ШКБМ оқушыларының математикалық білім, білік, дағдаларын меңгеру барысын ұйымдастыру

1.Шағын мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу негізінен сабақ арқылы жүреді. Мұғалім сабақты, бекітілген сабақ кестесі бойынша құрамы өзгермейтін оқушылармен өткізеді. Сыныпта әр жастағы оқушылар оқып, бір сабақта бірнеше пәннен алынған ұқсас тақырыптар түсіндіріледі. Сабақтар бір бөлмеде өтеді.

Шағын мектептегі сабаққа қойылатын жалпы талаптар, сабаққа қойылатын талаптармен бірдей. Санитарлық-гигиеналық, психология-физиологиялық, дидактикалық, тірбиелік талаптар қояды. Сабақ негізінен аралас сабақ түрінде өтеді. Жаңа білім,іскерліктердің меңгертудің жетек ші формалары-мұғалім басшылығымен жұмыс. Бұл жұмыстар сабақ уақытының

80-90%-ын алады.

Мұғалім басшылығымен жіне оның тікелей қатысуымен:

Кейбір дарындық жұмыстары.

Алдыңғы өздік жұмысқа сүйенетін жаңа материалды түсіндіру.

Жаңа материалды әңгімелесу-баяндау

Түсіндіру, әңгіме, нұсқау

Эвристикалық әңгіме

Дидактикалық ойындар

Жаңа материалды бірінші қабылдау,түсіну,бекіту

Білім деңгейін диагностикалау

Меңгерілген білім, іскерліктерді бақылау және түзету

Білімді қолданудың тиімді тәсілдерін корсету

Материалдарды тақырып бойынша жинақтау жұмыстары жүреді

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда мұғалім материалды терең және жан-жақты түсіндіруге уақыты жоқ, сондықтан кейбір оқу материалдарын мұғалім оқушыға өз беттерімен оқуды ұсынады.

Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы меңгеру процесін ұйымдастырудың мына түрлері кең тараған:

  1. Мұғалім материалды түсіндіріп, көрнекілікпен бекітеді. Ал оқушылар меңгереді.
  2. Оқушылар жаңа білім, іскерліктерді ізденіс іс-әрекеті, эвристикалық әңгіме, бақылау, фактілерді талдау, салыстыру арқылы мұғалім басшылығымен алады.

Ауылдық жерлерде шағын мектептер бар. Шағын бастауыш мектепте параллель сыныптар болмайды, оқушылардың саны аз. Сынып-комплект-сынып жетекшісі басқаратын сынып, онда екі, үш, төрт сынып болуы мүмкін.

2.Шағын комплектілі мектепте білім берудің тиімді әдістерінің қатарына бақылау әдісін жатқызамыз. Бірақ бұл әдісті осы мектеп жағдайында қолданылу әртүрлі жағдайы жолмен жүзеге асады. Көптеген авторлар (В.П.Горощенко, И.А.Степанов және т.б.) бақылау әдісімен көрнекілік әдісін жеке-жеке қарастырады. Солай бола тұрса да, әр түрлі көрнекіліктерді пайдалануда, онымен істелетін жұмыс барысында, бақылау әдісінің қолданылатының айтпай өте алмайды. Біз шағын комплектілі мектеб жағдайында көрнекіліктің қай тұрі сабақта қолдансақта оны бақылау әдісі арқыла жүзеге асырып, ондай жағдайда көрнекілік оқыту әдісінен гөрі білім беру құралына айналатынын дәлелдедік. Бақылау әдісін бүкіл көрнекіліктерді пайдаланудағы, сол бойынша оқушыларға ұғым берудегі бірден-бірі әдіс ретінде ұсынбақпыз. Шағын комплектілі мектептерде көбіне таратып беруге лайықты шағын картиналар мен открыткаларды пайдаланған қолайлы. Бақылау түрлері көп екені белгілі бір объектіге байланысты қысқаша мерзімді бақылау оған түрлі көрнекіліктер бойынша оқушылардың назарын аударып, байқауы арқыла жүзеге асады. Бұлардың бәрі де қысқа мерзімді бақылауға енеді.

Ф