Жеткіншектердің мінез-құлық ерекшеліктерін психодиагностикалаудың маңы

Жеткіншектердің мінез ерекшеліктері мен мазасыздануын зерттеу әдістері

Жеткіншектер өздерінің дамуындағы балалық шақтан жаңа сапаға өтуі, барысында кездесетін қырсық мінез көрсету, темперамент ерекшеліктерін басқара алмау, акцентуация, мазасыздану және басқа дағдарыстың орын алуымен байланысты оларды анықтауға арналған көптеген әдістемелер жасалған. Психолог осы жастағы балалармен жүргізген жұмыстарын олардың темпераментінің ерекшеліктерін зерттеуден бастағаны дұрыс. Өйткені мінез ерекшеліктері және оның көрініс беретін ерекшеліктері темпераментпен тікелей байланысты. Темперамент ерекшеліктерін анықтауға Айзенк және Стреляу ұсынған тестерді пайдалануға болады.

Темпераментті Айзенк тестімен зерттеу.

Бұлтестіортасыныпоқушыларынанбастапересек адамдарға дейін қолдануға болады.

Мақсаты: баланың темпераментін және эмоционалдық тұрақтылығын (невротизмнің көрінісін) анықтау.

Орындау ережесі: «сізге 57 сұрағы бар бланкі мен жауап парақ берілді. Сұрақтардың әрқайсысына «ия немесе «жоқ деген жауап беріп оны жауап параққа жазыңыз. Дұрыс жауапты табу үшін көп ойланудың ешқандай қажеті жоқ. Өйткені бұл тапсырмалар арқылы білімді немесе ақыл-ойдың даму деңгейі бағаланбайды, берілген сұрақтарға дұрыс немесе қате жауап жоқ. Әр адамың өз ойы өзіне дұрыс. Сондықтан ең бірінші ойға келген жауапты сұрақ номерінің тұсына жазыңыз.

Сауалнама.

  1. Тынығу үшін, немесеерекшесезімгебөленуүшінжаңалық іздеуге құмарлыққа жиі бөленесіз бе?
  2. Сізді түсінетін, жұбататын және көңіліңізді көтеретін достарға қажеттілікті жиі сезінесіз бе?
  3. Өзіңізді уайымсыз адаммын деп есептейсіз бе?
  4. Алдыңызға қойған мақсаттан бас тарту сізге қиын ба?
  5. Іс-әрекеттерді бастамайтұрып, алдын-ала, асықпай ойланып аласыз ба?
  6. Берген сөзіңізді барлық уақытта орындайсыз ба?
  7. Сіздің көңіл күйіңіз құбылмалы ма?
  8. Жылдам сөйлеп, тез қимылдайсыз ба?
  9. Ешқандай себепсіз өзіңіздібақытсызадаммындепесептеген уақытыңыз болды ма?
  10. Дауласу барысында неге де болса бел байлауға даярсыз ба?
  11. Сізге ұнайтын адаммен танысуға ұяласыз ба?
  12. Қатты ашуланғанда не істегеніңіздібілмей қалатынжағдай болады ма?
  13. Жағдайға байланысты ойланбай әрекет жасауыңыз жиі болады ма?
  14. Өзіңіздің айтқаныңыз немесеістегеніңізтуралыойларсізді жиі мазалайды ма?
  15. Адамдар мен кездескенненкітапоқығандыкөбірекұнатасыз ба?
  16. Сіздің намысыңызға тию оңай ма?
  17. Компанияда жиі болғанды ұнатасыз ба?
  18. Басқаларға айтқыңыз келмейтін ойларыңыз бар ма?
  19. Кейде күшіңіз тасып,таудықопаруға дайынболып,аленді бірде әлсіреп қалатыныңыз рас па?

20.Өзіңіздің қарым-қатынас жасайтын ортаңызды ең жақын достармен шектеуге тырысасыз ба?

21.Арманға жиі бөленесіз бе?

  1. Сізге дауыс көтергендерге солайша жауап бересіз бе?

23.Өз әдеттеріңіздің барлығын жақсы деп есептейсіз бе?

24.Сіз өзіңіздікіналы деп сезінуіңіз жиі болады ма?

  1. Сіз өз сезіміңіздіжүгендеместен,көңілдікомпаниядажақсы тынығуға қабілеттісіз бе?
  2. Кернеу жағдайында жиі боласыз ба?
  3. Басқалар сізді көңілді және еті тірі адам деп есептейді ме?

28.Бір істі бітіргеннен соң, ол тірлікті «одан да жақсы орындауға болар еді деген ойға бөленесіз бе?

