Нотариус бірлескен меншік құқығындағы мүлкі бар адамдардың бірлескен жазбаша өтініші бойынша ортақ мүліктегі үлесін алуға тілек білдірген адамға
немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы еуәлік береді.Ортақ меншіктегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік осы мүлік орналасқан жерде беріледі.Мүлкі ортақ бірлескен меншікте тұрған адмдардың бірлескен жазбаша арызы бойынша нотариус ортақ мүліктегі үлесті алуды қалаған адамға немесе адамдарға осындай үлеске меншік құқығы туралы кәлік береді.
Жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы кәлік берген кезде нотариус мыналарды талап етеді;
- неке қатынастарын куәландыратын құжат( неке туралы куәлік);
- ортақ бірлескен меншік режимінен ерекшеленетін,мүліктің өзге режимін белгілейтін неке келісімінің бұрын олардың арасында жасалғандығы туралы жұбайлардың арызы;
- белгіленген тәртіпте тіркелген жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттар;
- құқықтық кадастырдың тіркеу парағынан алынған көшірме;
- автомотокөлік құралдарына техникалық төлқұжат(тіркеу туралы куәлік және т.б),кеме муәлігі т.б.
- жұбайлар мүлкінің құрамы мен мөлшерін растайтын өзге де құжаттар (тұрғын үй құрылыс,тұрғын үй және өндірістік кооперативтердегі жинақтар,ақша салымдары,шаруашылық серіктестіктерінің жарғылық капиталдарындағы үлестер).
Мүлікті бағалау актісі бұл жұбайлар арасындағы келісімде айқындалған жағдайда талап етіледі.Козі тірі жұбайына жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске құқық туралы куәлік берген кезде нотарйус осы Нұсқаулықтың 225 тармағында аталған құжаттардың басқа қайтыс болу туралы куәлікті талап етеді.
Жұбайларың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлікті мұра ашылған жердегі нотариус көзі тірі жұбайдың жазбаша өтініші бойынша мұраны қабылдаған мұрагерлер мұндай куәліктің берілуіне қарсы болмаған жағдайда ғана, мұрагерлік құқық туралы куәлік берілгенге дейін бір уақытта сонымен бірге бере алады.
Егер көзі тірі жұбай мұраға құқық туралы куәлік берілген соң жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі жүгінсе, нотариус оған сотқа бару тәртібін түсіндіреді.
Жұбайлардың бірі қайтыс болған жағдайда жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру туралы көзі тірі жұбайдың мұраны қабылдаған мұрагерлеріне почта арқылы хабар жолдайды, онда көзі тірі жұбайдың үлесіне меншік құқығы туралы куәлік беруді өтінген жұбайлардың ортақ мүлкінің құрамы көрсетіледі, сондай-ақ осындай куәлік беру туралы наразылықтар болған ретте сотқа жүгіну тәртібі түсіндіріледі.
Мұрагерлердің қатарында әрекет қабілеті жоқ(әрекет қабілеті шектеулі) азаматтар болған жағдайда хабар қамқоршы және қорғаншы органға да қолданады.
Егер қайтыс болған жұбайдың мұрагерлері нотариусқа өздері келсе, оларға нотариус осы Нұсқаудың 229-бабында аталған жағдайлар туралы ауызша түрде хабарлайды, бұл жөнінде жұбайлардың ортақ мүлкіндегі үлеске меншік құқығы туралы куәлік беру жөніндегі көзі тірі жұбайдың арызына мұрагердің қолы қойылып, белгі соғылады.ф