- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, оқу-әдістемелік топтаманың құрамды бөліктерінің ішіндегі ең негізгі оқу құралы – оқулық. Онда әрбір сабаққа лайықталған материалдар жеке беттерде берілген немесе бір-біріне тәуелсіз түрде нөмерленген. Әр сабақтың үлесіне тиетін жаттығулар мына мәселелерді қамтиды: бұрын өтілген білімді жүйелі түрде тиянақтауға бағытталған, қалыптастырылуы тиісті білікпен дағдыларды жетілдіре түсуге арналған; тікелей жаңа материалды өтуге дайындық сипатындағы түсіндірумен және бекітумен; қандай деңгейде игергендігін тексеру мен байланысты және ілгеріде қарастырылуы тиісті қандайда бір жаңа мәселені оқып үйренуге алдын-ала дайындауды жүзеге асыратын; қалыптан тыс (үйреншікті формада емес) түрде ұсынылатын және оқушылардың тапқырлық немесе зерделік танытуын әр алуан бағыттағы шығармашылық ізденісті талап ететін тапсырмаларды қамтиды. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқытуда, оқулықтың басты ерекшеліктерінің бірі – оқу және тәрбие мәселелерін ұштастыру тұрғысынан алғанда материалдарды мүмкіндігінше тиімді іріктеудің ескерілуі.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, оқулықпен етене бірлікте болатын және өте тығыз байланысты құрал – математика дәптері. Осы құралдың мақсаты – сабақ үстінде оқушылардың практикалық білім мен дағдыларын қалыптастыру және білім деңгейін анықтау. Оның міндеті жүйелі түрде әр сабақта қолданылу арқылы цифрларды және мысалдардың, жаттығулардың, есептердің шешімдерін жазуға үйренуді және тексерумен сынақ жұмыстарын орындаудың рет тәртібін игеруді қамтамасыз ету.
Оқулықпен дәптерлерді толықтыра түсетін оқу-әдістемелік топтаманың құрамды бөлігі “Математикадан дидакткиалық материалдар. 1 — сынып” атты құрал. Оның мақсаты – математика сабақтарында бағдарлама талабына сәйкес оқушылардың игеруі тиісті білім, білік және дағдыларды қалыптастырумен байланысты өзіндік жұмыстарды ұйымдастыруға арналған.
Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, оқу құралы бағдарлама мен оқулыққа сәйкестендірілгендіктен, ондағы тапсырмалар күнтізбелік – тақырыптық жоспарға орай бір апта (4 сағатта) ішінде оқып үйренген негізгі мәселелерді тиянақтай түсуге және қайталауға лайықталған, күнделігі тұрғысынан төрт деңгейге дайындалған.
“Шағын комплектілі мектеп үшін математикалық таблицаларды” атауға болады. Жоғарыда келтірілген деректерден шағын камплектілі мектептердегі оқу-әдістемелік проблемалардың біразы қолға алынып, мұғалімдер қауымына теориялық жағынан да, әдістемелік тұрғадан да елеулі көмек көрсетілгенін байқау қиын емес. Жалпы мәселелерді сөз етумен бірге осы зертеу жұмысының басы қасында болып, ұйымдастырушылық басшылық жұмыс атқарғандықтан, оның ішінде оқытылу жүйесін зетрреуге тікелей қатыстық. Бұл мектептердегі оқу-тәрбие мәселесіне бақылау жүргізу осы типті мектепке тән оқыту ерекшеліктерін айқындау мақсатынан туды. Шағын комплектілі мектеп ерекшеліктері оқуды ұйымдастыру мәселесінде де, оқытудан әдістемелерді қолдану барысында да байқалып тұрады.