Семосиология

  1. Семосиология тіліміздегі сөздердің мағанасын қарастырады. Тіліміздегі сөздердің мағынасы алуан түрлі болып келеді. Қарсы мәнде айтылатын сөздер – антонимдер, мағанасы бір-біріне жақын сөздер – синонимдер, дыбысталуы бір мағанасы бір-біріне жуымайтын сөздер бар. Бұл лексикологияның семосиология саласында қарастырылады.

Тіліміздегі кейбір сөздер бір емес, бірнеше мағынада қолданыла береді. Мыс. Бас деген сөз 1) адамның дене мүшесі, 2) таудың шыңы, ең биік жері, 3) бұлақтың шығар жері, 4) іс-әрекет болып жатқан жер (жұмыс басы), т.б мағыналарда жұмсалады. Әрине, ол мағыналардың бір-бірімен байланысыда бар. Міне, осындай сөздің бірнеше мағынаны білдіре алуын – сөздің көп мағыналылығы немесе полисемия деп атайды.

 Бірақ әртүрлі мағына білдіргенімен, бірдей айтылатын сөздердің барлығы да көп мағыналылыққа жата бермейді. Мыс: Балаға ат қойылды. Ат арқандаулы тұр. Сен мылтық ат деген үш сөйлемдегі ат сөздері әртүрлі мағына береді. Бұл сөздердің білдіретін мағыналарының арасында байланыс жоқ, олар кездейсоқ қана айтылуы жағынан ұқсас келген. Сөйтіп, айтылуы бірдей болғанымен, мағынасы басқа-басқа болатын сөздерді омоним сөздер деп атайды.

Тіл – тілдің лексикасында дыбысталу бірдей де, мағынасы әр басқа сөздер бар. Мысалы: біз. 1. Мен деген жіктеу есімдігінің көпше түрі (Мысалы: Той тойласақ, біз тойлайық аясында алтын таңның); біз ІІ. Бір нәрсені тесіп, жіпті немесе тарамысты өткізу үшін жасалған үшкір құрал (мысалы: өткірдің жүзі, Кестенің бізі, Өрнегін сендей сала алмас. (Абай).

Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа – басқа сөздер омонимдер деп аталады. Омонимдер қалай пайда болған деген сұрақ туады. Олардың пайда болуының бірнеше жолы бар.

1) Кейбір омонимдер сөз тудырудың лексика-семантикалық тәсілі арқылы пайда болған. 2) Тіл-тілдегі бірсыпыра омонимдер сөздердің әр түрлі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, дыбысталуы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде пайда болған. 3) Омонимдер сөздердің түбіріне (немесе негізіне) омонимдес аффикстердің жалғануы арқылы жасалады. 4) Кейбір омонимдер кірме сөздер мен төл сөздердің дыбысталуы арқылы жағынан сәйкес келуі нәтижесінде жасалады.

  1. Мағыналары бір-біріне жақын, өз ара мәндес сөздер синонимдер деп аталады. Өз ара мәндес сөздерден: синонимдік қатар құралады. Синонимдік қатардың құрамына екі, кейде одан да көп сөздер енеді. Синонимдер – омонимдерге қарама — қарсы құбылыс. Омонимдер мағыналары әр басқа, дыбысталуы бірдей сөздер болса, синонимдер мағыналары бір – біріне жуық ( өз ара мәндес), дыбысталуы әр түрлі сөздер. Синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болған. Олардың бастылары мыналар: 1. Сөзің мағыналық жақтан дамуы, қосымша жаңа мағыналарға ие болуы синонимдік қатарлардың жасалуына әсер етеді. 2. Заттар мен құбылыстардың бірден көзге түсіп байқала қоймайтын айрықша белгілері мен қасиеттерін бірте – бірте ашып, оларды атау үшін және мағыналардыңнәзік реңкін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да, тілдің бүтіндей сөздік құрамы даму, баю күйінде болады. 3. Әдеби тіл лексикасының диалект сөздердің есесінен толығуы нәтижесінде де синонимдер жасалады. Мысалы: леген, шылапшын; тақия, кепеш; сіріңке, шырпы, оттық және т.б. 4. Тілде белгілі бір стилистикалық қызметте жұмсалатын эвфемизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен мәндес келіп, синонимдер жасалады. 5)Белгілі бір тілдің лексикасы басқа тілдерден енген сөздермен де толығып, байып отырады.

Мағынасы бір – біріне қарама – қарсы сөздер антонимдер деп аталады. Мысалы: ескі – жаңа, ауыр – жеңіл, ақ – қара т.б. Антонимдердің стилистикалық қызметі өте күшті. Қарама – қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір – бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде антонимдер айрықша қызмет атқарады. Осы бір қасиетіне байланысты болса керек, антонимдер әсіресе мақал – мәтелдерде жиі қолданылады. Мысалы: Көз – қорқақ, қол – батыр. Өтірік – қаңбақ, шын – салмақ.