- 1939 жылы Хажым Басымовтың Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір (,) белгілері» деген мақаласында құрмалас сөйлемнің үш түрлі салалас, сабақтас, аралас —арасына қо-йылатын тыныс белгілері және олардың өзіндік негізгі ерекше-діктері дұрыс баяндалды.
- X. Басымов сабақтастың өзіндік белгілеріне мағына тұтастығы мен компоненттерінің жымдаса байланысуын және оның бағыныңқы, басыңқы сөйлемдері болатынын дұрыс көрсетті.
Салалас құрмаласта да жай сөйлемдер мағына жағынан тығыз байланысты болатыны, сейткенмен де олардььжеке-жеке алып «айтқанда, түсінікті сейлем болып шығатыгіьі»х автор назарынан тыс қалған жоқ.
Осы мақалада салаласты формасына қарай жалғаулықты, жалғаулықсыз салалас деп екіге беледі де, жалғаулықсыз са-.лаласты іргелес салалас деп атайды.
Сабақтас құрмаластың баяндауышы көсемше, шылаулы жә-не шылаусыз есімше, шартты райлы етістік,-ша,-ше жүрнақты ссімше болып келетінін қазақ тілі фактілерімен дәлелдеді.
- X. Басымовтың бұл сияқты құнды пікірлері қазақ тіл ғылы-мына, оның ішінде құрмалас сейлем синтаксисін зерттеуге қо-сылған зор үлес болды. Алайда бүгінгі қазақ тіл ғылымының түрғысынан қарағанда, X. Басымовтың «Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір» деген мақаласында алшақ пікірлер жоқ емес. Солардың бастылары мыналар:
- X. Басымов та С. Жиенбаев сияқты үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөй-лемдер деп қарады; Ол атса болды, оғы, босқа кетпейді* тәрізді салалас сөйлемдерді сабақтас құрмаластар деп таныды.