Бастауыш сыныпта оқитын оқушыларда түбегейлі өзгерістер пайда болады: оқу іс-әрекеттерімен қатар олардың басына көптеген жағдайлар өтеді. Олар қатаң тәртіпке бағыну керек, оқу тапсырмаларын орындауы керек, үйде оларды орындап болған соң ойнауға болады, мектепке кешікпеу керек т.б. яғни оқу мүмкіншілігі және құқығымен қоса басқа жаңа міндеттері пайда болады. Олардың ішіне ұйымдастырылған ерекшеліктегі іс-әрекет-оқу іс-әрекеті кіреді. Баланың мектепке барып теориялық білім алуымен қатар оның психиеалық дамуы пайда болады. Әртүрлі психикалық іс-әрекеттердің (қабылдау, зейін, есінің) шапшаң қарқынмен дамуы пайда болады.Мұндай даму ойлау қабілетінде ақыл ойының дамуында көрініп отырады.Оқыту бала психикасының жалпы дамуын қамтамасыз етеді. Қабылдау қабілеті бағалау және сайланбалы болады. Бұл қабілет ішкі және сыртқы сипаттарды бейнелейді, жақсы мен жаманды, қызық пен қызық еместі, пайдалы мен зиянды ажыратып, (рефлексия) өзіне сыртқы көзқараспен қарау қабілетін дамытады, өзін-өзі бақылау әдетін қалыптастырады. Біздер балалардың үнемі жаттап оқитындарына үйреніп қалғанбыз, бірақ психология тұрғысынан қарағанда, олай алған білім пайдасыз болып табылады. Өмірге пайдалы білім алу үшін олардыңөмірлік түсінігінің маңызы негізінде жүзеге асырылуы керек. Ес білімді түсініп және оны іс жүзінде пайдалану арқылы дамиды. Жаттап алған білім ес үшін керек емес, жүк болып жинала береді. Түсініп оқып алынған білім жаттап алған білімнен көп есе артық, өйткені оныпрактика жүзінде іске асыруға мүмкіншілігі көп. Ес бірте – бірте бір мақсатқа бағытталған қызығушылық сипаттамаға ие болады. Оқу іс-әрекетінде ойлау және сөйлеу процестері біргелікте жақсы дамиды. Теориялық білімді меңгеру үшін оқу тапсырмаларын шешу үнемі сол тапсырмалардыңшартын талдауды, ойлау іс қимылдарын, ізденіс пен шешім табу тәсілдерін, шешім қабылдау үшін талдаудың тәсілдерін таңдауды талап етеді.Мектепте бала өзінің ой пікірін айтып үйренеді. Ол оқып жаттап алған сөздерді қайталап қана қоймайды, соның нәтижесінде ойлау мен сөйлеу процестерінің біріккен өзаара қарым-қатынаста болған дамуы жүреді, бұл баланың оқу іс-әрекеттерінің ең маңызды тиімділігі болып есептелінеді. Оқу іс-әрекетінің ішінде танымдық қызығушылық өрісімен қатар, баланың психикалық эмоционалдық және жігерлік өрісі дамиды. Оқу тапсырмасын орындаудың міндеті жігерлікті дамытады. Оқу іс-әрекеті эмонатционалдық өрісімен байланысты, өйткені қуаныш жаңа жетістіктермен мақтану деген сияқты балада эмоциялар пайда болады. Сонымен бастауыш мектеп оқушылардың шапшаң қарқын мен танымдық дамудың кезеңі болып есептеледі.Д.В.Леонтьевтің есті дамыту параллелограммын еске түсірейік. Дамудың сатысымен жоғарылаған сайын психикалық процестер орташа болып дамиды, балалар есте сақтау үшін өздерінше әртүрлі тәсілдер іздей бастайды, сондықтан естің дамуы баланың танымдық дамуына тікелей байланысты. Қорыта келе, бастауыш сыныптағы балалар үшін психологиялық жаңалықтар болып мыналар есептеледі:
- еркіндік пен барлық психикалық процестерді жете түсініп алу және теориялық білімді ұғынып алудың арасындағы олардың танымдық ерекшеліктері;
- баланың өз бойындағы өзгерістердің пайда болғанын сезінуі, ол оқуды және көп нәрсені өз бетінше ұғып ала алады. Мұның бәрі баланың дамудың келесі сатысына көтерілуге дайын екенін білдіреді;
Жоғарыда айтылғанның бәрі оқу іс-әрекетінің психикасына әсер етуінің нәтижесі болып табылады. Д.Б.Элькониннің жүйелеуі бойынша, ол танымдық- қызығушылық өрісінің дамуы болып есептелетін негізгі іс-әрекеттердің екінші тобына жатады.
