Жеткіншектердегі мінез-құлық акцентуациясының типтері

Ж.Пиаже ойын процесінде балалардың кооперациясы қалай дамитынын көрсетті; онда индивид өзін басқалармен теңмін деп қарайды, мұның өзі өзара тексеру мен ережелерді сақтауға, қоллегиялыққа, келісімге жетуге бастайды. Нақ осының өзі Пиаженің бала өз теңдестерімен кооперацияланса, ол ендігі жерде ересек болады деген маңызды қорытынды жасауына негіз болды. Совет психологтарының зерттеулерінде мынадай жайлар анықталды: біріншіден III—IV кластардың өзінде-ақ жолдастық нормаларын (көмек, адалдық, сыйластық) сақтау, жолдасы мен досының қасиеттерін бағалау критерийі болады; екіншіден, балалардың мазмұнды қарым-қатынастарының ұлғаюы мен тереңдеуінің және олардың осы қарым-қатынастарға қоятын талаптарының арасында тікелей тәуелділік болады (адалдық пен теңдік нормаларының маңыздылығы артады, осы нормалар қолданылатын жағдайлардың саны көбейеді). Өте-мөте маңызды жай сол, бұл нормалардың бәрі ересектердің карым-қатынасының барынша маңызды нормалары болып табылады. Нақ осы себепті баланың құрдастарымен, жолдастарымен, қарым-қатынасы өзіне тән ерекше міндет атқарады: бұл қарым-қатынастардың практикасында ересектердің моралы игеріледі (осы арқылы баланың әлеуметтік-моральдық есеюі дамиды), осының өзінде бұл моральдың басты мазмұны — теңдік пен коллегиялылық нормалары — бала мен ересектің қарым-қатынасына арналған тіл алу моралының нормаларына антагонистік тұрғыда болады.

Экстернализацияланған мінез-құлық ассоциалды мінез-құлықтың соңғы жағдайы болып табылады. Жасөспірімдердің мінез-құлқының өзгеруі — негізі, — мен олардың ерекше жағдайларға талпынуы, мектепте танымды болғысы келуі. Невский И.В. жасөспірімнің ерекше мінез көрсетуіне негіз болатын психологиялық жағдайларды атап көрсетеді. Олар:

  1. Жасөспірімдердің құрбандықты қажетсінуі.
  2. Анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне байланысты эмоционалды тұрақсыздық білдіруі.
  3. Агрессиясының анық байқалуы.
  4. Акцентуация түрлерінің анық байқалуы.
  5. Психикалық дамудағы ауытқулардың жиі кездесуі.
  6. Өзін-өзі төмен бағалауы.
  7. Өзін бейадекватты төмен бағалау.

Бұл жағдайларға әсер ететін факторлар:

  1. Микроәлеуметтік фактор — бұған жасөспірімнің іс-әрекетінің негізгі
    үш сферасы кіреді: отбасы, мектеп және қатарларының референтті группасы:
    отбасылық тәрбие сферасында психологтар оның гипер және гипосүйемелдеу
    сияқты тәрбие стильінің дұрыс емес жақтарының болуын көрсетті. Айта
    кететін нәрсе истереоидты және гипертандты сипаттағы акцентуацияның
    қалыпты емес типіүшінқатерліболатынгиперсүйемелдеу, ал гипосүйемелдеу-шизоидті және эмоционалды мобильді тип үшін қатерлі болып келеді (Трудные судьбы, 1991). Сонымен бірге эмоционалды үйлеспеудің Александров А.А. «фрустрациялау» деп атап оның екі типін көрсеткен.
  2. Агрессивті қорғану типі — бұл отбасындағы эмоционалды итерілуден
    қалыптасады;
  3. Оппозициялы тип — «бұл отбасы кумирі» тәрбиесі негізінен
    қалыптасады.