  1. Үлкен жиындарда өзіңізді ыңғайсыз сезінесіз бе?
  2. Сіз өсек айтатын кездер болады ма?
  3. Әртүрлі ойларға бөленіп, ұйқыңыз қашып кететін кез болады ма?

32.Бір нәрсені білгіңіз келсе сіз оны кітаптан іздейсіз бе?

  1. Кейде жүрегіңіз қатты соғады ма?

34.Барлық көңілді шоғырландыруды талап ететін жұмысты ұнатасыз ба?

  1. Кейде қалтырап-дірілдеп кетесіз бе?
  2. Сіз барлық уақытта шыныңызды айтасыз ба?
  3. Бір-бірін әзілдеп отыратын компанияны ұнатпайсыз ба?
  4. Сіз ашушаңсыз ба?
  5. Тез шешім қабылдауды талап ететін жұмыс сізге ұнайды ма?
  6. Сізді, еш уақытта болмаған неше түрлі сұмдықтар және қайғылы оқиғалар болып қалса не болар еді, деген ой жиі мазалайды ма?
  7. Сіз асықпай, жай қимылдайтыныңыз рас па?
  8. Жұмысқа, біреумен кездесуге жиі кешігесіз бе?
  9. Жағымсыз түстерді жиі көресіз бе?
  10. Сіз өте сөзшең болғандықтан әр кездескен адаммен әңгімелесіп қалуға тырысатыныңыз рас па?
  11. Бір жеріңіз ауырады ма?
  12. Достарыңызбен ұзақ уақыт жолыға алмасаңыз мазасызданасыз ба?
  13. Сіз шыдамсыз адамсыз ба?
  14. Таныстарыңыздың ішінде сізге ұнамайтын адам бар ма?
  15. Өзіңізге сеніміңіз күшті ма?
  16. Сіздің кемістіктеріңізді немесе жұмысыңыздысынағансіздің намысыңызға тиеді ме?
  17. Көптеген адам қатынасатын іс-шаралардан ләзаттанасыз ба?
  18. Сіз өзіңізді басқалардан кем деп санайсыз ба?
  19. Қызықсыз ортаны жандандырып жібере аласыз ба?
  20. Өзіңіз білмейтін нәрсеңізді білетіндей болып көрсеткіңіз келеді ме?
  21. Өзіңіздің денсаулығыңыз туралы қам жисіз бе?
  22. Басқаларды әзілдеуге құмарсыз ба?
  23. Сізді ұйқысыздық мазалайды ма?

Нәтижесін бағалау кілті.

Экстраверсияны бағалау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп есептелінеді:

Ия — 1, 3, 8, 10, 13, 17, 22, 25, 27, 39, 44, 46, 49, 53, 56

Жоқ — 5, 15, 20, 29, 32, 37, 41, 51.

Шкаласы:

0-10 балл жинасаңыз сіз интровертсіз;

15-24 балл жинасаңыз сіз экстравертсіз;

11-14 балл — амбиверт көрсеткіші болып табылады.

Невротизмді анықтау үшін келесі сұрақтарға берген жауаптарыңыз кілтке сай келсе бір балл деп бағаланады:

Ия — 2, 4, 7, 9, 11, 14, 16, 19, 21, 23, 26, 28, 31, 33, 38, 40, 43, 45, 47, 50, 52, 57;

Шкаласы:

0-10 эмоционалдың жағынан тұрақтылықтың көрсеткіші;

11-16 сезімталдық белгісі;

17-22 жүйке жүйесі күйзелгенінің белгісі бар;

23-24 невротизм патологияға жақындаған.

Өтірікшілік көрсеткішін анықтау:

Келесісұрақтарғабергенжауаптарыңызкілткесайкелсе бір балл деп бағаланады.

Ия — 6, 24, 36;жоқ — 12, 18, 30, 42, 48, 54.

0-3 балл жинасаңыз сізге барлық уақытта сенуге болады.

4 — 5 — жалғандығыңыз көрініп тұр;

6 — 9 — жауаптарыңыз ақиқатқа сай емес, оларды өңдемей ақ қойсада болады.

невротизм

20

18

холерик
меланхолик

16

14

экстраверт
интроверт

12

02468101214161820

8

невротизм
невротизм

6

4

2

невротизм

0

Эмоционалдық тұрақтылық

Бағалау шкаласы бойынша анықталған баллдарды жоғарыда берілген графиктің горизонталдық бағанына эктраверсия түсіріп, ал невротизм көрсеткішін вертикалдық бағанға орналастыру керек. Сол нүктелерден түсірген перпендикулярлардыңқилысқан жері зерттелінушінің темпераментіндегі жетекші типті көрсетеді. Осы көрсеткіш бағандардың қилысқан жеріне жақын орналасса ол адамда барлық темпераменттің көрсеткіштері анық байқалатынының белгісі.

