- Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, жалпыға бірдей міндетті орта білім беру жүйесіне көшу ісін жүзеге асыруда бүкіл арнаулы білім беретін мектептердің оқу сапасын онан әрі жақсарту, оқушылардың сауаттылығын арттыру мақсаты және мұғалім қауымына оқыту барысында ізденушілікті күшейту міндеттері жүктелді. Бұл салада әсіресе ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысын жақсарту, оқушылардың білім деңгейін көтеру назарда тұрған негізгі мәселелердің бірі болатын. Ауыл мектептерінің оқу-тәрбие жұмысында жедел шешімді керек ететін проблемалар жеткілікті еді. Соның бірі — шағын комплектілі мектептердегі бастауыш сыныптың оқу ісімен байланысты туындады.
Қазақстанда 1970-84 оқу жылдары аралығыңда шағын комплектілі бастауыш мектептер сан жағынан біршама дамыған кезі еді. Республикадағы бүкіл бастауыш мектеп саны 1705 болса, соның 1198-і шағын комплектілі болды. Мұның себебі, республикамызда мал шаруашылығының басым орын алуына байланысты болатын. Мұндай мектептер әсіресе мал шаруашылығы өркендеген облыстарда кең етек алды. Мысалы, Ақтөбе облысында — 120, Қостанай облысында — 153, Батыс Қазақстанда — 158, Целиноград облысында — 78, Көкшетау облысында — 102, Павлодар облысында — 86 шағын комплектілі бастауыш мектеп жұмыс істеді. Ал қазіргі танда шағын комплектілі мектептер саны азайып кетті. Дегенмен, Қазақстан жағдайында шағын комплектілі мектептер мүлде жойылып кетуге тиіс емес. Бұл жағдай шағын комплектілі мектеп проблемасын жеке қарастыруды қажет етеді.
- Білім кеңестігіне даму ортасы ретінде шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту енгізілуі құраушылардың аралық қарым-қатынасының барысында мынадай анықталған қасиеттрмен қамтылады:
-қоғамның, қоршаған ортаның, оқушының өзгертілген сұраныстарына сәйкес білім беру құрылымының өзгеру қажеттілігіне қарай, тез қайта құрылу қабілетінің икемділігі; қарым-қатынас біріккен іс-әрекет арқасында көрінетін және оған енетін түзгәштердәң үздіксіздігі.
— оқушыға білім беруде қызмет көрсету сұраныстарына сәйкес дамыту ортасында өзгеруін қарастыратын икемділігі;
-тәрбие тапсырмаларын шешу арқылы, оған кіретін құрылымның біріккен іс-әрекетін күшейтуде қамтамасыз ететін бірлікті ықпалдастыру.
Даму ортасының негізінде тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететін білім беру мекемесі баланың, тұлғаны дамытуда оның жеке ерекшелік мүмкіндіктерін ашу, таным белсенділігін қалыптастыру мақсатында мынадай міндеттерді шешуді қарастырады.:
-баланың ішкі белсенділігін дамытуға арналған қажетті мүмкіндіктер жасау;
-әр балаға оның жеке дара қасиеттері мен қабілеттерін ашатын өмір сүруге қажетті сфераларға орнығуына мүмкіндік көрсету;
-әр баланың тұлғалық ерекшеліктерін ашып көрсетуде және оны дамытуда көмегін тигізетін жаңа жолдар мен құралдарды іздестіру.
Оқулықпен жұмыс істеуді шағын комплектілі мектеп жағдайында өзіндік ерекшелігі бар. Шағын комплектілі бастауыш мектепте математиканы оқыту, математика сабағында оқулықтағы тақырыпты дауыстап оқудан гөрі, іштен оқі басымырақ болады. Бұл тәсілдің (іштей оқудың) тиімді тиімсізде жақтары бар. Тиімділігі – оқушылар бір-біріне кедергі жасамай, олардың дербестігі қамтамасыз етіледі. әрқайсысы жеке оқып өз ойларын қорытуға мүмкіндік алады. Тиімсіздігі бастауыш сынып оқушыларына дауыстап оқу өте қажетті. Жүргізіп мәнерлі, саналы түсініп оқу талаптарын сақтау тек дауыстап оқу үстінде жүзеге асады. Сонымен қатар, оқушылар бір-бірін бақылауға жаттығып, зейінмен тыңдауға дағдыланады. Ал, үнемі іштей оқитын болса бұл талаптарды қадағалауға, мүмкіндік болмай оқушылардың термин сөздерді де қате түсінуіне жол беріледі.