Аграссивті қорғану типі — ерекше қиын агрессивті сипатпен ерекшеленеді. Мұндай балалар төбелескіш, жаушыл, конфликтігі түскіш, тұрақсыз, мектептегі тәртіптің дезорганизаторы болып, бұл балалар дөрекі бұзылысқа барады. Алкогольдікке салынуы мүмкін. Мұның негізгі себебі баланың туылуы қажетсіз болған жағдайда ол соны сезінеді. Баланың қағылып тастауы түрлі формаларда көрінеді, құпиялық өті. Ата-аналардың -олардың қатты сөйлесуінен көрінеді. Бұл негізінен конфликтідегі, достығы жоқ отбасыларда көрінеді. Бала барлық уақытта нервті жағдайда жүреді, отбасыдағы үлкендерді өкпелетуінен қорғанудан агрессивті қорғану қалыптасады. Балалар айналадағыларға сенбеушілікпен қарайды, «біреу барлығына қарсы» позициясы отбасыдан тыс уақытта да қалыптасады, осының негізінде айналадағы адамдармен де конфликтіге түседі, олар оны қаға бастайды, оны эгоист қатал деп есептейді, бірақ ол мұның бәріне өзін кінәлімін деп есептемейді, барлығына басқаларды кінәләйді.

Оппозициялы тип бұл ата-аналардың өз балаларын «соқыр махаббатпен» жақсы көруі, балалардың барлық еркеліктерін көтеруі, кемшілігіне мән бермеу, оларды аспанға көтеру т.с.с. Осының негізінде олар әлеуметтік ортаға тиісінше бейімделе алмайды. Сондықтан да оларда «ішкі конфликт» туады. Бұл сонымен бірге, тіктелген, жоғары өкпелегендік, айналамен конфликтілік қатынас туады. Мұғалімдер оларды дұрыс бағаламайды, мұндай оқушылар өзін көрсеткісі келіп тұрады. Сондықтан қанағаттанбаған олар кері мінез-құлық көрсете бастайды. Сонымен қатар мұндай мінез-құлық жасөспірімдерге ата-аналарының тәуелсіз өмір сүргісі келгеннен және олардың шектен тыс қаталдығынан туады. Сондықтан жасөспірімдерде олардың көңілін өзіне аударғысы келіп тұрады. Осы себептен оппозициялы типтегі балалар қалыптасуы мүмкін.

Микроәлеуметтік фактор-қазіргі уақытта жасөспірімдердің қалыптасуына үлкен әсерін тигізеді. Бұл негізінен қоғамның идеологиялық тенденциясынан экономикалық тенденцияға өтуінен көрініп отыр. Сондықтан жасөспірімдерде статистикалық тұрғыдан кері мінез-құлық кең деңгейде көрініп отыр. Оған бірден бір себеп «орта» болып отыр. Бұларда олардың бір сезімдердің орнына потологиялық сипаттағы келесі бір сезімдердің келуі мүмкін.

Жалпы, оқушылардың мінез-құлқының ауытқып немесе бұзылып келе жатқанын неден байқауға болады. Мәліметтерге сүйенсек бала тырнағын тістеп отыруы мүмкін, ол ішкі мазасызданудың пайда болуынан да және түнгі шытырман жағдайлардан да көрінеді, яғни мінез-құлықтың өзгеруінің көріністері болып табылады.

Сонымен қорыта келе жеткіншектік кезең мен жасөспірімдік кезең бір-бірімен тығыз байланысты болып табылады. Оларға әсер ететін себептердің мазмұны да бірдей және бұл екі жас бір-біріне тәуелді. Мысалы, жеткіншектік кезең психикалық процестермен, жекелік дамуын, ағзаның физикалық жетілуімен сипатталса, жасөспірімдік кезеңде ағзаның жетілуі аяқталады, жасөспірімнің ішкі позициясының күрт өзгеруімен сипатталады.

Акцентуацияның пайда болуына себебін тигізетін жағдайлар жеткіншектер мен ересектер арасында кездесетін тартыс-таластар, түсінбеушіліктер. Олар ересек адамның жеткіншектерге әлі бала деп қарайтын көзқарас сақталуы, өз мәселелерін өз бетімен шешуге үлкендердің мүмкіншілікбермеуі, жолдастарымен қарым-қатынас жасауға себепсіз тыйым салуы т.б. Жеткіншек өзін ересекпін деп санайтын түсінігі мен үлкендердің балаға деп қойған талабы олардың арасындағы қарым-қатынасындағы талас-тартыстар мен қайшылықтардың көзі болып, акцентуацияның және агрессияның әр түріне әкеліп соғуы мүмкін. Олар баланың қырсық мінез көрсетуі, үлкендердің талабына қарсы шығуы, дөрекілік көрсетуі арқылы белгі береді.

