- Табиғаттанудан ұйымдастырылатын сабақ түрлерін әр автор әр түрлі қарастырады. Л.Ф.Мельчаков бұл пән бойынша заттық сабақтарды ерекше бөліп, жеке сабақ типі ретінде көрсетеді. Табиғаттанудан заттық сабақтарды жиі ұйымдастыру білім берудің ең тиімді формасы деп есептейді. Біздің пікірімізше, табиғаттанудың барлық сабағында да белгілі бір заттың, не құбылыстың ерекшелігін түсіндіруге, не сол құбылыстың себептері туралы ұғым берілетіндіктен, олардың бәрі де затты не құбылысты талдауға арналады.Мектептерде табиғаттан білім беру барысында қолданылатын әдістерді бірнеше топқа бөліп қарауға тура келеді:
Сөздік әдістер;
Көрнекілік әдістер;
Практикалық әдістер
- Табиғаттан бақылағандарын тақырыптың мазмұнымен байланыстырып, өздігінен жұмыс істеу, бұл пәннің ерекшеліктерінің негізгісі деуге болады.
Оқулықпен жұмыс істеуіне келсек, табиғаттану сабағында дауыстап оқудан гөрі іштен оқу басымырақ болады. Оның тиімділігі бір-біріне кедергі жасамайды.
Бақылау әдісінің алатын орны ерекше. Бақылау – тікелей сезу процесінің күрделі түрі. Бақылау арнайы мақсат қойып, қабылдауды белгілі жоспармен жүргізуге байланысты.