Өзіндік жұмыс, түрлері және оны математиканы оқытуда ұйымдастырудың әдістемесі

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда өздік жұмыс- оқушылардың білім, іскерлік, оларды практикада қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы қатынасынсыз өткізілетін іс-әрекеті. Өздік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып, өз ісімен шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда өздік жұмыстар сынып-комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде бар. Бекіту және қайталауға 60%,20% жаңа материалды меңгеруге, 20%байқауға беріледі.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын тапсырмалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру үшін керек. Оларды оқыту үшінде қолдануға болады. Тексере- оқытамыз деген ереже жұмыс істейді. Барлық өздік жұмыстардың орындалуы тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа материалды қабылдап түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін ,қайталауға,алдын-ала оқуға және бақылауға, сурет иллюстрация қарауға, көргендерін жазуға, мәліметтер табуға тапсырмалар беріледі. Оны дайындық жаттығулары дейді.

Егер оқушы оқи алып, оқығанын түсінсе, онда өздік жұмысты жаңа білімді меңгеру үшін де қолдануға болады. Егер мұғалім қатесіз оқу және оқығанын түсіну дағдысын қалыптастырса онда бағдарламаны меңгеріп,басқа жұмыстарға уақыт табуға болады.

Бір сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті жоқ. Ең алдымен оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалынан өздік жұмысқа оқушыларға түсінікті және әлі келетіндерді болу шарт. Іс-әрекет түрін жиі ауыстыру нәтижені нашарлатып, уақыт көп кетеді.

1-4 сынып оқушылары үшін төмендегідей өздік жұмыс түрлері белгіленген.

жаңа материалды оқығанда орындалатын дайындық жаттығулары оқу бойынша (қайталау,карточка,таблицамен жұмыс)

бұрын меңгерілген білімге ұқсас жаңа материалды өз бетімен оқу үшін мұқият нұсқау беріледі.

Алгоритмдік кесте, нұсқауларға сүйеніп іс-әрекет тәсілдерін меңгеру мақсатымен жаттығулар орындату, осы арқылы бекіту жүреді:

алуан түрлі жаттығулар

оқу материалының барлық бөлімдерін меңгерген соң тексеретін, бақылайтын тапсырмалар беру.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда өздік жұмыстың ауызша және жазбаша түрлері бар. Ауызшаны сирек,тек жағдай болғанда өткізеді. Мысалы, бос бөлме болса, 2-3 бала фонетикалық жаттығулар орындай алады, жаңа өлеңді айтады, тақпақты жаттап, көрініске әзірленеді. Жазбаша өздік жұмыстарда көрсету, есту, қозғалыс, яғни естің барлық түрлеріне жұмыс істету керек.

Бір сарынды, іш пыстыратын тапсырмаларды бермеген дұрыс. ӨЗдік жұмыс ұзақтығы көп себептерге байланысты. Ең алдымен тапсырманың көлемі және күрделілігі ескеріледі. Оқушылар жаңа материалмен жұмыс істей бастаса, онда өздік жұмыс шағын болады,себебі, оны орындауға көп уақыт кетеді. Тапсырманы орындау техникасы төмен болса, жаңа материалды қабылдауға оқушылар әзір емес болса, онда ақыл-ой, практикалық жұмысқа, өздік жұмысқа көп уақыт кетеді.

Бірте-бірте өздік жұмыс ұзақтығын көбейтуге болады және көбейту керек, тапсырманы өте көптеу, күрделілеу берген дұрыс. Күнде жаттыққан соң оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады. Бірақ көп уақыт жұмыс істетіп оқушыларды шаршатуғада болмайды. Себебі, мақсат төзімділікті тәрбиелеу емес, оқушыларға жанашырлықпен қарап оқыту.

  1. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда өздік жұмыс — оқушылардың білім, іскерлік, оларды практикада қолдану тәсілдерін меңгеруге бағытталған оқытушы қатысынсыз өткізілетін іс -әрекеті. өзіндік жұмыс балалардың белсенділігін дамытып өз ісімен зейінді шоғырландыра жұмыс істеуге, өзгені байқамауға үйретеді.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда өздік жұмыстар сынып комплектіде сабақтың барлық кезеңдерінде бар. Бекіту және қайталау 60%, 20% жаңа материалды меңгеруге, 20 % барқылауға беріледі.

Әр сабақта балаларға тексеретін, дайындайтын, оқытатын тапсырмалар беріледі. Тексеретін өздік жұмыстар білім, іскерлік, оларды қолдануды тексеру керек. Оларды оқыту үшін қолдануға болады. Тексере-оқытамыз деген ереже жұмыс істейді.

Барлық өздік жұмыстардың орындалуы тексеріледі. Тірек білімдер, іскерліктер жаңа материалды қабылдап түсіну үшін керек, сондықтан балаларға фактілерді салыстыруға, ережелерді, іс-әрекет тәсілдерін, қайталауға, алдын-ала оқуға және бақылауға, сурет йллюстрация қарауға, көргендерін жазуға, мәліметтер табуға тапсырмалар беріледі. Оны дайындық жаттығулары дейді.

Егер оқушы оқи алып, оқығанын түсінсе, онда өздік жұмысты жаңа білімді меңгеру үшін де қолдануға болады. Егер мұғалім қатесіз оқу және оқығанын түсіну дағдысын қалыптастырса онда бағдарламаны меңгеріп, басқа жұмыстарға уақыт табуға болады.

Бір сабақтағы өздік жұмыс санының регламенті жоқ. Ең алдымен оқушылардың мүмкіндігін ескеру керек. Оқу материалынан өздік жұмысқа оқушыларға түсінікті және әлі келетіндерді болушарт. Іс-әрекет түрін жиі ауыстыру нәтижені нашарлатып, уақыт көп кетеді.

Бірте-бірте өздік жұмыс ұзақтығын көбейтуге болады және көбейту керек, тапсырманы өте көптеу, күрделілеу берген дұрыс.

Күнде жаттыққан соң оқушылар өз бетімен жұмыс істей алады. Бірақ көп уақыт жұмыс істетіп оқушыларды шаршатуға да, болмайды.

Себебі, мақсат төзімділікті тәрбиелеу емес, оқушыларға жанашырлықпен қарап оқыту.