- Бастауыш сыныптардың білім беру жүйесінің мазмұнының негізгі арқауы ел болып, тіл туралы заң қабылданып қазақ тілінің мемлекеттік мерейге ие болуы ересек ұрпақ қол үзіп, жеткіншек ұрпақ көз жазып ала жаздаған ата-бабаның аяулы дәстүрін қастерлі салт-ғұрпын түп тамырын ықылым заманның тереңіндегі қалыптасқан тарихи ұлттың мәдениетін, өнерін жаңарған өміріміздің игілігіне айналдыру.
Бастауыш сыныптарда қазіргі кезеңдегі білім сапасын арттыру үшін ат салысып жүрген ғалым педагогтер М.Ералиева, С.Дүйсебаев, П.Жаманқұлова, Р.Ізғұттынова еңбектерін атап өтуге болады.
Қазақстанда 1930 жылғы тамызда жаппай міндетті бастауыш білім беру туралы заң қабылданған.
1930-31 оқу жылында 8-11 жасар балаларды міндетті бастауыш оқуға қабылдап, жаңа оқу бағдарламалары мен әдістемелік құралдар әзірлеу қолға алынған. Осы кезде белгілі лингвист, әдіскер — ғалым Қ.Жұбанов бастауыш мектепке арналған тіл мен әдебиет пәндері бойынша оқу бағдарламалары мен оқулықтарын («Әліппе» оқулығы) және С.Жиенбаев, С.Кеңесбаев, Л.И.Воскресенская, З.Т.Позднуховтар басқа пәндерден оқулықтар жасады. Бастауыш мектептегі тілді оқыту мәселесімен қазақ тіл мен әдебиет секторларының қызметкерлері А.Садуақасов, С.Жиенбаев т.б. шұғылданды.
«Бастауыш мектеп үшін қазақ тілінен әдістемелік құрал», «Сауаттылыққа оқыту әдістемесі» атты еңбектер және С.Жиенбаевтың «Бастауыш мектепте кітап оқыту әдістемесі», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жарық көрді.
1955 жылы институтта «Бастауыш білім беру әдістемесі» бөлімі ашылды. Бұл жылдар Р.Әміровтың «Бастауыш мектепте сауатты оқу мен жазу әдістемесі», Ғ.Бегалиевтың «Сауатты оқыту әдістемесі», «Суретті сөздік», «Бірінші сыныпта сурет арқылы тіл дамыту», Ф.Мұсабекованың «Оқу әдістемесі», К.Бозжанованың «Сыныптан тыс оқу кітабы», Ж.Қаржаспаев, К.Бозжанованың «Жазу және көркем жазу», Ә.Сытдықовтың «Арифметика сабағын жоспарлау», Р.Әміровтың К.Бозжанованың «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқыту» еңбектері жарық көрді.
Осы сияқты дағдыларды қалыптастыру мақсатында сабақты әңгіме әдісімен өткенде, оған төмендегі талаптар қойылады: а) түсіндірілетін объектілер әдеби тіл жағынан мінсіз, яғни мұғалім тілі өте жатық, болуы абзал; ә) түсіндірілетін әңгімеде ой тиянақты, толық болғаны жөн; б) әңгімеге оқушының өзін қатыстырып отыру керек. Сөйтіп, мұғалім оқушы тілінің мазмұнды болуын, жауаптарының логикалық жақтан берік келуін және грамматикалық-стилистикалық жақтан мінсіздігін қадағалап отырады. Оқушылар жауап бергенде, сөздерінің анық болуы; өз түсінгендерін еркін айта білуі қажет. Бар, жоқ, мүмкін емес білмеймін, оқымадым деген сияқты бір сөзбен жауап беруге болмайды. Бір тақырыпқа байланысты берілетін сұрақтар да бірде ауыр, бірде женіл болғаны тәуір. Өйткені мұндай жұмыс түрі оқушылардың ой дәрежесін өсіруге септігін тигізеді. Мұғалім оқушы жауап бергенде мына тәрізді логикалық-психологиялық процестерге назар аударғаны жөн: бірінші — берілген сұрақтағы негізгі ойға, яғни тілдік құбылысты қаншалық ұққанын, екінші — сол сұраққа жауап беруде, оқушының өз ойын жеткізе білгенін ескеріп отыру қажет. Сабақты өткізу әдістерінің ішінен белгілі ғалым Т.Сабыров әңгіме әдісімен өткізуде,- дидактикалық материалдардың мәні зор,- дейді. Сондықтан да мұғалім тілдік материалды түсіндіруге қажетті сөйлемдер мен тіркестерді күн ілгері сұрыптап, оқушылардың өздерін іздендіретін практикалық дағдыларды да жүйелі пайдаланады.
Оқушыларға дыбыс жүйесінен берілетін теориялық білімді меңгертуде әңгіме әдісінің құрылымы да үлкен роль атқарады. Жүргізілген тәжірибелер мен әдістемелік эксперимент жұмыстардың қорытындыларына қарағанда, оның мынадай құрылы мдық элементтерден тұратындығы анықталды: Оқушылардың тілдік материалды бақылауы.
