Бастауыш сынып оқушыларына арналған псикоррекциялық тренингтік-ойындар

  1. “Ақ бидай” ертегісі тақырыбындағы коррекциялық сабақ.

Мақсаты: Балалардың таным процестерін оныңішінде шығармашылық қабілеттерін дамыту,оларды өз бетінше жұмыс орындауға баулу, еңбеккерлікке, адамдыққа, достастыққа тәрбиелеу., жаман әдеттерден бойын аулақ ұстауға үйрету.

Коррекцияны жүргізу реті.

Балалар өткен коррекциядағы талданған мәселелерді қысқаша еске түсіріп, өздерінің ол кездесу туралы ойларын ортаға салады. Сонымен қатар бұл кездесуге берілген үй тапсырмасы бойынша даярлаған ғылым, оқу білім туралы мақал мәтелдер жинап келгені айтылады. Мақал мәтелдер сайысын өткізуден бастауға болады. Нәтижесі талданып болғаннан соң “ Ақ бидай” ойыны ұсынылады.

Ойын.

Матадан тігілген дорбаға бидай салып балаларға ұсынылады. Балалар сұрақ жауап жұмыстарын жүргізеді.

Дорбаның ішінде не бар екен.?

жеуге жарай ма?

Ия

Адам өміріне пайдалы ма?

Ия?

Арпа ма?

Жоқ.

Бидай ма?

Ия.

Психолог. “Ақ бидай” ертегісімен танысамыз. Психолог ертегіні айтып береді. Балалар түсініксіз сөздерді “ түртіп алу жүйесі бойынша белгілеп алып отырады. Ертегі оқылып болғаннан кейін оның мазмұны талданады. Оқуға ынтасын қалыптастыру үшін балалардың таным процестерін коррекциялау жұмысы жүргізіледі. Ол үшін балддалар бірнеше шығармашылық орталықтарға бөлініп, әр орталыққа зертитеу жұмысы жүргізетін тапсырмалар беріледі.

Орталықтарға мынадай жұмыстар тапсырылуы мүмкін:

Математика орталығы.

Көрнекіліктері: ыдыста бидай, таразы түрлі түсті суреттер.

Жақшасы бар өрнекке ұқсаған есеп құрастыру.

Кері есеп құрастыру.

Оқу орталығы.

Ертегі бойынша қойылған сұрақтарға жауап дайындау.

Оқу техникасын қалыптастыру орталығңы.

Балалар ертегі мәтінін бір біріне оқып беруі.

Жазу орталығы.

“Бидай” сөзін қолдана отырып мәтін құрау.

“Бидай” сөзіне( зат есім, сын есім, етістік) сөз таптарын қатыстырып сөйлем құрау.

Ғылым орталығы. Нан дастарқанға қалай келеді?

Бидайдан дайындалатын тағамдар түрін кестеге түсіру.

Өнер орталығы.

Ертегі бойынша сурет салу.

Ертегі бойынша сахналық көрініс даярлау.

Ермек саз орталығы.

“ Бидай “ тақырыбына байланысты өлеңдер, мақал мәтелдер, жұмбақтар дайындау.

Орталықтарда жұмыс істеу барысында балалар келесі қасиеттерді мекңгереді.

бірлесіп жұмыс істеу;

бір- бірінен үйрену;

өз білімдерін іс тәжірибесінде пайдалану;

өз бетімен білім іздеу;

Орталықтардағы жұмыстарын қабылдап, оларды бағалау олемпиада ретінде немесе басқада қызықты түрде жүргізіледі. Орталықтар жұмыстарын бағалау және қорытындылау ертегі мазмұныны балалар қалай меңгергенін бағалау картасына түсіруге болады.

