Жарық көзінің орналасуына мысалдар.
Перспективада көлеңке құру, аксонометриядағыдай, жарық көзінің кез –келген нүктесінен алынып құрылады. Жарық көзінің көз нүктесіне қатысты сегіз түрлі орналасуы мен көлеңкесі горизонталь жазықтыққа түсетін екі вертикаль кесінділердің сегіз түрлі орналасуы 22.32 – суретте көрсетілген. Бұл жерде кесінділердің жоғары А және В нүктелерінің көлеңкелері, берілген нүктелер арқылы өтетін горизонталь орналасқан сәуле ізі сияқты табылған. Мысалдар да көрсетілгендей вертикаль түзулердің көлеңкелері көкжиек сызығына ұштасып жатқан нүкте сызық бойына салынған, ал көлеңке ұзындығы, кесіндінің жоғарғы нүктесінен өтетін жарық сәулесі мен көлеңке түсіп тұрған жазықтық пен қиылысып тұрған нүктемен анықталады.
Жарық сәулесінің бағытын бейнеленетін заттың пішініне байланысты және сол затты жарықтандырудағы қалауы бойынша таңдалады. Бірақ көлеңеке түсіру басты мақсат болмағандықтан эстетикалық талаптарға мән беріп, көлеңкені тек заттың пішіні мен пропорцияларын көрсету үшін ғана пайдалану қажет.
Арка мен колонналардан тұратын құрылыстардың көлеңкесін түсіргенде келуші көлеңке қолданылады. Бұл жағдайда жарық сәулелері ойықтардан түсіп, көлеңке – жарық эффектісі тамаша көрінеді.