- Бастауыш төрт сыныптың барлық сабақтарында синтаксис элементі, әсіресе сөйлем ұғымы өзегін үзбестен желі тартып отырады. Бастауыш сыныптарда сөйлем ұғымы мынадай бес сала бойыншы беріледі.
Әліппе кезеңінде сөйлемнің ойды білдіретіні, оқығанда, айтқанда сөйлемнің соңынан кідіріс жасалатыны түсіндіріледі.Сөйлемнің сөзден, сөздің дыбыстан жасалатынын түсіндіру жөнінде мектеп бағдарламасы сөйлем ұғымынан алғаш танытылатын білімнің мазмұнын белгілеп береді.Мұғалімдер қай сыныпта нені өтіп жатса оны синтаксиске байланыстырмай өте алмайды.
Бастауыш сыныптарда негізгі тақырып — сөйлем. Балалар сөйлем материалдары арқылыдұрыс сөйлеуге , сөз формаларын өзгерту, сөйлемдегі сөздердің өзарас байланысын табу жолдарын үйренеді, сонымен бірге грамматикалық ұғымдарды, орфографиялық және орфоэпиялық дағдыларды меңгереді.Жеке сөздер мен сөздердің өзара байланысты тіркестері ойды білдіретін сөйлемнің құрылыс материалы ретіндежұмсалады.
- Өзінің ойын айтып немесе жазып білдіру үшін , оқушылардың сөйлемді саналы түрде пайдалана аларлықтай білікпен қарулануының ерекше маңызы бар.
Оқушыларға тіліміздің морфологиялық, лексика, орфография, орфоэпия заңдылықтарын синтаксистік негізде меңгерту үшін, сөйлемді тану жолындағы практикалық жұмыстардың маңызы зор. Балалар әрбір сөз табының тіліміздегі ролін сөйлем ішінде ғана айқын тани алады.Өйткені тіліміздегі сөздер дербес алынғандаәр алуан мағына береді.
Әр сөз сөйлем құрамында бір ғана мәнге ие болады. Сондықтан оқушыларға синтаксистен берілетін білім сөйлем туралы түсініктен басталады.