- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда жоспар жасау дегеніміз — оқыту мен тәрбие жұмысын жақсарту бағытында көптеген шараларды белгілеу, сабақтың тиімділігін арттырады. Бағдарлама, әдістемелік құрал, мектеп оқулығы және қосымша әдебиеттерді оқып әр сабақтың алдына білімділік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді қою керек. Тақырыпты ашуға керекті мәліметтерді іріктеу, оқуға керекті тірек білімдерді анықтау, негізгі материалдарды түсініп есінде қалу керек. Сабақтың барлық кезеңінде мұғаліммен оқушылар істейтін жұмыстарды, әсіресе жаңа білімдермен іскерліктерді меңгеру кезеңіндегі жұмыстары жоспарлау тиіс. Сабаққа керекті дидактикалық құралдарды, техникалық оқыту құралдарын дұрыс іріктеу, білім іскерлік дағдыларды бекіту, үй тапсырмасының мазмұнын, көлемін, формасын белгілеп оны орындау әдістемесін білу қажет. Күнтізбелік жоспарда барлық жалпы мектептік шаралар тоқсан, ай, апта, жеке күңдер бойынша орналастырылады.
Жоспардың түрлері:
- мектептің 3-5 жылға арналған перспективалық жоспары
- мектептің оқу – тәрбие жұмысының жоспары
- әдістемелік және сыныптан тыс жұмыстардың тоқсандық жоспары
- қоғамдық ұйымдардың жоспары.
Перспективалық жоспар аудандық (қалалық) оқу бөлімдерімен келісіледі.
- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту жылдық жоспарлар мамыр — маусым айларында жасалып, тамыз айындағы педагогикалық кеңесте бекітіледі.
Мектепті дамытудың перспективалық жоспары. Бұл жоспар аудандық үкімет органдарының жұмысын ескере отырып жасалады. Міндеті мектепті белгілі бір кезеңге дейін дамытатын басты жұмыстарды белгілеу.
Перспективалық жоспарда болатындар:
- Оқушылардың, сыныптың саны, шамамен бөлінетін қаржы.
- Түрлі пәндер бойынша керекті мұғалімдер.
- Мұғалімдердің біліктілігін көтеру кестесі.
- Құрылыс — жөндеу жұмыстары, кабинеттерді жабдықтау, кітаптар сатып алу т.б.
- Қаржы, сауда қызметі.
Перспективалық жоспарда мұғалімдердің біліктілігін көтеруге ерекше орын беріледі.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту математика бойынша білім, білік, іскерлік және дағдыларды бағалау нормалары. Осы тақырып бойынша оқушылар сабақты бақылауды, талдауды; дәстүрден тыс жоспарын құрастыру; қажетті құжаттарды (бағалау нормасы, сабақты талдау схемасы, бақылау, тест жұмыстары, күнтізбе жоспары, көрнекі құралдар, оқулық) қолдана білуі; сабақ жоспарын құрастыруды; сабақтан үзінді өткізуді; қосымша материалдарды қолдануды білуі тиіс.