Атауы. Тірі табиғат Жақсы қасиет Жаман қасиет.
Бидай + +  
Арамшөп +   +
Адам + +  
Аңдар + + +
Құстар + + +

Әр бір ата ана, психолог тәжірибешілер жақсы көретін үлкен адамның қасында болу арқылы баланың табиғатпен жанды қарым қатынас жасағанда ештеңенің тең келмейтінін түсіну керек.Баланың жан дүниесін оятып, дүниетанымын қалыптастыратынәңгімелерді ертегі өлеңдерді, жыр дастандарды іріктегенде төмендегі талаптар орындалуы қажет:

Мазмұнын таңдағанда ертегі немесе әңгімелердің көлеміне назар аудару керек.Кішкентайлармен жұмыс жүргізуге ұзақ айтылатын, шұбалаңқы әңгімелерді пайдалануға болмайды;

Мазмұны коррекция тақырыбына сай болғаны жөн;

Мазмұны балаға қандай да болмасын құндылықты түсіну мен қатар, оның бойында өзіндік пікір туғызатындай болуы қажет;

Мазмұнын баланың жас ерекшеліктеріне қарай алу керек;

Келесі кездесуде тренинг ойындарының көптеген түрлерін пайдалана отырып ата аналар мен балаларды бірге “ балалық шаққа” саяхатқа шақырылады.

  1. “Адамгершілік – асыл мұра” тақырыбындағы коррекциялық сабақ.

Мақсаты оқушылардың бойына адамгершілік қасиетті ұялату, мейірбандық,ойшылдық, шыншылдық,қайырымдылық т.б. адамгершілік қасиеттерді игеруге ықпал ету.

Көрнекілік: күлімдеген күн, түнерген бұлт, кемпірқосақ суреттері.

Коррекцияны жүргізу реті.

Ұйымдастыру. Баяу күй орындалып тұрады. Оқушылар орындарынан тұрып, сәлемдесіп, әнұранды орындағаннан соң коррекция сағаты басталып кетеді.

Оқушылар орындарына дөңгелене отырып,музыка әуені тоқталады,есік қағылып, хат әкелінеді. Хатта бүгінгі коррекция сабағығының тақырыбы жазылған екен.

Тақырып баяндалып, коррекция сабақтың тақырыбы айтылған соң, психолог кіріспе әңгімесін бастайды.

Адамшылдық деген не? Бұл сұраққа жауап беру үшін бай адам деген қандай адам, рух деген не?- деген сұрақтар төңірегінде ой өрбітіледі.

Рух – адам бойындағы бір қуат. Ол қуат адам бойында кездесетін барлық жақсы қасиеттермен жасайтын игі істердің қайнар көзі.

Жаратылыстың барлығы екі қарама – қарсы нәрседен тұрады. Ақ – қара, күн – түн, ыстық – суық, жақсы – жаман. Адам бойындағы барлық жақсы қасиеттер рухтан туындайды, ал жаман қасиеттер нәпсінің көрінісі болып табылады. Адам денесі бір болғандықтан оның ішінде билік үшін үнемі осы екі қуаттың- рух пен нәпсінің күресі жүріп жатады.

Ұлы бабамыз Шәкәрім айтқандай:

Адамның ішінде болмайды аласы,

Оларды бұзатын нәпсінің таласы.

Рухтың мекені адамның жүрегі. Жүрек жылуы, махаббат, ар ұят, қайрат, мейірімділік,жақсылық, адамшылдық. Осы қасиеттер жүректен туындайды.

Күн адамның рухы болса, күн сәулесі ақыл дейік.

Бай адам ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Осындай қасиеттері бар адамда адамшылық мол болады. Адамгершілік ұғымында даосы аталған қасиеттермен бірге аяушылы, сүйіспеншілік, жан аямай еңбек етушілік т.б. көптеген сапалар кездеседі.

Бүгінгі сабақта осы сапалардың біразы туралы пікірлескенді дұрыс санадым. Ойымызды өрбітіп, бойымызға адамгаршілік нәрін егу үшін тақтаға ілінген күггің суретігне қарайық.

Жарық күн. Оның бетін ала бұлт көлегейлеп тұр. Күнді біз мейірман, жан шуағын төгетін құдіретті ананың біріне теңестіреміз. Өйткені барлық тірі табиғат өкілдерінің өмірі осы күннің сәулесімен келетін нұрымен байланысты. Ал осы күннің бетін көлегейлеп тұрған бұлтты біз ананың хүрегіндегі көлеңке сияқты қабылдаймыз. Біз күнде ананың сезімін сөйлетейік. Ол үшін бетіндегі түнерген бұлттардың ішіндегі ойларын ашайық..

