Интеллектуалдық икемделгіштікті (лабильділікті) анықтау әдістемесі

Әр түрлі тапсырмаларды орындауға икемділікті, бір әрекеттен екіншіге ауысудың жеңілділігін және зейін аударуға қабілеттілікті зерттеу.

Орындау ережесі: Әдістеме жүргізу үшін тапсырмалар арнайы бланкке түсіріліп, зерттелінушілердің қолына беріледі де оны орындау тәртібі түсіндіріледі.

Орындау ережесі: «Сіздерге, онша қиындығы жоқ, 40 тапсырма берілген. Олардың әрқайсысын орындауға 2, 3, 4, 5 секунд уақыт беріледі. Сол уақыттың ішінде тапқан жауаптарыңызды блакінің номері аталған жеріне толтырасыздар. Тапсырмаларды тез және зейіндеріңізді жинақтап отырып орындаңыздар». Психолог әр тапсырманы асықпай оқып береді де, оны орындау уақыты аяқталғаннан соң, келесі тапсырма оқылады. Зерттелінушілер жауаптарын қолындағы бланкіге толтырып отырады.

Тапсырмалар

(1-ші квадрат) Смадияр деген аттың бірінші әрібі мен
жылдың бірінші айының соңғы әрібін квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек.)

(4-ші квадрат) «Жел» деген сөзді квадратқа жазғанда бір әріп
үшбұрыштың ішіне түссін. (3 сек.)

(5-ші квадрат) Төртбұрышты екі вертикалдық және екі
горизонталдық сызықтармен бөліңіз. (4 сек.)

(6-шы квадрат) Бірінші шеңберден төртінші шеңберге қарай
сызық жүгізіп, оны екіншінің үстінен, үшіншінің астынан
өтетіндей етіп орналастырыңыз. (3 сек.)

(7-ші квадрат) Үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойып, ал
үшбұрыш пен төртбұрыштың ортақ ауданына 1 деген санды
жазыңыз. (3 сек.)

(8-ші квадрат) Екінші шеңберді үшке, ал төртінші шеңберді
екіге бөліңіз. (4 сек.)

(10-шы квадрат) Егер бүгінгі күн сәрсенбі болмаса атыңыздың
соңғы әрібінен бұрынғыны квадрат ішіне жазыңыз. (3 сек.)

(12-ші квадрат) Бірінші тікбұрыштың ішіне плюс,
алтыншысына 0 қойыңыз да, үшіншіні сызып тастаңыз. (4 сек.)

(13-ші квадрат) Нүктелерді тік сызықтармен қосып
шығыңыз, кішкентай үшбұрыштың ішіне плюс белгісін қойыңыз.
(4 сек.)

(15-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың сыртына шеңбер
сызыңыз да, дауыстыларды сызып тастаңыз. (4 сек.)

(17-ші квадрат) Трапецияның бүйір қабырғаларын бір-
бірімен қилысқанша төмен қарай жалғастырыңыз, қилысқан
нүктені өзіңіз тұратын мекен-жайыңыздың соңғы әріпімен
белгілеңіз. (4 сек.)

(18-ші квадрат) Егер «синоним» деген сөздің алтыншы әрібі
дауысты болса, тікбұрыштың ішіне 1 деген санды жазыңыз. (3 сек.)

(19-шы квадрат) Үлкен шеңберді қайта сызыңыз да кішісінің

 ішіне плюс белгісін қойыңыз. (3 сек.)

  1. (20-шы квадрат) 2, 4, 5 нүктелерді бір-бірімен қосыңыз, ал
    1 мен 3 нүктелерді тастап кетіңіз. (3 сек.)
  2. (21-ші квадрат) Егер екі көпсанды савдар бір-біріне тең болса
    арасындағы сызықшаның үстіне қанат белгі қойыңыз. (2 сек.)

