- Қоғамның дамуының әр кезеңіне орай оқытудың білім беру саласында өзіндік мақсаттары болады. Мектептің білім беру жүйесін қайта құрумен қатар қазақстан Республикасының алдында тұрған мақсат – ақпараттық қоғам құрудағы ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың енуі болып отыр. Яғни мектеп білімінің жүйесінде әртүрлі ақпараттарға: әдебиет пен шығармашылық, ғылми пәнде, экология, пәнаралық сабақтар, оқытудың бағдарламалық жүйесі (мультимедиа, гипермәтін, электронды, ғылыми зерттеулер және т.б.) ашық қатынас жасай білу. Осыған орай барлық мектептер жаңа компьютерлермен қамтамасыз етіліп, мектептегі білім сапасын жақсарту мақсатында оқушыларға берілетін білім мазмұны, білім мен біліктілікке қойылатын талаптарды белгілейтін негізгі нормативтік құжат пен стандартты жетілдіруде.
Көптеген педаогогтардың айтуынша, комьютерлік телекоммуникация қоршаған ортаны білудегі ең негізгі оқыту құралы болып табылады. Бұл оқыту құралының күштілігі соншалықты, сонымен бірге мектеп басқа мектептерден оқытудың жаңа түрлерімен, оқыту әдістерімен алмасады. Телекоммуникация желісін пайдалану үшін, информатика кабиетінде не болу қажет? Қазіргі теледидар жарнамаларға байланысты айтсақ: сізге компьютер модем қажет. Қазіргі телекоммуникацияның дамуына байланысты оның білім беру жүйесіне, әсіресе мектептегі Информатика пәнін оқыту жосапарына енуі үлкен мәселенің бірі болып отыр.
Білімнің қайнар көзі оқулықта екені даусыз. Өкінішке жаңа қазақ тіліндегі оқулықтардың асығыс дайындалып, олардың мазмұндық және техникалық сапаларының төмен екендігін білеміз. Көбісінің тілі ауыр, жаттығулары аз, ұстазға да, оқушыға да түсініксіз жерлері көп кітап дүкендерінде сатылатын кітаптың құны 500 теңгеден кем емес. Оның өзі орыс тілінде болмаса, қазақ тілінде таппайсыз. Ол кітапты сатып алу қаржы мәселесіне келіп тоқталады.
Мұғалімнің алдын – ала дайындау жне ұйымдастыру шаралары жүргізілмесе, программалық қамтамасыз ету болмаса оқушылардың білімдері жоғарыламайды. Өйткені оқушының білімін, үлгерімін көтеруміз үшін алдымен оқытушының біліктілігін көтеруміз қажет.
Жаңа компьютерлік технологиялар.
Білім беру саласында компьютерлік технологиялардың қолданылуын қарастыру.
Тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтар:
1 Презентациялар технологиясы
2 Мультимедиялық технологиялар
Дәрістің тезисі: Оқытудың жаңа компьютерлік технологияларының жоғары және арнаулы оқу орындарында оқу процесіне кеңінен енуі студенттердің өзіндік және шығармашылық белсенділігін дамытады және өзіндік жұмыс түрлерін орындауға баулиды.
- Жаңа компьютерлік технологияларды пайлаланып оқытудың ең тиімді түлеріне мыналарды жатқызуға болады.
Презентациялар технологиясы. Бұл технология, бір жағынан, оқушыларға жаңа материалды (иллюстрация, фотографиялар, бейнелік, дидактикалық материалдар, т.с.с) көрнекті түрде көрсету құралы болса, екінші жағынан, мұғалімдерге осы материалдарды дайындауды және оны қолдану процесін де жеңілдетеді. Алдын ала жүргізілген тәжірибелер презентациялар технологиясын пайдалану балалардың оқуға деген ынталылығын арттырып, сабақтың қызықты өтуін қамтамасыз етіп, оған дайындалу мерзімін (презентациялық сүйемелдеу жұмысын алдын ала мұғалім немесе басқа біреу дайындағанда) қысқартады, ең бастысы – мұғалімдерді жаңа компьютерлік технологияларды пайдалануға дағдыландырады. Компьютерлік технологияларды үлгерімді тексеру және оқушылардың білімін жетілдіру мақсатында пайдалану, біріншіден, оқытушының жұмыс өнімділігін арттырып, оқу нәтижелерін тексеруге көбірек уақыт бөлуге көмектеседі; екіншіден, объективті түрде қадағалай отырып, балалардың алған білімін бағалауды жүзеге асырады; үшіншіден, бақылау технологиясына ғылыми элементтер енгізіп, оны кеңінен де пайдалануға болатындай жағдай туғызады[7].
Мультимедиялық технологиялар – әртүрлі типті мәліметтерді дайындау, өңдеу, біріктіру, ұсыну әрекеттерін ақпараттық және бағдарламалық жабдықтарды пайдалану арқылы жүзеге асыратын құралдар, әдістер мен тәсілдер жиынтығы.
Мультимедиялық технологиялардың дамуы бейнетехниканың және дербес компьютердің өркендеуі нәтижесінде жүзеге асуда. Мультимедия статикалық, динамикалық және дыбыстық ақпараттарды талапқа сай дәрежеде ұсынуды іске асырады. «Мультимедия» термині латын тілінің «multi» (көп) және «media» (орта) сөздерінің бірігуінен құралған, яғни «ақпараттық орта» деген мағына береді.
Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал.
Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен.
Мультимедияның ажырамас бөлігі болып табылатын лазерлік дискілерде жазылған электрондық энциклопедиялар, оқулықтар мен сөздіктер оқыту процесінде ерекше орынға ие. Мысалы, электрондық сөздіктерде әрбір сөздің аудармасы ғана емес, сонымен бірге оның айтылу үлгісі де қамтылады.
Оқыту процесінде мультимедияны пайдаланып білім берудің әртүрлі аспектілерін дамытуға болады. Олар: ақпаратты өңдеудің когнитивті аспектілері, оқытудың танымдық аспектілері.
Қазіргі заманғы мультимедиялық технологиялар құбылыстардың дамуын, динамикасын көрсетуді және оқу ақпаратының көлемін белгілі бір реттілікпен беріп отыруды жүзеге асыратындықтан жаңаша оқу әдістерін талап етеді.
Қорыта келе айтарым – оқу үрдісінде АКТ-ны қолданысқа енгізу техникалық жағынан да, психологиялық жағынан да күрделі мәселе болып саналады. Бүгінде мектептің де, жоғары оқу орнының да мүғалімдеріне компьютерсіз жұмыс істеуге болмайтыдығы, компьютер оларға өз кәсіби функцияларын жүзеге асыратын құрал ретінде қажет.