, ортақ пайдаланудағы жер учаскелеріне өтуге арналған жолдар;
- жер учаскелерінің екі немесе одан көп меншік иелері не жер пайдаланушылар бірлесіп пайдаланған суландыру құрылыстары орналасқан жер учаскелері.
Мемлекет – ҚР меншік құқығының субъектісі ретінде белгілі бір әрекеттерді өз бетімен жүзеге асыру құқығына ие.
Жер иелену құқығы – жерді іс жүзінде иеленуді жүзеге асырудың заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі.
Жер пайдалану құқығы – тұлғаның мемлекеттік меншіктегі жер учаскесін ақылы және ақысыз негізде шектеусіз мерзімге немесе белгілі бір мерзім ішінде иелену және пайдалану құқығы.
Жерге билік ету құқығы — мемлекеттің ҚР аумағындағы жерді заңдық тағдырын айқындаудағы заңмен қамтамасыз етілген құқығы, сондай-ақ жердің жеке меншік иесінің өз жер учаскесіне қатысты ҚР заң аткілерінде тыйым салынбаған мәмілелер жасауға құқығы.
Қазақстан Республикасы аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі болып табылады.
Жеке меншік құқығының субъектілері болып шарттар мен шектерде азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар табылады.
Кондоминиум – жылжымайтын мүлікке меншіктің ерекше нысаны, бұл ретте жылжымайтын мүліктің жекелеген бөліктері жеке және заңды тұлғалардың бөлек меншігінде болады, ал жылжымайтын мүліктің бөлек меншікке жатпайтын бөліктері, оның ішнде жер учаскесі де, оларға ортақ үлестік меншік құқығымен тиесілі болады және бөлек меншігіндегі жылжымайтын мүлік бөліктеріне құқықтардан ажыратылмайды.