Оқушы аты қозу тежелу Ара қатынасы Темперамент
1 Айжан 13 9 1,4 Экстраверт-холерик
2 Ақнұр 14 12 0,9 Экстраверт-холерик
3 Әлия 13 12 1,1 Экстраверт-холерик
4 Бану 10 12 0,9 Экстраверт-холерик
5 Данабек 9 9 0,9 Интроверт-флегматик
6 Ғалия 13 11 1,1 Экстраверт-холерик
7 Ғалым 10 9 1,1 Экстраверт-холерик
8 Гулдана 13 12 1,1 Экстраверт-холерик
9 Қадиша 10 12 0,9 Амбиверт-сангвохолер
10 Карима 9 11 0,9 Интроверт-флегматик
11 Заррина 13 13 1 Экстраверт-холерик
12 Мәдина 11 9 1,1 Экстраверт-холерик
13 Мақсат 10 10 1 Интроверт-флегматик
14 Марина 13 9 1,2 Экстраверт-холерик
15 Маржан 13 13 1 Экстраверт-холерик

16 Марс 9 12 0,8 Интроверт-меланхолик
17 Мәнсур 8 9 0,9 Интроверт-флегматик
18 Нағима 11 10 1 Амбиверт-сангвохолнр
19 Назерке 13 10 1 Амбиверт- сангвохол
20 Нұрсұлу 9 9 1,1 Амбиверт-сангвохол
21 Ораз 13 11 1,1 Экстроверт-холерик
22 Өмірзақ 9 11 0,9 Интроверт-мелонхолик
23 Шәрипа 13 9 1,2 Экстроверт-холерик
24 Шәмші 10 10 1 Амбиверт-сангвохол
25 Фатима 11 9 1,1 Амбиверт-сангвохол
26 Фархат 10 12 0,9 Амбиверт-сагвохаол

Зерттеу нәтижелері.

Темперамен типі Балалар саны
Экстраверт-холерик 11
Амбиверт- сангвохолерик 7
Интроверт-флегматик 3
Интроверт-меланхолик 2

Психикалықжағдайдыңкөрсеткішіжоғарыболғаноқушылардың уайымдай алуын дамыту қажет. Ол үшін зерттеуші анықталған оқушылардың

өздері туралы не ойлайтынын, мәселенің себебі қандай екенін, сол жағдайда ол дұрыс түсті ме, не істеу керек деген сияқты мәселелерге баса назар аударып оның шешімін мұғалімдермен, ата-аналармен бірлесе отырып шешкен абзал. Сондықтан да бұл сыныптағы оқушылардың» жекелік мінез-құлық ерекшеліген жете түсіну үшін белгілі бір мақсатқа бағытталған нақты психиодиогностикалық жұмыстар ұйымдастырып, оларды тереңдеп зерттеуге тырыстық. Ол үшін біз бақылау, әңгіме әдістерімен қатар бірнеше пікіржинау сауалнамаларын, проективтік әдістемелер арасынан «Табиғатта жоқ жануар» және «Жаңбыр астындағы адам» пиктограммаларын жүргіздік. Осы жүргізілген әдістемелерді толығымен сипаттап өтейік.

Олардың ішінде «Табиғатта жоқ жануар», «Жаңбыр астындағы адам» оқушылардың қызығушылығын тудырды.

Келесі кезеңде «табиғатта жоқ жануар» әдістемесін жүргіздік. Бұл әдістеменің ерекшелігі балаға беретін тапсырманың белгісіздігінде. Оларға табиғатта жоқ жануарды салу тапсырылады. Ол жануарға ат беріп, оның барлық ерекшеліктерін сурет арқылы көрсету қажет. Нәтижесін талдау барысында балалардың мазасыздану деңгейін, эгоцентризмін, танымдық қызығушылығын және басқа ерекшеліктерін байқауға мүмкіндік туады.

«Табиғатта жоқ жануар» әдістемесі бойынша зерттеу нәтижесі

I Балалар аты I Балалар атыТалдау нәтижесі  
1. Айжан Эгоцентризм, басқалардың өзін бағалауына ерекше көңіл аударады, танымдық қызығушылығы жоғары.  
2. Ақнүр Эгоцентризм, мазасыздану, ойшыл, эмоционалдық

Тұраксыздық, Тұраксыздық, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

 
3. Әлия Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің Орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.  
4. Бану Рефлексияға жақын, ойшыл, «іс-әрекет адамы емес»,

танымдақ қызығушылығы жоғары, рационалим анық байқалады.