2.Баланы диагностикалық зерттеуден өткізу үшін әдістемелік тәсілдер мейлінше қысқа шапшаң-әдістемелер болуы керек. Алғашқы байланыс орнату үшін балаға диагностикалық зерттеуді жүргізуді бастамас бұрын әртүрлі тақырыпты қамтитын диагностикалық сұхбат өткізу керек. Оның әдістемесін психолог жетік меңгерген болу керек. Балалармен диагностикалық сұхбат жүргізудің жалпы нұсқаулары И.Швакцардың « Психикалық дамудың диагностикасы » атты кітабында көрсетілген. Мұндай сұхбаттың құрылымы төмендегідей:
а) Кіріспе: баланы ынтымақтастыққа шақыру;
б) баланың еркін меңгеруге бағынбайтын ой – пікірі;
в) жалпы сұрақтар: «Өзің туралы айтып берші, сен балалармен қалай ойнайды екенсің, осы нәрсе мені қызықтырады»;
г) терең зерттеу;
д) балаға алғыс білдіру;
е) балаға тек атын атап сұрақ қою керек.
Балаға қойылатын сұрақтар үш түрлі болады:
а) тікелей, зерттелетін затқа сәйкес, мысалы: «Сен қараланы жеуді ұнатасыңба?»
б) жанама, бірнәрсені сендіруді төмендететін сұрақтар, мысалы: « Егер ыдыста қарала тұрса, сен оны не істер едің?»
в) жобалау сұрақтары, мысалы: «Балалар қараланы жеуді ұнатама?»
Диагностикалық сұхбат ұзақ болмауы керек, оны керісінше әртүрлі тәсілдермен,құралдармен қызықты, әрі қысқа етіп өткізу керек. Ол үшін фломастерлер, карандаштар, ойыншықтар, қағаздың көмегіне сүйену керек, өйткені балалар көбінесе өз ойын айта алмай, қағаз бетіне түсіргенді жөн көреді.
Шынайы нәтижелерді шығару үшін психолог белгілі бір жүйемен жұмыс істеу керек. Магнитофонды қолданудың қажеті шамалы, өйткені қайта жазып алу үшін бірталай уақыт кетеді, сұхбаттың ерекшелігі бұзылады. Баламен алғашқы танысудан кейін негізгі психодиагностикалық зерттеуді бастауға болады.
- Қазіргі педагогикалық психология тұрғысынан оқу іс-әрекеті ой және заттық іс – қимылдарды, тәсілдерді меңгеруге бағытталған адамның әлеуметтік белсенділігінің бір түрі болып танылады. Ол мұғалімнің басшылығымен өтіп баланы әртүрлі қоғамдық қатынастарға итермелеуді көздейді. «…Қазіргі мектептің мақсаты — оқушыға тек білім беріп қана қоймай, оны ғылым мен және басқа да нәрселерден хабардар болатындай етіп тәрбиелеу, үйрету. Бұл деген сөз мектепте баланың ойлау қабілетін белсенді түрде дамыту керек деген, яғни дамыта оқыту, білім беруді ұйымдастыру керек». (Давыдов В.В. «Дамыта оқытудың теориясы»)
« Ақыл- табиғи қабілет деп ойлау қате» … ол кәдімгі ептілік, адамның басқа қабілеттері сияқты. Ойлаудың табиғи шығуын туа біткен қабілет деп ойлауымыз – ол жай перде, жалқау педагогтан ақылды оятатын және қалыптастыратын, өте қиын жағдайларды жасыратын перде. Ақыл, талант, қабілеттілік ерекшелік емес мөлшерді құрайды.Философия ғылымдарының докторы, Э.В.Ильенковтың мақаласы «Мектеп ойлауды үйрету керек». «Сонымен ойлауды қалай үйрету керек?… ең алдымен жақсы мұғалім ұйымдастыратындай білім алу процесін ұйымдастыру керек. Осы процестің барысында бала мәселені талқылауды, ойлауды талап ететін тапсырмаларды өзінше шеше алатын қабілетін, есін үнемі жаттықтыру керек. Балаға ойлауды үйрететін адам, біріншіден ойлауды өзі үйренуі керек. Өзің білмейтін нәрсені біреуге үйретуге болмайды. В.В.Давыдовтың ғылыми ұжымындағы біріккен оқу іс-әрекеттердің мәселелерінің жетекшісі Г.А.Цукерманның еңбегінде осы мәселе бойынша дүние жүзілік зерттеулердің жалпы қорытындыларыменосында методиканың төмендегі артықшылықтары анықталған:
а) қабылданытын білім көлемі өседі.
б) балалардың қызығушылық белсенділігі күшиеді.
в) шығармашылық өзіндік жұмысы арта түседі.
г) білім мен қабілет қабылдау процесі шапшаңдайды.
д) оқушылардың өзара қарым-қатынасы жақсарады.
е) сыныптың ынтымақтастығы артады.