Бірінші бұлт.

Сенің шешуің не, сен неге түнере қалдың?

Бұлттарға бірінші тапсырма: баяу ән әуенімен барлығымыз адам, әуен ырғағында тамаша ойларға беріледі. Жағымды ой ойлауға бір минут уақыт беріледі.

(бірнеше оқушыдан ойлаған ойлары сұралады).

өмірде тыныштық болса екен.

Менің әскердегі ағайым аман сау жүрсе екен.

Мектеп бітірген соң аңсаған оқуыма түссем екен.

Жер шарында тыныштық болса екен т.с.с сияқты ойлар айтылады.

Псиъолог: Осындай жағымды ойларың сендердің бойларыңа қайырымдылық, өмірге сенімділік әкелді. Сухомлинскийдің “ ата — ана педагогикасы” кітабынан мына бір оқиғаны айтып берейін.

92 жастағы анасы қайтыс болған жігіт анасына табыт жасауға тақтай таба алмай қиналды. Бірақ мейірімді жандар кездесіп, ағаш қоймасынан ағаш тіліп берді. Енді олтақтайын үйіне алып баоуға көлік жоқ. Бірақ бұл жолы да қайырымды адам кезде кетеді. Жүргізуші жігіт аттанып отырған сапарынан жарты сағатқа кешігетін болса да, ағаштарды апарып тастауға келісіп, оларды тиеп алып, қоймадан шыға бергенде, автоколонна бастығы кездесіп қалады. Тақтай тиеп алған өз көлігін көрген басшы айқай салып, машинаны тоқтатып, жағдайды тыңдамай, жігіттің тақтайын түсіртіп, машинаны жұмысқа қоя береді.

Көзінің жасы көл болған жігіт тақтайдың қасында егіліп тұр. Жанжалды құлағы шалып қалған, өтіп бара жатқан ат-арбалы адам бұрылып келіп, қайрымдылық жасап, көмек көрсетеді. Қиналған адамға ізгілік нұрын шашады.

1- ші бұлт ашылды – қайрымдылық қасйетін білдік.

Екінші бұлт:

Үлгі аларықтай нақты сөздер, тақырыптар айту.

1.Абай. “Ғылым таппай мақтанба”.

  1. Ақиқаттың ауылы. Шәкірім.
  2. Абайдың 14-ші қарасөзі.
  3. Мұхаммед Пайғамбар хадисі.

Психолог: Мынадщай суретке көңіл аударайық. Суреттен нені көріп тұрсыңдар:

Жауап : қара ноқат немесе қара ноқаты бар ақ қағаз.

Шын жауап: қара ноқаты бар үлкен ақ кеңестік.

Иә, балалар, өмірдің көптеген көрністерінде, оқушылық өмірлерінде сендер ақ түсті аңғармай, адамдар бойыынан “қара” ноқатты көресіңдер. Былайша айтқанда,біз әр адамның бойынан жақсы жақтарын көрместен, неге көбнесе оның кемшілігіне көңіл аударамыз. Жақсы оқиғалардан көрі, дау – дамай, қылмыстар жайындағы теледидардағы бағдарламаларды бірінші ретте көреміз, өмірде орын алған бұзықтық, басқаларға жасалкөреміз, өмірде орын алған бұзықтық, басқаларға жасалған қатігездік туралы рахаттана әңгімелесеміз. Немесе сұқ саусақпен басқаны көздеп көрсетуге әуеспіз, сұқ саусақты көрсеткенде, қалғанүш саусақтың өзімізге қарағанын байқамаймыз ба: Егер біреу сені сөгіп жатса, “мен ризамын”, — деп жауап бер” – делінген пайғамбар хадистерінде. Сондықтан, балалар жаңағы өздерің айтақан нақыл сөздерден өнеге алып, өмірдің, достарыңның, ұстаздарының, ата – аналардың тек жақсы жақтарын қабылдай біліңдер: мына жазылған нақыл сөзге көңіл аударыңыздар:

“Адамның адамшылығы – ақыл, ұстаздар – жақсы.,ата – жақсы, ана – жақсы, ұстаздар жақсы. Қоршаған ортадағы басқа адамдардың барлығын оң белгімен қабылдау, оларға ізгі ниет білдірудің адамгершілік қасиеттің үлкен көрнісі. Оны жақсылап тұжырымдап көрсетуі қажет.

