- Тіліміздегі кейбір сөздер бір емес, бірнеше мағынада қолданыла береді. Мыс. Бас деген сөз 1) адамның дене мүшесі, 2) таудың шыңы, ең биік жері, 3) бұлақтың шығар жері, 4) іс-әрекет болып жатқан жер (жұмыс басы), т.б мағыналарда жұмсалады. Әрине, ол мағыналардың бір-бірімен байланысы да бар. Міне, осындай сөздің бірнеше мағынаны білдіре алуын – сөздің көп мағыналылығы немесе полисемия деп атайды.
Бірақ әртүрлі мағына білдіргенімен, бірдей айтылатын сөздердің барлығы да көп мағыналылыққа жата бермейді. Мыс: Балаға ат қойылды. Ат арқандаулы тұр. Сен мылтық ат деген үш сөйлемдегі ат сөздері әртүрлі мағына береді. Бұл сөздердің білдіретін мағыналарының арасында байланыс жоқ, олар кездейсоқ қана айтылуы жағынан ұқсас келген. Сөйтіп, айтылуы бірдей болғанымен, мағынасы басқа-басқа болатын сөздерді омоним сөздер деп атайды.Фразеологиялық байлаулы мағына – сөздіәң белгілі ғана сөздермен тіркесуі арқылы, яғни фразеологиялық тіркестерде берілетін лексикалық мағынасы. Сөз өзінің тура атауыштық мағынасында заттар мен құбылыстарға тікелей бағытталып, қыруар сөздермен тіркесіп, айтылуға өте-мөтебейім келсе, фразеологиялық байлаулы мағынада кез келген сөзбен емес , санамалы арнаулы сөздермен ғана тіркесіп қолданады.Мәселен, қысырдеген сөз төлдемейтін, бойдақ деген өзінің тура мағынасында қысыр бие, қысыр сиыр, қысыр мал. деп. бірқыдыру сөзбен емін ер кін айтыла береді. Ал қысырсөз деген тұрақты тіркестің құұрамындағы қысыр деген сөз, мәнсіс деген мағынаны білдіріп, атауыш (еркін) мағынада емес, фразеологиялық байлаулы мағынада қолданылып тұр. Оның байлаулы мағынасы тек сөз дегентіркескенде айқындалады. Қазақ тілінде құлқын деген сөздің тура мағынасы ындын ындындеген ұғымды білдіреді. Осыдан құлқыны құрыды,құлқынның құлы деген фразеологиялық тіркестер жасалған. Ал құлқын сәрі деген тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы құлқын сөзі тура мағынасынан біржова ажырап, өте, тым, ертедеген фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалынып отыр. Құлқын сөзі фразеологиялық байлаулы мағынаға тек сәрі деген сөзбентіркескенде ғана ие болады. Қасқа жол., қасқа бұлақ деген тұрақты сөз тіркесінің құрамындағы қасқа деген сөз түс мағынасына емес, анық, айқын, сонадан көрінетін деген фразеологиялық байлаулы мағынада жұмсалады. Бұл мағына өзге сөздермен тіркескенде емес, тек жол, бұлақ сөздерімен тіркескенде ғана көрінеді. Демен, фразеологиялық байлаулы мағына тіркесіп айтылған сөздерге тікелей бағынышты болып тұрады. Солардың лексика-грамматикалық тұрғыда өзара тығыз байланысуынан көрінеді. Сондықтан да бұлар тура (еркін) мағынадан ажыратылып, сөздің фразеологиялық байлаулы мағынасы деп. аталады. Фразеологиялық байлаулы мағынаға ие болған тұрақты сөз тіркестернің көбінесе синонимдік баламалары болады. Мәселен, бала жігіт, бала буркіт дегендегі бала сөзін жас дегенмен ауыстыруға келеді. Аталы сөз дегендегі аталы сөзін орынды, орнын тапчан жүйелі сөз деуге болдаы. Су жорға, судай жорғалегенді су төгілмес жорға, төрт аяғын тең басқан жорға, шайқалған жорға деуге келеді. Ата қоныс, ата дәулет дегендегі ата деген сөзді байырғы, ежелгі деген синонимдермен әбден алмастыруға болады.Слайда, бұлар басқадай сөзбен сол мағынаны айқындап түсіндіріп бергенімен, фразеологиялық байлаулы мағынадағы көрінген сөз тіркесінің бейнелілігінен үзілді-кесілді қол үзеді. Бұлай еткенде өзгерген түрі тұрақты тіркес болу қабілетін мүлдем жояды. Тура мағынадағы сөздердіңқолдану шеңбері соншалықты кең , ал фразеологиялық байлаулы мағынадағы сөздердің қолдану өрісі соншалықты тар, шектеулі деп. бір-біріне қарама-қарсы қойып айту , лексикалық мағыналардыңөзара кереғарлығынан, алшақтығынан шыққан.
29-жаттығу. Төмендегі сөз тіркестерінен тұрақты тіркестерді қолданып,сөйлем құрастырып жазыңыз.
- Әділ адам, әбігер іс, әдепті қыз, асыл әже, іскер әкім, әсем ән, әулие баба, әлімжеттік жасама, әншіл қауым, әзіл сөз, әдеп сақтау.
Мақалдардың өзіне тән ерекшеліктері. Қазақ мақалдарынын өзіне тән негізгі бірінші ерекшелігі аз сөзбен көпмағына беретінінде аз сөз алтын- көп сөз көмір — дей отырып халық өзінің мақалдарында мазмұнды әңгіменің тобықтай түйінін береді. Ой пікірін көз қарасын әрі терең әрі ашық айтады. Мақалдың сөз саралауы, олпы-солпы болмайды, етек-жеңі жинала келеді. Ішкі құрылысы жағынан алғанда мақалдар екі түрлібіріншісі айтайын деген ойын ашық етіп, бірден турасынан білдіреді. Жауды алғанжаралы қалады, Бірлігі жоқтың тірлігі жоқ, т.б.
Екіншісі негізгі ойды астарлап айтады. Ғибратбілдіретін мақалдар. Қазақ мақалдарының біразыосы соңғы түрге енеді. Бұған мысалы: жығылсаңнардан жығыл, Сырын білмеген аттың артынан жүрме дегенмақалдарды жатқызуға болады.
Жығылсаң нардан жығыл дегенде, нардан жығылып құлауды айтып тұрған жоқ, нардан үлкенге ұмтыл,мақсатыңа жете алмасаң, ол айып емес деген ойды білдіреді. Сырын білмегенненаттың сыртынан жүрме дегендетура маған болумен қатар, астарлап айтылғанжанама мағана бар. Ол сырлас болмаған сырын білмеген адаммен бір ден ашша-жай болудың қолайсыз жағдайға душареткенін аңғартады.
Мәтел. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ бұлардың өзара айырмашылығы бар. Басты айырмашылық бұлардың мазмұнында. Мақалды алсақ оның мазмұнында өмірде болған елеулі оқиға , әңгімелер жатады. Мәтел айтайын дегенойын турасынан білдірмей жанама түрінде , әр түрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізеді. Кейбір сөзді тыңдаушы өзі аңғарыптүсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекешелігі болып табылады