Табиғи көрініс сезімін тудыратындай етіп салынған кескіндері бойынша құрылыстың қандай болатынын, ғимараттардың әсемдік тұрғысынан дұрыс орналасуын алдын ала көруге болады. Мұндай кескіндерді перспективалық проекциялар немесе перспектива деп атайды.
Перспектива сөзі « латынша perspiceze сөзінен алынған» арғы – бергі жақты көруді білдіреді. Перспектива – бақылаушыдан түрлі қашықтықтағы заттарды бейнелеудегі сызықтық құру заңдарын зерттейтін ғылым . Ол нәрселердің табиғаттағы кеңістіктікпішіндерін көрініп тұрған қалпында бейнелеу заңдылықтарын қарастырады. Перспектива центрлік проекциялау әдісі бойынша орындалады. Кескіндер жазықтыққа,цилиндрлік немесе сфералық, беттерге де салынады. Перспектива цилиндрлік бетке салынса панорамалық, ал сфералық бетке салынса күмбездік перспектива деп аталады. Жазықтыққа салынған перспективаны сызықтық перспектива дейді.
Перспективаның негізгі екі түрі бар: сызықтық және әуелік. Сызықтық перспектива нәрселердің орналасуына байланысты сызықтық (көлемдік ) өзгеруін сипаттап жазықтыққа кескіндеуді қарастырады.
Сызықтық перспектива заңдылықтарын толықтырған, әуелік перспектива ұғымын енгізген итальян суретшісі, сәулетші, ғалым әрі инженер Леонардо да Винчи ( 1452 – 1519 ) сызбалар жасау теориясына елеулі үлес қосты. Оның өз қолымен орындаған әр түрлі машиналардың , сүңгуір қайықтың, ұшу аппараттарының сызбалары сақталған. Одан кейін итальян және неміссуретшілері Пьеро Делла Франческа,Паоло Учелло, Альбрехт Дюрер (1471-1528)және басқаларөздерінің ғылыми еңбектеріменөнер туындыларындабұрын ашылған заңдарды дамытты . Одан кейінгіуақыттакез – келгензатты кез – келген бұрылыста, кез – келген қашықтықта және қай жақтанқарағандадажазықтық үстіндедәл суретінберуге мүмкіндік жасайтын көптегенперспективалыққұрылыс әдістеріментәсілдеріталдапжасалды. Бұлзерттеулеркейін проективтікгеометриянықалыптастырғанәр түрлі жалпылауларды тудырды.
Дезарг (1593-1662)перспективаныгеометриядағы ғылыми зерттеудіңжалпы әдісі депесептеді.Ол кеңістіктіңшектеусіз алыстағы нүктелерінжүйелі түрде қарастырып , соның нәтижесінде,проективтік кеңістіктің ұғымына келді. Перспективті үшбұрыштартуралы әйгілітеореманыдасол ғалымтағайындады,бұл сөйлем Дезарг теоремасы деп аталады. Дезарг проективтік геометрияныңнегізін салушы болып есептеледі.
Понсоле (1788-1867)жазықтықтың проективтік бейнелеуін бірнеше перспективтік бейнелеулердің көбейтіндісі ретінде қарастырады да , фигуралардыңпроективтікқасиеттерінпроективтік бейнелеулерде инварианткүйінде қалатынқасиеттерретінде арнайы зерттеп ,өзге қасиеттеріненайырып алады.
Г. Монж(1746-1848)сызба геометрияныңнегізін салушы , Монж әдісінің авторы. Ол өзінің« Анализдің қолданылуы»атты лекцияларындасызықтардан беттердіңқұралужолдарын зерттейді. Қисықтық сызықтарындағы бет нормальдарыныңжайылма бет құрастыратындығы туралы белгілі теореманыМонж тағайындаған.
Ресейде сызба геометрияXIXғасырдың бас кезінде жеке пән ретінде оқытылабастады. Сызба геометрияның алғашқы профессорыЯ. А. Севастьяновтың 1821 жылы ортогональ проекциялау әдісіне арналған « Сызба геометрия негіздері » атты еңбегі жарыққа шықты. Оның бұл еңбегі орыс тіліндежазылған алғашқы оқулық еді. Монждың «Сызба – техника тілі » деген сөзін жалғастыра келіп, Ресейдегі сызба геометрияның алғашқы авторларының біріВ. И. Курдюмов « сызба геометриябұл тілдің грамматикасы , егер дұрыс жетілген елестету қабілеті болмаса , ешқандай шынайы техникалық шығармашылық жобалау туралы ойлаудың өзі мүмкін емес» деді.
Әуелік перспектива ара қашықтықтың өзгеруіне байланысты ауа қабатының әсерінен нәрселердің түсінің өзгеруін зәрттейді .Жарық пен көлеңкенің контрастылықдәрежесі, заттың көлемділігі, оның нұсқасының анықтығы, түстік бояуы ол сурет салушыдан қашықтаған кезде күрт өзгеріп отырады. Мұның өзі бізді қоршаған ауаның өте мөлдір емес екеніне байланысты : оның құрамында әрдайым шаң – тозаң , ылғал және басқа да өте ұсақ қалқып жүрген бөлшектер болады, олар ауаны бұлдыр ортаға айналдырады. Осы бұлдыр орта өзі арқылы өтетін сәулелерге әсер ете отырып , ол бүркеп тұрған заттарды қабылдауымызды анықтайды . Бізден қашықтай отырып , заттар көзбен көргенде көлемі жағынан ғана кішірейіп қоймайды. Қашықтау дәрежесіне орай олардыңқара – қошқыл және бозғылт жерлерінің контрастылығы барған сайын біртіндеп жұмсарады, заттар неғұрлым жайпақтана түскендей болады да ақырында көкжиекке зорға ажыратылатын силуэттерден тұратын бір реңді мұнарға айналады. Сонымен бір мезгілде олардың түс бояуы да өзгереді. Осы құбылыс ауа перспективасы деп аталады.
Перспектива туралы ғылым даму үстінде, соңғы жылдары классикалық теорияға бірқатар толықтырулар мен өзгертулер енгізілді. Біздің тіршілігімізге енген авиация , бой түзеген зәулім үйлер мен құрылыстар біздің оптикалық қабылдауымызды кеңейтті. Мұның өзі осындай қабылдауларды картинада беру кезіндеперспективаларды құрудың классикалық теориясын пайдалануда кейбір қиындықтарға әкеліп соға бастады. Қазіргі заманғы ғылым мен техниканың жетістіктерімен байланысты туған көптеген сұрақтар мен проблемаларбірнеше ғасырларбойыміз бақпайтын сияқты болып көрінгенклассикалық перспектива теориясының кейбір қағидаларының нақтыланып, толықтырыла бастауына , ал жекелеген жағдайларда өзгере де бастауына алып келді.
Сонымен , бұл арада баяндалған перспектива теориясыныңнегіздері қатып қалған догма емес – ғылым да дамып отырады , суретшілер де оны өз жұмыстарына творчествалықпен икемдейді.