Екінші бұлт ашылды — адамдардың жақсы қасиеттеріне көңіл аударылды.

Үшінші бұлт:

— адамгершілік қасиет – сүйіспеншілік. Ата – анамды сүйемін, туған жерімді, Отанымды, достарымды сүйемін. Осы қасйетке байланысты балалар топтарына тапсырма берледі:

  1. – ші топ: Отанға сүйіспеншілік.

2.- ші топ: Ата – анаға сүйіспеншілік.

  1. – ші топ: достарыма сүйіспеншілік.

Сүйіспеншілікке төрт ауыз тақпақ немесе қысқа әңгімеқұрайсыңдар. (Баяу әуен ырғағы, 3-4 минут уақыт беріледі). Уақыт өткеннен соң балалардың тақпақтары мен әңгімелерін тыңдаймыз. Онда баланың басқаларға деген мирымандығы мен ынтымақ қатынасы көрніс береді.

Қатар бойынша немесе кіші топтағы бөлінген балаларға тапсырмаларды келесі нұсқада ждүргізуге болады:

1- ші топ:

сынып ішіндегі бір баламен сенің досың ойнағысы, қарым- қатынас жасағысы келмиді. Тіпті оны мазақтаңдар деп үгіттейді. Ал, сен не істер едің.

А) Ештеңе білмегендей боласың.

Б) достарыңмен бірге мазақ қыласың.

В) достарыңның қарсылығынан қорықпастаң осы баламен достасқың келедің.

2.- ші топ:

ағаш дұрыс өсу үшін оған қай кезде көмектесу қажет.

А) үлкен ағаш бл\олғанда

Б) көшет кезінде

В)тал – шыбық кезінде

3-ші топ:

Сенің үлкен әпкең анасына құрбымның үйіне барып “математика сабағына дайындаламын”- деп айтып, ал шындығында олар дискотекаға кетті. Егер анаң сенен осы жайды сұраса, сен не істер едің.

А) бұл жайында ештеңе білмимін деимін.

Б) бір дәлел ойлап табумен әпкеңді құтқарасың.

В) шыныңды айтасың.

Ойын нәтижесінде үшінші бұлт жеңілгенін мойындап, күннің көзін ашады.

Төртінші бұлт:

“Таңғажайып алаң” ойынын жүргізуге болады.

— Адамгершілік қатынастарына жататын адамның бір тамаша қасиеті жасырынып тұр соны табамыз.

Ол “әдептілік” деген сөз болады. Осы сөзді тапқаннан кейін төртінші бұлттың да қаюағы ашылады.

Бесінші бұлт:

Ол тапсырма – сұрақтарға жауап.

  1. сөйлеу мәдениетін қалай түсінесің
  2. махаббат сүйіспеншілігі деген не.
  3. амнат деген не.

Осы сұрақта рдың жауабын дұрыс айта білсе деген мақсатпен Өтебай Тұрма нжановтың “ананың аманаты” деген тақпағын оқып беруге болады. Тапсырма орындалғаннан соң бесінші бұлтта күннің көзін жауып тұрудан бас тартады.

Барлық тапсырмаларды орындаған соң бұлттар ашылып, Күн күлімдеп шығады.

Бұл коорекциялықсабақтыңбалаларға әсеріөте үлкенболды. Әдептілікжайдарылықсиымсрыздықболмасаадамдарарасындағықарым-қатынасбұлт төнгенкүндейтұнжырападамдар бір-бірінеашылмайтындығынбалалар жақсы түсінді.