- Бегалиев Ғали (1888, Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы — 1966, Алматы) – Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, филология ғылымының кандидаты (1943), доцент. Қазандағы Мұхаммедия семинариясын (1902), Орынбордағы мұғалімдер курсын (1918), Мәскеу педагогикалық ғылыми инмтитутының аспирантурасын (1933) бітірген. Ауыл мектебінде (1910 — 12), Орал қаласындағы педагогикалық курста (1918 — 22), Ордадағы педагогикалық техникумда (1922 — 24) оқытушы, облыстық, республикалық газеттерде тілші, Қазақ педагогикалық институтында оқытушы, Қазақстан Оқу министрлігінденде нұсқаушы, Тіл және Әдебиет институтында бөлім меңгерушісі, аға ғылыми қызметкер (1946 — 62) болды. Бегалиев — 50-ден астам ғылыми-әдістемелік еңбектің авторы. Қазақ, орыс мектептеріне арналған қазақ тілі оқулықтарын жазып, білім беру мазмұнын ғылыми негіздеуге ат салысты. Орысша-қазақша және қазақ тілінің терминологиялық сөздіктерін жасауға қатысты.
- Қазақ тілі әдістемесінің алғашқы негізін салушылардың бірі — Ғали Бегалиев болды. 1940 жылы “Бастауыш мектептерде қазақ тілінің методикасы» деген еңбегі баспадан шықты.
Бұл әдістеме үш бөлімнен тұрады: грамматика, оқыту методикасы, емле және тіл дамыту методикасы. Методиканың қалған бөлімі: хат таныту және кітапты оқыту методикасына арналған. Бұл еңбекте орыс тілі әдістемесінің үлгілі жақтары алынған. Қазақ тілін оқытудың әдіс-тәсілдері шеңер баяндалған. Автор сөздік жұмыстарын ұйымдастырудың тиімді әдіс-тәсілдеріне тоқталады. Автордың қазақ тілін оқытудағы көрсеткен әдіс-тәсілдерін мұғалімдеріміз жетілдіріп, дамытып пайдаланып жүр.