 
5 .Данабек Басқалардың пікірін бағалайды, өзіне көңлі толмайды, танымдық қызығушылығы жоғары
6 .Ғалия эгоцентризм, сенімі төмен, қорқақ, мазасыздануы жоғары
ойшыл, инфантилизм, рационалим.
7 .Ғалым Қорғаныс агрессиясы анық, іс-әрекетке ойланып істейдішешім қабылдауы қиын, танымдық қызығушылығы жоғары.
8. Гүлдана Эгоцентризм, қорқақ, танымдық қызығушылығы жоғары,
Іс-әрекетте сабырлыойланып істейді, сезімтал, теалист
9 . Қадиша Рефлексияға жақын, ойшыл, сабырлы, сезіитал, тұйық,Рацаналист, танымдық қызығушылығы жоғары
10. Карима Өзінбағалауыжоғары, эгоцентризм,қорқақ ешкімгесенбейді агрессияанық байқалады, эмотция ұстамсыз.
11. Заррина Сасқалақ, рефлексияға жақын, ойшыл, агрессия анық

байқалады, сезімтал, ойшыл, мазасыздануы анық,

тұнжыраған, танымдық қызығушылығы жоғары.

12. Мәдина Байсалды, шешім қабылдауда асықпайды, сенімі төмен

төмен, басқалардан сескенеді, басқалардың пікірін

бағалайды, танымдық қызығушылығы жоғары

13. Мақсат Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы өз орнына!

қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы
жоғары, барлық уақытта іс-әрекетүстінде.

14. Марина Өз іс-әрекеттерінеқанағаттанады, қорқақ, сенімі төмен,

ойшыл, басқаларға сенімі күшті.

15. Маржан Эгоцентризм, корқақ, интроверт, тұйық, танымдық

Қызығушылығы жоғары.

16. Марс Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары, қорқақ, | эмоционалдық тұрақсыз, тұйық.
17. Мәнсүр Ойшылдыққа тенденциясы бар, танымдық қызушылығы жоғары, рефлексия, сасқалақ, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.
18. Нағима Ойшылдыкқа тенденциясы жақсы, рефлексиясы жақсы, шешім қабылдауы қиын, рационализмі күшті.
19. Нәзерке Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім қабылдауға пысык, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.
20. Нұрсұлу Өзіне сенімі төмен, бақаларға тәуелді, эгоцентризм, сезімтал, эрудицияны жоғары бағалайды.
21. Ораз Өзін бағалауы жоғары, өзінің статусына қанағаттанбайды, эгоцентризм, танымдыққызығушылығы жоғары, өзінің іс-әрекеттеріне пысық.
22. Өмірзақ Өзін жоғары бағалайды, әлеуметтік ортадағы орнына қанағаттанбайды, танымдық қызығушылығы жоғары, барлық уақытта іс-әрекет үстінде
23. Шәрипа Эгоцентризм, танымдық қызығушылығы жоғары,

сенімсіз, қорқақ, мазасыздануы жоғары, шешім
қабылдауға пысық, тұйык, эмоционалдық тұрақсыз,
инфантилизм, тұйық, эмоционалдық тұрақсыз,
инфантилизм.

24. Шәмші Ойшылдыққа тенденциясы жақсы, рефлексиясы жақсы, шешім қабылдауы қиын, рацианализмі күшті.
25. Фатима Өзін бағалауы жоғары, әлеуметтік ортадағы өзінің орнына қанағаттанбайды, эгоцентризм,танымдық қызығушылығы жоғары, мазасыздануы анық байқалады.
26. Фархат Өзіне сенімі төмен,бақаларға тәуелді,эгоцентризм, сезімтал,эрудицияныжоғарыбағалайды,тұйық,эмлоционалдық тұрақсыз, инфантилизм.

бұл әдістеме бойынша зерттеу нәтижесі балалардың агрессиясы мен мазасыздану деңгейі жоғары, ал өзіне деген сенімі төмен екенін байқатты. Мұндай жағдай жеткіншектер жасына тән сипат екенін көптеген ғалымдар дәлелдеген. Сондықтан осы оқушылармен өзіне деген сенімін жоғарылату шараларын жүргізу қажет екені анық байқалды. Бұл шаралар коррекциялык машықтар немесе тренинг элементтерін пайдалану арқылы жүргізілуі мүмкін.

Зерттеу нәтижелері сенімді болу үшін балалардың мазасыздануын зерттеуге арналған тестердің тағы бірнешеуін пайдаландық. Бұл жерде «Жаңбыр астындағы адам» пиктограммасының нәтижесін келтіреміз.