1.Конкурс-сабақ оқушы білімінің деңгейін сынауда аса үлкен қызмет атқарады. Ол оқушы ойының жетіктігін байқау мақсатында өткізіледі. Конкурс латынның соп-сигзиз — «жарыс» деген сөзінен алынған. Оның негізгі мағынасы жарысқа түсу, жарыста, жиында, топ ішінде сынасу дегендерді білдіреді. Оқушы білігінің іскерлігі осы конкурс-сабақпен өлшенеді. Мектептегі қазақ тілінен өтілетін бастапқы, мерзімді, қорытынды қайталау сабақтарын осы конкурс-сабақ түрімен өткізуге болады. Мұның өзі кластан-класқа көшу, мектеп бітіру емтихандарын нәтижелі аяқтауға ықпалын тигізеді. Сонымен бірге болашақ абитуриенттердің орта арнаулы және жоғары оқу орындарына түсу қажеттігін өтейді, соған дайындық жұмыстарын жүргізеді.
Конкурс тапсырмаларын пән мұғалімінің өзі дайындайды да, оны мектептегі әдіс бірлестігінің мәжілісінде бекітіп алады. Қазақ тілінен берілетін тапсырмалар теориялық және практикалық бағытта орындалады. Бұл тапсырмалар конвертке салынып, желімделеді. Конкурс-қа қатысып отырған неше топ болса, сонша нұсқада орындау тапсырмалары жазылады. Стол үстінде жатқан конвертті ашу үшін команда капитандары класс тақтасының алдына шығады. Конкурс тапсырмалары ауызша да, жазбаша да орындалады. Кейде тілдік тапсырмалары бар шығарма жаздырылады.
2.Жеке және қатар кластарда өткізілетін конкурс сабақтарынын, тақырыптарын, төмендегіше іріктеп алуға болады: сөйлем және оның түрлері, фонетика және орфография, үндестік заңы және орфоэпия, лексика және фразеология сөздерінің жасалуы, зат есім, зат есімнің жалғаулары, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, етістіктің шақтары мен райлары, үстеу, еліктеуіш сөздер, шылау сөздер, одағай, сөз тіркесі, сөйлемнің түрлері, түрлаулы мүшелер, сөйлемнің бірыңғай мүшелері, оқшау сөздер, жай сөйлемнің түрлері, салалас қүрмалас сөйлемдер және оның тыныс белгілері, сабақтас-қүрмалас сөйлем және оның тыныс белгілері, төл сөз бен төлеу сөз және олардың тыныс белгілері, тіл ұстарту түрлері т. б. Бұл оқыту түрін әр класта бір оқу жылы ішінде 8— ІО ал барлығы 40—50 конкурс-сабақ өткізуге болады.