І.К.Кеңесбаев қазақ тілінің ғылыми фонетикасы жайын көптеп зерттеген. Қ.Жұбанов қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың қалай жасалатынын айта келе оны оқыту әдістеріне де біршама тоқталған.
Мұғалімнің сұрыптап алған материалдары бойынша оқушылар тілдік фактілерге көз жүгіртеді. Түсіндірілетін тақырыпқа сай көрнекі құралдар мен дидактикалық мысалдар тақтаға іліп қойылады. Оны олар дауыстап оқиды. Тілдік материалдарды оқушылардың сұрақтар негізінде меңгеруі. Бұл — көбінесе диалогтық сөйлеу формасында жүргізіледі. Өтіліп отырған тақырыптарға сәйкес мұғалім оқушыларға сұрақтар қояды, оған жауап қайтарады. Сөйтіп, бұл бір мәселе жайында сұрақ беру оған жауап күту мағынасында айтылган сөйлемдер арқылы меңгертіледі. Оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтартып отырады. Мұндай жағдайда мұғалім қойылатын сұрақтың анық болуын, оған барлық оқушының түгел қатысуын, олардың жауабының дұрыс-бұрыстығын, қойылған сұраққа толық жауап беруін, көп уақыттың кетпеуін қадағалаган жөн. Ж.Адамбаева материалдың өзіндік белгілері, ішкі өзіндік заңдылықтары сұрақ-жауап процесінде оқушылардың түсінігіне, білім дәрежесіне қарай, жас және сынып ерекшеліктеріне сай алынатынын атап көрсеткен [4]. Тақырыптың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты ережелер мен анықтамалар шығарылады. Әңгіме процесінде оқушыларға тілдік материалдың ережелері мен анықтамалары меңгертіледі. Тақырыпқа байланысты практикалық дағдылардың жүргізілуі. Мұғалім өтіліп отырған материалдардың күнделікті өмір қажеті үшін қаншалықты пайдалы екендігін аңғартады.
Т.Сабыровтың көрсеткен келесі бір әдісі хабарлау — қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылатын әдістің бірі. Дыбыс жүйесінен теориялық білім мен практикалық дағды беруде тілдік материалдардың жалпы заңдылығы мен оның ішкі өзіндік белгілері нақтылы мысалдар арқылы хабарланады. Сабақты хабарлау әдісімен жүргізуде мына сияқты екі құрылымдық элементтердің сақталмайтындғы байқалады. Біріншісі — тақырыптың өзіндік белгілері сұрақтар арқылы меңгертілмейді, екіншісі — оқушылар қорытынды пікірді, яғни анықтама мен ережені, өздері шығармайды, мұғалімнің өзі айтады. Белгілі бір тақырыпқа байланысты анықтама мен ережені айтып болған соң, оқушылар сол тақырыпты көрнекі құрал мен түрлі дидактикалық мысалдар арқылы кең түсінуге мүмкіндік алады. Хабарлау әдісі оқушыларды ойландырып, алғашқы айтылған жалпы пікірден жеке ой қорытындыларын шығаруға бағыттайды. Дыбыс жүйесіне сай берілген анықтама, ережелерге және сол тақырыпқа байланысты жүргізілген практикалық дағдыларға оқушылардың өздері белсенді қатысқанда ғана өтілген тақырыпқа саналы түсінеді, оны толық меңгеріп практикада қажетіне жұмсай біледі. Енді хабарлау әдісінің өткізілу тәртібіне тоқталайық. Мысалы, мұғалім 4-сыныпта «Буын туралы түсінікті» оқытуда алдына мынадай мақсаттар қояды: буынға байланысты көрнекілікті іске асыру; буынның жалпы анықтамасын айту; буын жасауда дауысты дыбыстың қызметін байқау; буынның жеке өзіндік белгілерін таныту; буын туралы түсінікке практикалық дағдылар көрсету. Буын туралы жалпы түсінікті меңгертуде көрнекілік ретінде сынып тақтасы мен жылжымалы тақталарда мына сияқты дидактикалық мысалдар жазылып, ілініп қойылады: Халыққа, Отанға қызмет ету — ардақты іс (газеттен). Мұғалім осы жазылған сөйлемді бірер оқушыға дауыстап оқытады. Ондағы әрбір сөзді буынға бөліп, дауысты мен дауыссыз дыбыстарды дәлелдеуге дайындық жасайды. Алдымен осы жазылған мысалдарға қарай отырып, мұғалім анықтамасын айтады.
Тәжірибе әдісі Ш.Әуелбаевтың еңбегінде қазақ тілі дыбыс жүйесін оқытуда жиі қолданылады. Бұл әдіс дыбыс жүйесі материалдарын тікелей көрсету негізінде жасалады. Сондықтан да дыбыс заңдылықтарының жасалу жолдарын көрсетуде мына сияқты көрнекіліктерге назар аударылады: 1) дыбыстардың жасалуын дыбыстау мүшелерінің қызметі арқылы қөрсету; 2) дыбыстардың өзіндік белгілерін көрнекілік бойынша дәлелдеу; 3) дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін фонетикалық материалдар негізінде дәлелдеу