Қазіргі реалистік живопись пен графикада көлеңке үлкен роль атқарады. Оларды түрліше орналастыра отырып суретші едәуір дәрежеде өз композициясын ұйымдастырады , өзінің көркемдік ойларын іске асырады. Бейнелеудегі көлеңкелердің сипаты мен бөлінуінің ролі алуан түрлі: олар заттардың рельефін , олардың кеңістіктегі орналасу жайын, ауа райының жай күйін және т. б. береді.
Өз творчествосында көлеңкелерді шебер пайдалана білу және олардың көмегімен өз ойларын еркін бере білу үшін ең алдымен олардың пайда болу заңдарын білу керек.
Табиғи және жасанды жарық кезінде көлеңкелердің пайда болуы түрліше өтеді. Басты айырмашылық табиғи жарық көзі – күн бізден өлшеусіз алыста болғандықтан, оның сәулелері іс жүзінде паралель түсетіндігімен анықталады. Ал жарықтың жасанды көзі жарық түсіп тұрған затқа қатысы жағынан онша алыс орналаспайды да оның сәулелері бізге тарамдалып тарап жатқан сияқты болып қабылданады.
Жасанды жарықкезіндекөлеңкелерді құру былайжасалады. Шырағданды нүкте (S ) депқабылдап,оныңтөбедегі,қабырғаларменедендегіпроекциаларын (S1, ,S2S3 және S4 нүктелерін)құрамыз.Sжарықкөзіненқандайдабірзаттыең шеткінүктесі арқылы (мысалы,картинаның солжағындағы бұрыш арқылы)сәулесызықты солсәуле сызықпроекцясымен(яғниS3нүктесіненқабырға бойымен баражатқан сызықпен)қиылысқанғадейінжүргізе отырып,картинадантүскенкөленкеніңбұрышын аламыз(3нүкте). Бұлкөленкеніңжоғарғы шегіалынған3 нүктеден Рқиылысунүктесінекетеді . Суреттетөбедегібөренеден, орындықтарменқабырғадағыкартинаданжәнеедендегітумбочкадантүскен көленкелердіқұрудың алуантүрліварианттарыкөрсетілген (33- сурет).