- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда сыныптан тыс табиғатқа жүргізілген ұзақ мерзімді бақылаулар оқушыларыдң байқағаштығының, дүниетанымын дамытады. Жыл мезгілдеріне байланысты топсаяхатқа шыққанда жүргізілетін бақылау; жыл мезгілдеріне байланыстыауа райында, өсімдік, жануарлар тіршілігінде, адам еңбегінде болатын өзгерістерді бақылау осыған жатады.
Шағын комплектілі мектепте топсаяхатты ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері бар. Топсаяхатқа үш сынып оқушылар қосылып, бірге шығады. Бірақ әр сыныптың топсаяхатты атқаратын жұмысы мен бақылайтын объектілерінің мазмұны әртүрлі, әр сынып оқушыларына жеке-жеке тапсырма беріліп, әртүрлі мақсат қойылады. Соған сәйкес оқушылардың зейінін тек өздеріне керекті объектілерді бақылауға ғана жұмылдару міндеті қойылады. Сондықтан да мұғаліім әр сынып бойынша бақылауға тиісті құбылыстарды, не заттарды, жинауға тиісті материалдарды алдын ала ойластырады.
Шағын комплектілі мектепте нәтижелі білім беруді жүзеге асыруда практикалық әдісті кеңінен қолдануға тура келеді. Бұл әдісті қолданғанда оқушылар тікелей өздерінен сабаққа және үй тапсырмасын орындау кезінде де, топсаяхат барысындада пайдаланады. Парктикалық әдіс оқушылардың сабақты алған теориялық білімін іс жүзінде қолдануды жүзеге асырады.
- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда практикалық әдістер сұлбаны, шартты белгілерді қолданып, сызу жұмыстары орындалды. Мектеп ушашкесіндегі жұмыс түрлері, ауылды жерлердегі мал шаруашылығына көмек, түрлі тәжірибелер және т.б. жаттығулар арқылы да практикалық әдіс жүзеге асады. Тәуліктік жұмыс құрылымы: сабақтар, демалыс, өз бетімен дайындалу, сыныптан тыс жұмыс. Таңертеңгілік мезгіл әдетте сабақтарға беріледі. Сабақтардан кейін демалып, тамақ ішуге 3 сағат бөлінеді, содан кейін оқушылар келесі күннің сабағана әзірленіп, әркім өз қалауларына қарай серуенге шығады. Бастауыш сынып оқушылары көп қозғалып, қарым-қатынас жасау керек. Олардың ішкі сезімдерін сыртқа шығаруға жағдай жасалған дұрыс.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда ойын, баланы жалпы демалатын ойындар, қарым-қатынас кезінде байланыстардың күптігі, эмоцияларын еркін көрсетуге жағдай жасау, мазмұнның жаңалығы шаршағанды басады. Ол күнде белгілі бір уақытта өткізілу керек. Оның ұзақтығы нормативтерден аспауы тиіс. Үй тапсырмаларының көбін оқушылар ұзартылған күн тобында орындағандары жақсы.
Өздігінен дайындық – шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда оқу процесін ұйымдастырудың негізгі формасы. Бұл міндетті күнделікті сабақта оқушылар оқу тапсырмаларын қатаң түрде белгіленген уақыт ішінде өз бетімен орындайды.
Тәрбиеші өздік жұмысқа керекті тәртіпті ұстайды. Балаларды өз бетімен істейтін ақыл-ой жұмысы техникасына үйрету керек. Ол үшін балаға өзіндік жұмысты орындау жөнінде нұсқаулар беріледі. Қиын тапсырмалар өздігінен дайындық жұмысының басында орындалады.
Сабақтан кейінгі тапсырмалар тез орындалады. Ал есептерді жаттауға әзірлік 2-3 рет өтеді. Керек емес затар оқушыларды алаңдатады. Сондықтан столдың үстінде тек қана сабаққа керекті заттар болу керек. Қатаң тәртіп және тыныштық сабақты орындауға зейінді шоғырландыруға жақсы көмекесмеді. Сабақ пен өзін-өзі дайындық арасында тығыз байланыс бар. Өздігінен әзірліктің ерекшелігі әр оқушы алған тапсырманы өз бетімен орындап, қиындықты жеңеді.
Өздігінен әзірліктің табысты болуы сыныпта тақырыптың бекітілуіне байланысты. Сонымен мұғалім оқушыларға сапалы білім беріп, өздігінен дайындыққа негіз жасайды.