Қазақстан Республикасындағы нотариат-құқықтар мен фактілерді куәландыруға, сондай-ақ заңда көзделген өзге-де міндеттерді жүзеге асыруға бағытталған нотариаттық іс-әрекеттерді жасау арқылы жеке және заңды тұлғалардың құқтары мен заңды мүдделнрін қорғаудың заң жүзінде бекітілген жүйесі.
Заңмен белгіленген жағдайлармен шектерде натариаттық іс-әрекеттер жасауға мыналардың құқықтары бар:
- мемлекеттік натариат кеңселерінде жұмыс істейтін нотариустар (мемлекеттік нотатиустар) мен жеке практикамен айналысатын нотариустар (жекеше нотариустар);
- жергілікті атқарушы органдардың нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті лауазымды адамдар;
- Қазақстан Республикасының атынан консулдық қызмет атқаратын адамдар;
- Осы Заңмен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті өзге де адамдар;
Нотариат туралы заңдар Азаматтық кодекс нормаларынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының нотариаттық қызметті реттейтін өзге де заңдарынан тұрады.
Нотариаттық қызмет-нотариустың және өзге де уәкілетті адамдардың осы Заңмен көзделген нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы.
Нотариустар мен нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілетті басқа да адамдар натариаттық іс-әрекеттер жасағанда тәуелсіз болады және тек қана заңға бағынады. Бұл орайда олар осы Заңды және басқа нармативтік құқықтық актілерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекіткен, осындай қызметті реттейтінхалықаралық шарттарды басшылыққа алады.
Жеке және заңды тұлғаларға олардың жасаған нотариаттық іс-әрекеттерінің құпиясын сақтауға кепілдік береді.
Нотраиус ретінде қызметін тоқтатқан адамдар нотариаттық іс -әрекеттерінің құпиясын сақтауға міндетті.
Натариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер, нотаріус берген құжаттардың көшірмелері немесе дубликаттары тапсырысы бойынша нотариаттық іс-әрекеттер жүргізілген заңды жеке тұлғаларға, не олардың уәкілетті адамдарына ғана бері леді.
Нотариаттық іс-әрекеттер туралы мәліметтер мен құжаттар өздері жүргізіп жатқан істер бойынша соттың, тергеу және анықтау органдарының жазбаша талап етуі бойыеша, прокуратура органдарына, сондай-ақ әділет органдарына және осы Заңмен нотариустар қызметін тексеруді жүзеге асыруға уәкілдік берілген нотаріат палаталарына бері леді.
Жасалған нотариаттық іс-әрекет туралы мәліметтерді қасақана жария еткен адамдар заңдарға сәйкес жауап береді.
Меншік нысанына қарамастан, заңды тұлғалар және лауазымды адамдар нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға қажетті мәліметтер мен құжаттарды нотаріус оларды талап еткен кезден бастап он күн мерзімнен кешіктірмей нотариусқа табыс етуге міндетті.
Өсиеттер туралы мәліметтер, өсиеттердің дубликаттары мен көшірмелері мүдделі адамдарға, егер заңдарға өзгеше белгіленсе, өсиет Беруні өлгеннен кейін ғана бері леді.
ҚР-ғы нотариат.
Жоғарғы заң білімі және әдетт заң мамандығы жөнінен кемінде екі жыл жұмыс стажы бар, мемлекеттік немесе жеке натариус сынағынан өткен, Әділет білктілік алқасында біліктілік емтиханын тапсырып, нотариаттық қызметпен айналысу құқығына лицензия бола алады.
Жекеше және мемлекеттк нотариустардың нотариаттық қызметті жүзеге асырған кездегі асырған кездегі құқықтары, міндеттерітең болады. Олар ресімделген құжаттардың бірдей заң күші болады.
Осы баптың 1-тармағында көзделген лицензиясы жоқ адамдардың (осы Заңның 1-бабындағы 2-тармақтың 2) және3) тармақшаларында аталған адамдарды қоспағанда) натариаттық іс-әрекеттер жасауы не нотаріат туралы заңдарының өзге де талаптардын бұзып жасауы және сол іс-әрекеттерден табыс табуы заңдарға сәйкес жауапты болуға әкеп соғады.
Нотариустың көмекшілері мен сынақтан өтушілері болуы мүмкін.Қазақстан Республикасының азаматы ғана нотариустың көмекші бола алады.
Нотариустың көмекшісі жеке практикамен айналысатын нотариусқа еңбек шартының негізінде жұмыс істей алады немесе мемлекеттік нотаріат кеңсесінің құрамында бола алады.
Нотариустың көмекшісі нотариустың тапсырмаларын нотариустың нұсқауымен және жауапкершілігімен орындауға құқылы.
Қазақстан Республикасының жоғарғы заң біліі бар азаматтары нотариустың сынақтан өтушілері бола алады. Сынақтан өтушілер жеке практикамен айналысатын нотариустарда немесе мемлекеттік нотариустыардың сынақтан өту туралы шарт негізінде сынақтан өтеді.
Нотариустардың сынақтан өтушілердің сынақтан өтудің тәртібі, мерзімі мен шарттары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі бекітетін Нотариустардың сынақтан өтушілері тулалы ережемен белгіленеді.
Нотариаттық қызметпен айналысу құқығына Әділетбіліктілік алқасының ұсынуымен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі берген лицензия (нотаріус лицензиясы) нотариусқа нотариаттық іс-әрекеттер жасауға уәкілдік береді.
Нотариуслицензиясын алуға қажетті құжаттардың тізбесін Әділет біліктілік алқасы, ал лицензияның берілу мерзімі мен тәртібін Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі белгілейді.
Нотариус лицензиясы мерзімі шектелмей берілетін, бастр лицензия болып табылады және ол Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданылады.
Нотариус лицензиясын беру үшін алым алынады, оның мөлшері мен төлеу тәртібі салық заңдарында белгіленеді.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі жекеше нотариустар лицензияларының Мемлекеттік тізілімін жүргізеді және ведомствалық баспасөз органында нотариаттық қызмет пен айналысуға лицензия берілген адамдар туралы мәліметтер жариялайды, онда:
- нотариустың тегі, аты әкесінің аты;
- лицензия берілген күн мен оның нөмірі көрсетіледі.
Нотаріус лицензиясын алған, бірақ нотариаттық іс-әрекеттер жасауға үш жыл бойы кіріспеген адамның нотариаттық қызметпен айналысуға біліктілік емтиханын қайталап тапсырғаннан кейін ғана рұқсат етіледі.