Қазіргі үй жихазының негізгі түрі ағаш бұйымдар. Сондықтан үйге мебель сатып алу мәселесіне жете назар аудару қажет. Осы кезде «стенка» деп аталатын яғни үйдің бір қабырғасын түгел алып тұратын құрмалы шкафтар бар. Ондай шкаф кең бөлмеге жарасады, ал тар бөлмені одан сайын тарылтып жібереді. Бөлмедегі ондай заттардың бәрі бір гаргитурадан болуы да міндет емес. Тек ағашы мен түсі жағынан бір-біріне сәйкес келсе жарасып жатыр.
Ортақ бөлмеде семья мүшелерінің әр қайсысының жұмыс жихазы болуы керек. Мәселен, терезе алдында шағын жазу столын, оған таяу қабырғада кітап сөресін орналастыру жөн.
Үйді сәндеп жиыстыруда терезе пердесі мен жұмсақ мебельдерді қаптайтын мата түсінің де мәні зор. Мәселеен, бөлме ішіндегі жихаздар бір-біріне үйлесімді болу үшін диван, кресло және орындықтарды бір түсті матамен қаптаса, терезе пердесін сол бөлмедегі заттардың түсіне үндес келетіндей, басқа түсті матадан жасауға болады. Егер жихаз ашық гүлді матамен қапталса, бөлменің қабырғасын гүлдеп боямау керек. Ал егер бөлме қабырғасы гүдеп боялса, онда жихазды біріңғай гүлсіз матамен қаптағаны дұрыс.
Егер жихаздың ағашы қоңыр сырмен сырланса, оны күрең немесе қоңыр қызыл түсті матамен егер ағашының сыры ақшылдау болса, оны көкшіл сұр матамен қаптаған жақсы.
әр үйді жихаздағанда бөлмедегі заттарлдың бәрі мебель, люстра, картина, кілем, бір-біріне үндес келіп тұруы қажет екенін естен шығармау керек.
Жихаздың типологиялық топтарықазіргі мебельдермен қоса сатылып жүрген полировка . Оның үстіне әдемі хрусталь, фарфор ваза, гүл салғыш қоюға болады.
Ерекше бір безендірулерге назар аудару керек. өйткені қазіргі таңда балалар бөлмесінде заман талабына сайкомпютер болуы керек. Ал, жихаздарға тоқталсақ, жоғарыда айтып өқткендей аквариум, қызықты картиналар да баланың көңіл-күйіне әсер етеді.