Психологиялық қызмет көрсету барысында балалардың мінез-құлығында осы ауытқулардың орын алуына қарсы алдын-алудың (профилактикилық жұмыс жүргізу) маңызы үлкен. Бұл мәселені зерттеу үшін акцентуацияның түрлерін нақты анықтап алу қажет. Оны анықтау үшін К.Леонгардтың теориясына сүйене отырып жасалған және бұл мәселені зерттеуге кеңінен қолданылып жүрген классификация бар. Ұсынылған классификация бойынша жеткіншектер акцентуациясы келесі түрлерге бөледі:

  1. Гипертимдік тип. Негізгі ерекшелігі — көңіл-күйі барлық уақытта көтеріңкі болып жүретін, болашағына үлкен үмітпен қарайтын оптимистер. Олар өте сирек ашуға бөленіп, агрессия көрсетеді. Барлық уақытта көпшіліктің ішінде болуға, жетекші болуға құмар. Қызығушылығы өзгермелі, сондықтан бір істен екінші түріне тез ауысады, бастаған істерін аяғына жеткізбей тастап кетуге, теріс мінез көрсетуге жақын. Гипертимияның белгісі бар жасөспірімдер неше түрлі оқиғаларға, романтикаға бейімді. Басқалардың өз басына билік жүргізгенін жақтырмайды, ал өзінен үлкен балалар қамқорлық көрсеткенін ұнатады, олардың әсеріне тез бөленеді. Сәтсіздікке реакциясы өте күшті, бірақ тез басылады. Паталогияда жабысыңқы идеялар неврозы түрінде көрініс береді.
  2. Лабильдік тип. Аффектілі тұрақсыздар, кей кезде ешқандай себепсіз көңіл-күйлері тез және кенет өзгеретін адамдар. Барлық қарым-қатынасы және іс-әрекеттері көңіл-күйіне байланысты — жұмысқа жарамдылығы, хал-жайы, табыстылығы т.б. Эмоциясы өте нәзік ұйымдастырылған: терең сезінуге және жағдайларды бастан кешуге қабілетті. Қоршаған ортадағылармен жақсы қарым-қатынаста болуға бейімді. Оны мақтағанда, мадақтағанда, сыйлағанда шын жүректен қуанып, ұзақ уақыт шат болып жүреді. Махаббатта қатты ренжігіш, бірақ қажетті болса қамқорлықкөрсетуге, қорғауға даярлық көрсетеді.
  3. Сенситивтік тип. Үлкен компанияларды, дабыр-шу шығаратын ойындарды жақтырмайды. Бейтаныстармен қарым-қатынас жасамайды. Туған-туысқандарына бауырмал, ашық-жарқындық белгілері басым. Оларға бір эмоциялық жағдайдан екіншісіне көшу ауыр. Барлық нәрселердің өз орнында болғанын, адамдар өз ойларын анық жинақтап айтқанын ұнатады. Ескертулерге өте нәзік әсерленеді, ашулы, қамыққан кездерде қарсылық көрсетпестен іштен тынып жүруге бейімді, кекшілдік білдіреді. Өзін өзі қатал бағалап, кемістіктерін өте көп деп есептейді. Паталогияда эпилептикалық психопатия.
  4. Шизойдтық тип. Тұйық, қарым-қатынасы шектеулі. Шизойдтық жеткіншектер — тынымсыздықтың өте жоғары сатысындағы меланхоликтер. Өздерінің достары жоқтығынан жалғыздық сезіміне бөленіп жүреді де одан да бетер тұйықталады. Өздеріне сенімі төмен, өз қабілеттілігін бағаламайтын, азайтып көрсететін, басқалардан өзін қорғап жүретін адамдар. Ұялшақ, жауапкершіліктен қорқады. Олардың аффектілік реакциялары өзін-өзі қорғау механизмі.
  5. Эпилептоидтық тип. Аффектілік ұстамалы. Көңіл-күйі тұрақсыз, көтеріңкі болуы қысқа мезгілге созылады, ал бұзылуы ұзақтығымен және аффектісінің өте терең жүруімен сипатталады. Аффект барысында ерекше және себепсіз қатыгездік көрсетіп, ашуланған адамын ұрып-соғуға дейін барады. Депрессия кезінде тынымсыз, тез шаршайды, шығармашылық белсенділігі төмендейді.
  6. Тұрақсыз тип (Қозғыштық). Көңіл көтеруге, сырапшылыққа, уақытын бос өткізуге әуесқой, импульсивті, реактивті. Ерік күші дамымаған, эмоциясы тұрақсыз. Патологияда эпилептоидты психопатия.
  7. Астено-невротикалық тип. Көңіл-күйі айнымалы, ашушаң, ипохондрияға бейім. Мәнсіз нәрсенің сылтауымен ұрыс-қағыс шығарып, агрессиясын анық байқатады. Көңіл-күйі төмен, пессимист. Заттарға қызығушылығы төмен, шаршағыш, қабілетсіз , жалғыздықты жақсы көреді.
  8. Демонстративтік тип. Эгоцентризмі шексіз, өзіне көпшіліктің көңілін аударып отыруды, олардан мақтау естуді, ең болмаса басқалардың наразылығына бөленіп жүруді қажет етеді. Артистікке құмар, ашық-жарқын, экстровагантты, өз ерекшелігін көрсету үшін көп әрекет жасайды. Жалғандығы паталогиялыққа жақын, ассоциалдық әрекеттермен көзге түседі. Патологияда — истериялық психопатия.
  9. Циклоидтық тип (тұйықталып қалушылық). Балалық шақта гипертимдік типтен айырмашылығы жоқ. Пубертанттық кезеңде көптеген қиыншылыққа кездесумен байланысты көпшіліктен қашып, жекеленіп жүрумен ерекшеленеді. Бұл түрі көрініс бергендер майда-шүйдә сәтсіздіктерге өте көп көңіл бөлетіндер.
  10. Аффекті-экзальтациялық. Наразылық көрсетуге жақын, экзальтацияға, аффектіге бөленуі оңай, эмоцияға тез бөленетін, дінге берілген, педант, кекшіл, жәбірленгенін, ренжіткенді ұзақ уақыт ұмытпайтын, өкпелегіш болады. Осы көрсеткіштер негізінде жабысқақ идеялар жиі пайда болуы мүмкін, ішкі кернеуі күшті, кейде аффект жағдайында болады. Агрессия көрсетуі мүмкін. Паталогияда параноялды психопат.