  1. (22-ші квадрат) Бірінші сызықты үшке бөліп, екіншісін
    екіге бөліп, үшінші сызықтың үштарын «А» әріппен
    жалғастырыңыз. (4 сек.)
  2. (23-ші квадрат) Бірінші сызықтың үшын екінші сызықтын
    жоғарғы ұшымен қосыңыз, ал екінші сызықтың үстіңгі шетін
    төртінші сызықтың төменгі ұшымен жалғастырыңыз. (3 сек.)
  3. (24-ші квадрат) Тақ сандарды сызып тастап, жұп сандардын,
    астын сызып қойыңыз. (5 сек.)
  4. (25 квадрат) Екі фигураның сыртына шеңбер кигізіңіз, сонан
    соң оларды бір-бірінен вертикаль сызықпенен бөліп қойыңыз. (4 сек.)
  5. (26-шы квадрат) А әріпінің астына төменге бағытталған
    стрелка қойыңыз, ал В-ның астына — жоғарыға бағытталған
    стрелка, С әрібінің астына қанат белгі соғыңыз. (3 сек.)
  6. (27-ші квадрат) Егер «ҮЙ» мен «ҮЙРЕК» деген. сөздер
    бірдей әріптен басталатын болса, ромбтардың арасына минус
    белгісін қойыңыз. (3 сек.)
  7. (28~ші квадрат) Сол жақ шеткі клеткаға 0, ал оң жақтағы
    шеткі клеткаға плюс белгісін қойып, ортасынан диагональ өткізіңіз.
    (3 сек.)
  8. (29 квадрат) Қанат белгілердің астын сызып, бірінші қанат
    белгінің ішіне А әрібін жазыңыз. (3 сек.)
  9. (30-шы квадрат) Егер, «СЫЙЛЫҚ» деген сөздегі үшінші
    әріп И болмаса, келесі сандар суммасын жазыңыз: ЗН-5. (3 сек.)

(31 -ші квадрат) «САЛЮТ» деген сөздегі дауысты
дыбыстарды дөңгелектеп сызып, ал «ЖАҢБЫР» деген сөздегі
дауыссыз дыбыстарды сызып тастаңыз. (4 сек.)

(32-ші квадрат) Егер 54 саны тоғызға бөлінетін болса,
төртбұрыштың сыртына шеңбер сызыңыз. (3 сек.)

(33-ші квадрат) 1 санынан 7 санына қарай сызық сызып,
оны жұп сандардың астынан, тақ сандардың үстінен өткізіңіз. (4
сек.)

(34-ші квадрат) қасында сан жазылмаған шеңберлерді сызып
тастап, саны барлардың астш сызып қойыңыздар. (3 сек.)

29.(35-ші квадрат) Дауыссыз дыбыстардың астына төмен
қараған, дауыстылардың астына — жоғары қараған стрелка

қойыңыздар. (3 сек.)

  1. (36-шы квадрат) «ҚОЛ» деген сөздің бірінші әрібін
    шеңбердің ішіне, ал екіншісін — тікбұрыштың ішіне түсіріп
    жазыңыз. (3 сек.)
  2. (37-ші квадрат) Горизонталдық сызықтарды солға қараған,
    вертикал сызықтарды — жоғары қараған стрелкалармен белгілеңіз.
    (5 сек.)
  3. (39-шы квадрат) Екінші сызықты екіге бөліп, бірінші
    сызықтың екі ұшын сол нүктемен қосыңыз. (3 сек.)

(40-шы квадрат) Вертикал сызықтар көмегіментақ савдарды
жұп сандардан бөліп қойыңыз. (5 сек.)

(41-ші квадрат) Сызықтың үстіне жоғары қараған, ал астына
— солға қараған стрелка қойыңыз. (2 сек.)

(42-ші квадрат) «М» әрібінің сыртына шаршы, «К»-ның
сыртына шеңбер, ал «О»-ның сыртына үшбұрыш салыңыз. (4 сек.)

  1. (43-ші квадрат) 5 пен 2 сандарының қосындысын
    тікбүрыштың ішіне, алымын — ромбтың ішіне жазыңыз. (4 сек.)
  2. (44-ші квадрат) 3-ке бөлінетін сандарды сызып тастаңыз
    да, басқаларының астын сызып қойыңыз. (5 сек.)
  3. (45-ші квадрат) Қанат белгілерді тек шеңбер ішіне, 3 санын
    тек тікбұрыш ішіне қойып шығыңыз. (3 сек.)
  4. (46-шы квадрат) Әріптердің астын сызып, жұп сандардың
    сыртына шеңбер салыңыз. (5 сек.)
  5. (47-ші квадрат) Тақ сандардың сыртына шаршы скобка,
    жұп сандардың сыртына дөнгелек скобка қойып шығыңыз. (5 сек.)