Жеткіншектерде кездесетін акцентуацияны және мазасыздануынкөптеген түрлергебөліпқарастырады. Оның түрлерін нақты анықтау үшін Шмишек, Басса-Дарки т.б. әдіс-тәсілдері қолданылады. Олардың бірнешуі төменде берілген. Сонымен іс-тәжірибе барысында мектептегі оқитын бастауыш сынып оқушыларының қарым — қатынас барысында шешілмеген мәселелермен жиі кездесіп отыратындығымен соқтығыстық. Егерде кіші мектеп жасында мұндай дефектілер белгілі бір бұзылысқа әкелмегенімен жеткеншектік немесе жасөспірімдік кезеңде белгілі бір қарама — қайшылықтарға келтіруі мүмкін. Сонымен қатар, өтпелі кезеңнің балалардың педагогтар назарынан тыс барлық мәселелерін тереңдетіп жіберетіндігі белгілі. Бірақ, әрбір «мәселені» бала өздерінің ерекшеліктерімен де, басынан кешіріп отырған қиындық сипатымен де, дамуының әлеуметтік жағдайымен де дара. Сондықтанда оларға жүргізілетін диагностикалық бағдарлама баланың өмір жағдайы мен психологиялық дамуының түрлі жақтарын анықтауға бағытталған болуы керек.